Медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-252/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 желтоқсанда № 21778 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

      2. "Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық техниканың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 87 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13394 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 5 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-252/2020 бұйрығына
қосымша

Медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық бұйымдардың тізбесі

р/с № Медициналық бұйымның атауы

1

Көлік құралының шассиіне орнатылған стоматологиялық жылжымалы әмбебап рентген кешені

2

Диагностикалық тасымалданатын рентген аппараты

3

Флюорографиялық стационарлық цифрлық рентген аппараты

4

Маммографиялық рентген аппараты

5

Көлік құралының шассиіне орнатылған жылжымалы медициналық алғашқы көмек көрсету кешені

6

Диагностикалық рентген кешені (шығыру машинасымен жиынтықтағы)

7

Цифрлық радиологиялық жүйемен диагностикалық рентген кешені

8

Диагностикалық жылжымалы рентген аппараты

9

Көлік құралының шассиіне орнатылған маммографиялық жылжымалы әмбебап рентген кешені

10

Флюорографиялық стационарлық цифрлық рентген аппараты

11

Флюорографиялық жылжымалы цифрлық рентген кешені

12

Диагностикалық стационарлық рентген кешені

13

Цифрлық радиологиялық жүйемен диагностикалық стационарлық рентген кешені

14

Өкпені жасанды желдету аппараты

15

Капиллярлық қандағы глюкоза, холестерин және триглицеридтердің шоғырлануының жедел талдауыштары

16

Капиллярлық қандағы глюкоза шоғырлануының жедел талдауыштары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады