БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-251/2020 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21770 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) тіндер банкі - медициналық қызмет бейініне сәйкес ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау қызметтерін көрсету бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде кейіннен трансплантаттау мақсатында тіндерді (тіннің бөлігін) алуды, дайындауды, консервациялауды, тасымалдауды, сақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік медициналық ұйым, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдар, сондай-ақ "Назарбаев Университеті" медициналық ұйымы.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Тіндерді (тіннің бөлігін) сақтауға пайдаланылатын үй-жайлар (аймақтар) "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) бекітілген санитариялық қағидаларға, гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
М. Шоранов |