Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына және "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2021 № 381 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтың актілерінің эталонда бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 18 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 21 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығымен Бекітілген |
Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына,
музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидалары
1. Осы Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабы 5-тармағына және "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-7) тармақшасына сәйкес әзірленген және республикалық және жергілікті бюджеттен мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеудің тәртібін (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2021 № 381 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Залалдарды өтеуге бюджеттік субсидиялар республикалық және жергiлiктi бюджеттен бөлінеді және залалдарды пайыздық өтеуге (қызметтердің құнын арзандатуға) арналады:
1) мемлекеттік театрларға, цирктерге, концерттік және мәдени-демалыс ұйымдарына тұрғындар үшiн театрлық, цирктік, мәдени-демалыс іс-шараларын, республика тұрғындарының барлық топтарына концерттік іс-шаралардың қол жетімділігін қамтамасыз ету, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға;
2) мемлекеттік музейлерге мәдени құндылықтардың сақталуын, есебін, қалыптастырылуын және қайта қалпына келтірілуін қамтамасыз етуге.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрi – бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi) бюджеттiк субсидияларды бөлу меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал көлемін шегере отырып, мемлекеттiк театрлардың, концерттік ұйымдарының, мәдени-демалыс ұйымдарының, музейлердің және цирктердің залалын өтеуге бағыттау арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 04.12.2018 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Республикалық бюджеттен бюджеттік субсидияларды төлеу, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте республикалық театрлардың, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері осы Қағидаларға 1-1 қосымшада көрсетілген мөлшерден аспайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.02.2021 № 32 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен бюджеттiк субсидиялар төлеу, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Субсидиялар меншікті қаражат есебінен өтелетін залал мөлшерін қоспағанда, ұйымдардың шығындарын өтеуге бөлінеді.
6. Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi бюджетті атқару жөнiндегi орталық және жергілікті уәкiлеттi орган қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекiткеннен кейiн он бес жұмыс күні iшiнде мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге бөлiнетiн бюджеттiк субсидиялар көлемi туралы мәлiметтердi жеткiзедi.
7. Мемлекеттiк театрлар, концерттік ұйымдар, мәдени-демалыс ұйымдары, музейлер және цирктер алатын бюджеттiк субсидиялар екiншi деңгейдегі банктерде өздерi ашатын ағымдағы шотқа есепке алынады.
8. Мемлекеттiк театрлар, концерттік ұйымдар, мәдени-демалыс ұйымдары, музейлер және цирктер бюджеттiк субсидиялар алу үшiн бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiне:
1) жыл сайын, ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша алынған бюджеттiк субсидиялар көлемiнiң негiзiнде алдағы жылға арналған көрсетiлетiн қызметтер бойынша кiрiстер жоспары және шығыстар жоспары бекiтiлген есебiн;
2) ай сайын, айдың 25-күнiнен кешiктiрмей осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдағы айдың залалдарын жабу есептерiн бередi.
9. Мемлекеттiк театрлар, концерттік ұйымдар, мәдени-демалыс ұйымдары, музейлер және цирктер жыл сайын, есептi кезеңнен кейiнгi үшiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне даму жоспарларының орындалуы бойынша бекітілген есептерді беруді қамтамасыз етедi.
Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларына 1-қосымша |
Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері
Ескерту. 1-қосымша 31.12.2020 қоса алғанда қолданыста болды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 11.12.2020 № 338 бұйрығымен.
Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени- демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларына 1-1-қосымша |
Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері
Ескерту. Қағидалар 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.02.2021 № 32 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.05.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Р/с № | Республикалық бюджеттен субсидия мөлшері (пайыз %) | Ұйымдар атауы |
1 | 2 | 3 |
1. | 92% | "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" КеАҚ |
2. | 90% | "Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры" РМҚК |
3. | 90% | "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры" РМҚК |
4. | 85% | "Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры" РМҚК |
5. | 87% | "Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" РМҚК |
6. | 90% | "Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" РМҚК |
7. | 97% | "Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры" РМҚК |
8. | 95% | "Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры" РМҚК |
9. | 96% | "Республикалық академиялық неміс драма театры" РМҚК |
10. | 95% | "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" РМҚК |
11. | 97% | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" РМҚК |
12. | 93% | "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" РМҚК |
13. | 90% | "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі" РМҚК |
14. | 97% | "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" РМҚК |
15. | 93% | "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК |
16. | 95% | "Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" РМҚК |
17. | 90% | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі" РМҚК |
18. | 90% | "Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі" РМҚК |
19. | 88% | "Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" РМҚК |
20. | 98% | "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" РМҚК |
21. | 98% | "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" РМҚК |
22. | 98% | "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК |
23. | 98% | "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК |
24. | 85% | "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей-қорығы" РМҚК |
25. | 95% | "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы" РМҚК |
26. | 70% | "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК |
27. | 95% | "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы" РМҚК |
28. | 90% | "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК |
29. | 97% | "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы" РМҚК |
30. | 95% | "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМҚК |
31. | 98% | "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК |
32. | 98% | "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК |
33. | 98% | "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК |
Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
КеАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларына 2-қосымша |
нысан
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20_____жылғы көрсетiлетiн қызметтер бойынша кiрiс жоспары
Р/с | спектакльдердiң, концерттердiң саны (дана) | көрермендердiң саны (мың адам) | кiрiстер (мың теңге) | ескертпе | ||
билет сатудан | жалға беруден | өзге де | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларына 3-қосымша |
нысан
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20_____жылғы шығыс жоспары
мың теңге
Р/с | көрсеткiштердiң атауы | сомасы | ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларына 4-қосымша |
нысан
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20___жылғы ____ айына залалдарын жабу есебi
мың теңге
Р/с | Өткізілетін қызметтердiң құны | Меншiктi кiрiстердiң сомасы | Субсидиялардың сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 |