ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 31.12.2020 дейін (осы бұйрықтың 4 т. қараңыз).
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына және "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 35-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12608 тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтарда "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында:
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады және ресми жариялауға тиіс.
Министрдің міндетін атқарушы | Н. Дауешов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері
Р/с№ | Республикалық бюджеттен субсидия мөлшері (пайыз %) | Ұйымдар атауы |
1 | 2 | 3 |
1. | 96 % | "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" КЕАҚ |
2. | 94 % | "Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" РМҚК |
3. | 94 % | "М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" РМҚК |
4. | 85 % | "М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры" РМҚК |
5. | 96 % | "Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" РМҚК |
6. | 91 % | "Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" РМҚК |
7. | 100 % | "Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" РМҚК |
8. | 100 % | "Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры" РМҚК |
9. | 96 % | "Республикалық неміс драма театры" РМҚК |
10. | 99 % | "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" РМҚК |
11. | 99 % | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" РМҚК |
12. | 98 % | "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" РМҚК |
13. | 99 % | "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі" РМҚК |
14. | 97 % | "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" РМҚК |
15. | 99 % | "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК |
16. | 100 % | "Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры" РМҚК |
17. | 99 % | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі" РМҚК |
18. | 96 % | "Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі" РМҚК |
19. | 90 % | "Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" РМҚК |
20. | 98 % | "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" РМҚК |
21. | 99 % | "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" РМҚК |
22. | 99 % | "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" РМҚК |
23. | 98 % | "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" РМҚК |
24. | 99 % | "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі" РМҚК |
25. | 96 % | "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі" РМҚК |
26. | 95 % | "Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" РМҚК |
27. | 100 % | "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі" РМҚК |
28. | 97 % | "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" РМҚК |
29. | 99 % | "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі" РМҚК |
30. | 100 % | "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМҚК |
31. | 100 % | "Бейбітшілік және келісім музейі" РМҚК |
32. | 100 % | "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК |
33. | 100 % | "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК |
34. | 100 % | "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК |