Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық техниканың тізімін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 наурызда № 13394 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-252/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.12.2020 № ҚР ДСМ-252/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 133-136–тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық техниканың тізімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметт Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 4 ақпандағы
№ 87 бұйрығына қосымша

Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық
техниканың тізімі

р/с

Медициналық техниканың атауы

1

Донорлық-диализдік кресло

2

Реанимациялық және кардио-реанимациялық бригадаларға арналған "Жылжымалы жедел медициналық көмек кешені"

3

6/12 арналы электрокардиограф, жиынтықта

4

3/6 арналы электрокардиограф, жиынтықта

5

1/3 арналы электрокардиограф, жиынтықта

6

Пациент мониторы портативті, жиынтықта

7

Пациент мониторының сенсорлы басқаруы бар портативті жиынтықта

8

Пациент мониторы, жиынтықта

9

Сенсорлы басқаруы бар пациент мониторы, жиынтықта

10

Бір арналы электрокардиограф, жиынтықта

11

Операциялық шам (диаметрі 600 мм кем емес шам күмбезі бар)

12

Операциялық шам (диаметрі 200 мм кем емес шам күмбезі бар)

13

Пульсоксиметр (балаларға арналған)

14

Пульсоксиметр

15

Пульсоксиметр (жиынтықта зарядталмаған шағын батареялары бар)

16

Операциялық шам (диаметрі 700 мм кем емес шам күмбезі бар)

17

Операциялық шам (диаметрі 500 мм кем емес шам күмбезі бар)

18

Феталды монитор, жиынтықта

19

Феталды монитор, жиынтықта (пульсоксиметриялық құрылғысы және бір рет пайдаланылатын электродтары бар)

20

Портативті медициналық сорғыш

21

Жылжымалы медициналық сорғыш

22

Феталды доплер (TFT графикалық дисплейі бар)

23

Феталды доплер (СК дисплейі бар)

24

Медициналық консоль, жиынтықта (бекіткіш фланеці, аспалы бекіткіші және бұрылмалы кронштейні бар)

25

Медициналық консоль, жиынтықта

26

Әмбебап операциялық үстел (ұзындығы 2050 мм)

27

Әмбебап операциялық үстел (ұзындығы 2100 мм)

28

Әмбебап операциялық үстел (ұзындығы 2150 мм)

29

Эндоскопиялық хирургияға арналған бейнекешен

30

Эксперт класты ультрадыбыстық диагностикалық аппарат

31

Ультрадыбыстық диагностикалық аппарат

32

Қос күмбезді операциялық шам

33

Жедел медициналық жәрдем және шұғыл жағдайларға арналған машиналар үшін өкпені жасанды желдеткіш портативті аппараты

34

Жуу-дезинфекциялау машинасы

35

Операциялық шам

36

Жоғары жиіліктегі электрохирургиялық коагулятор

37

Аргонды-плазмалы коагулятор

38

Дефибриллятор Монитор (инвазиялық емес артериалдық қан қысымы функциясы және капнография режимі бар)

39

Дефибриллятор Монитор

40

Автоматтты дефибриллятор

41

Эксперт класты ультрадыбыстық диагностикалық аппарат

42

Бу стерилизаторы

43

Бу стерилизаторы (жиынтықта, термопринтері және қағазы бар)

44

Керек-жарақтары бар жылжымалы рентген аппараты

45

3 секциялы медициналық функционалды кереует (бұрандалы көтергіші бар)

46

Инфузиялық сорғы

47

2 секциялы медициналық функционалдық кереует (жиектерінде кедергісі жоқ)

48

Биіктіктігін электромеханикалық реттегіші бар медициналық функционалдық кардио-реанимациялық кереует

49

Биіктіктігін электромеханикалық реттегіші бар медициналық функционалдық 4 секциялы травматологиялық кереует

50

Биіктіктігін электромеханикалық реттегіші бар медициналық функционалдық кардио-реанимациялық кереует (Тренделенбург және антитренделенбург латерантты көлбеу функциясы бар)

51

Биіктіктігін электромеханикалық реттегіші бар медициналық функционалдық 4 секциялы кереует (арқа секциясының биіктігін реттеуге арналған басқа пульті бар)

52

Биіктіктігін электромеханикалық реттегіші бар медициналық функционалдық 4 секциялы кереует

53

Биіктіктігін электромеханикалық реттегіші бар медициналық функционалдық кереует

54

Медициналық функционалдық 4 секциялы травматологиялық кереует

55

Медициналық функционалдық 4 секциялы кереует (металдан жасалған арқа және арқа секциясының, екі тұтқаның көмегімен жамбас және сирақтың жантаю бұрышын реттегіші бар)

56

Медициналық функционалдық 4 секциялы кереует (АВС пластиктен жасалған 2 арқасы және механикалық бекіткіштердің көмегімен аяқ секцияларын реттегіші бар)

57

Медициналық функционалдық 4 секциялы кереует (кез-келген қалыптан қайтару тетігі бар механикалық бекіткіштің көмегімен арқаның жантаю бұрышын реттегіші бар)

58

Медициналық функционалдық 4 секциялы кереует (қосымша орнатылған бамперлері бар АВС пластиктен жасалған 2 арқасы бар)

59

Медициналық функционалдық 4 секциялы кереует (металдан жасалған 2 арқасы бар)

60

Медициналық функционалдық 4 секциялы кереует

61

Биіктігін электромеханикалық реттегіші бар медициналық функционалдық кардио-реанимациялық балалар кереуеті

62

Латерантты көлбеуі бар медициналық көп функционалды 4 секциялы кереует

63

Оттегі бар редуктор-ингалятор

64

Биіктігін электромеханикалық реттегіші бар гинекологиялық кресло (қолмен басқару пультінің көмегімен арқа секциясының жантаюына электрлік көтергіші бар)

65

Босануға және босандыруға арналған кресло-кереует (жиегінде пластикті кедергісі, жататын орынның биіктігі мен арқасының жантаю бұрышын реттеуге арналған басқару пульті бар)

66

Босануға және босандыруға арналған кресло-кереует

67

Гинекологиялық кресло

68

Гинекологиялық кресло (механикалық бекіткіштердің көмегімен креслоның арқасының жантаю бұрышын реттегіші бар)

69

Биіктігін электромеханикалық реттегіші бар гинекологиялық кресло (аяқ басқару пультінің көмегімен арқа секциясының жантаю бұрышын электрлік көтергіші бар)

70

Дөңгелегі жоқ механикалық бұранда көтергіші бар гинекологиялық кресло

71

Әмбебап гинекологиялық кресло

72

Гинекологиялық кресло (инъекция үшін ысырмалы шынтақ таянышы бар)

73

Дөңгелегі бар механикалық бұранда көтергіші бар гинекологиялық кресло

74

Босануға және босандыруға арналған тіреуіші бар кресло-кереует

75

Биіктігін электромеханикалық реттегіші бар гинекологиялық кресло

76

Шағын процессоры бар 4 шамды ашық типті ұтқыр (жылжымалы) бактерицидтік сәулелендіргіш

77

2 шамды ашық типті ұтқыр (жылжымалы) бактерицидтік сәулелендіргіш

78

Керек-жарақтары бар рентген-диагностикалық медициналық кешен (бейнесі цифрлы өңделетін)

79

Керек-жарақтары бар рентген-диагностикалық медициналық кешен

80

Желілік бригадаларға арналған "Жылжымалы жедел медициналық жәрдем кешені

81

Керек-жарақтары бар рентген диагностикаға түсіретін кешен

82

Керек-жарақтары бар жылжымалы рентген аппарат

83

4 шамды ашық типті ұтқыр (жылжымалы) бактерицидті сәулелендіргіш

84

Көлік құралының шассиіне рентген стоматологиялық жылжымалы әмбебап кешен

85

Рентген диагностикалық жылжымалы аппарат

86

Рентген флюрографиялық стационарлық цифрлық аппарат

87

Рентген маммографиялық аппарат

88

Көлік құралының шассиіне бастапқы медициналық көмектің жылжымалы кешені

89

Рентген диагностикалық кешен (жиынтығында айқындағыш машинасы бар)

90

Цифрлық радиологиялық жүйесі бар рентген диагностикалық кешен

91

Жылжымалы рентген диагностикалық аппарат

92

Көлік құралының шассиіне рентген маммографиялық жылжымалы әмбебап кешені

93

Рентген флюорографиялық стационарлық цифрлық аппарат

94

Рентген флюорографиялық жылжымалы цифрлық кешен

95

Рентген диагностикалық кешен

96

Цифрлық радиологиялық жүйесі бар рентген диагностикалық кешен

97

Өкпені жасанды желдету аппараты

98

Капиллярлық қандағы глюкозаның, холестериннің және триглицеридтердің шоғырлануын экспресс-талдауыш

99

Капиллярлық қандағы глюкозаның шоғырлануын экспресс-талдауыш


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады