Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын, оның ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін олардың анықталған жері бойынша кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін тіркеу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-284/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21841 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 42 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 106-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 42 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын, оның ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін олардың анықталған жері бойынша кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін тіркеу тәртібі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 42 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 20 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-284/2020
бұйрығымен бекітілген

Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын, оның ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін олардың анықталған жері бойынша кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін тіркеу тәртібі

      Ескерту. Тәртіптің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 42 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын, оның ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін олардың анықталған жері бойынша кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін тіркеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 106-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 42 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Тәртіпте мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) жіті кәсіптік ауру – зиянды кәсіптік факторлардың бір рет (бір ауысымнан аспайтын уақыт ішінде) әсерінен кейін пайда болған ауру;

      2) кәсіптік ауру – жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған жіті немесе созылмалы ауру;

      3) созылмалы кәсіптік ауру – зиянды өндірістік факторлардың көп рет және ұзақ уақыт әсер етуінен кейін пайда болған ауру.

2 тарау. Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын, оның ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін олардың анықталған жері бойынша кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін тіркеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 42 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жіті кәсіптік аурудың және (немесе) уланудың әрбір оқиғасына алдын ала диагнозды қоюда медициналық ұйым "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 21579 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша хабарлама толтырады, осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген, тігілген кәсіптік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын есепке алу журналына тіркейді.

      Жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты улануы кәсіптік улану болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.03.2022 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жұмыскердің жіті кәсіптік ауруы және (немесе) улануы туралы хабарламаны медициналық ұйым диагноз қойылған сәттен бастап жиырма төрт сағаттың ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) және науқастың жұмыс орны бойынша ұйымның басшысына (жұмыс берушіге) жібереді.

      Созылмалы кәсіптік ауруы және (немесе) улануы туралы алдын ала диагноз туралы хабарламаны медициналық ұйым диагноз қойылған сәттен бастап үш жұмыс күн ішінде аумақтық бөлімшеге және науқастың жұмыс орны бойынша ұйымның басшысына (жұмыс берушіге), сондай ақ кәсіптік патология және сараптама саласындағы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына жібереді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.03.2022 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жіті кәсіптік аурудың және (немесе) уланудың диагнозы өзгерген немесе жойылған кезде медициналық ұйым жиырма төрт сағат ішінде аумақтық бөлімшеге және жұмыс берушіге жаңа хабарлама жібереді және осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген, тігілген кәсіптік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын есепке алу журналына тіркеледі.

      6. Созылмалы кәсіптік ауруды кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – кәсіптік денсаулық клиникасы) құрылған, кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтауға сараптама жүргізетін кәсіптік патологиялық сараптама комиссиялары анықтайды.

      7. Кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтауға сараптама жүргізетін кәсіптік денсаулық клиникасы созылмалы кәсіптік аурудың әрбір оқиғасына Кодекстің 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін нысан бойынша кәсіптік ауру туралы хабарлама толтырады.

      8. Созылмалы кәсіптік ауру туралы хабарлама диагноз қойылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшеге, науқасты кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтау сараптамасына жіберген медициналық ұйымға және зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлармен байланыстағы науқастың соңғы жұмыс орны бойынша жұмыс берушіге, оның ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін жіберіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 42 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Созылмалы кәсіптік ауру диагнозы өзгерген немесе жойылған кезде үш жұмыс күні ішінде кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтауға сараптама жүргізген кәсіптік денсаулық клиникасы аумақтық бөлімшеге, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлармен байланыстағы науқастың соңғы жұмыс орны бойынша жұмыс берушіге және науқасты кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтау сараптамасына жіберген медициналық ұйымға жібереді.

      10. Кәсіптік ауру туралы хабарламаның бір данасы "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 18 қарашада № 15997 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 21 қарашасында жарияланған) 419-тармағына сәйкес кәсіптік денсаулық клиникасында тұрақты сақталады.

      11. Созылмалы кәсіптік ауру анықталғаннан кейін науқастың деректерін кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтауға сараптама жүргізген кәсіптік денсаулық клиникасының мамандары осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген, тігілген кәсіптік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын есепке алу журналына тіркейді.

      12. Кәсіптік денсаулық клиникасы ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күні аумақтық бөлімшеге кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың барлық оқиғалары бойынша деректерді ұсынады.

      13. Аумақтық бөлімшелер кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың барлық оқиғалары бойынша деректерді "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген кәсiптік ауруларды (улануларды) есепке алу карталарына сәйкес есепке алады.

      Ескерту. 2-тарау 13-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.03.2022 № ҚР ДСМ-23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Денсаулық сақтау
субъектілерінің кәсіптік
аурулардың және (немесе)
уланудың, оның ішінде
жұмыскердің өз еңбек
(қызметтік) міндеттерін не
жұмыс берушінің мүддесі үшін
өз бастамасы бойынша өзге де
әрекеттерді орындауына
байланысты жұмыскерге зиянды
өндірістік факторлардың әсер
етуіне байланысты кәсіптік
ауруларға және (немесе) улануға
күдіктенудің барлық
оқиғаларын, оның ішінде жұмыс
берушімен еңбек қатынастары
тоқтатылғаннан кейін олардың
анықталған жері бойынша
кәсіптік патология және
сараптама саласында
мамандандырылған
медициналық көмек көрсететін
тіркеу тәртібіне қосымша

Кәсіптік аурулар және (немесе) уланулар оқиғаларын есепке алу журналы
Журнал учета случаев профессиональных заболеваний и (или) отравлений

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 42 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Басталды (Начат) "____"______________________________(г.)

      Аяқталды (Окончен) "____"___________________________(г.)

Тіркеу нөмірі
Регистрационный номер

ТАӘ (болған жағдайда) ФИО (при наличии)

Жынысы Пол

Жасы Возраст

Ұйымның атауы Наименование организации

Цех, бөлімше, учаске Цех, отделение, участок

Кәсібі Профессия

Жұмыс өтілі Стаж работы

Жалпы еңбек өтілі Общий стаж работы

Кәсіби ауруды туғызған өндірістік зиянды факторлармен жанасуда болған В контакте с вредными производственными факторами, вызвавшими профессиональное заболевание состоял

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Өндірістік зиянды факторлар Вредные производственные факторы

Диагнозы Диагноз

Қорытынды диагнозды қойған ұйымның атауы Наименование организации, установившей окончательный диагноз

Ескерту Примечание

10

11

12

13





      Ескертпе:

      ТАӘ – Тегі, аты, әкесінің аты;

      ФИО – Фамилия, имя, отчество;

     

Об утверждении порядка регистрации субъектами здравоохранения оказывающими специализированную медицинскую помощь в области профессиональной патологии и экспертизы по месту их выявления всех случаев профессиональных заболеваний и (или) отравлений, в том числе подозрений на профессиональные заболевания и (или) отравления, обусловленные воздействием на работника вредных производственных факторов в связи с выполнением работником своих трудовых (служебных) обязанностей, либо иных действий, по собственной инициативе в интересах работодателя, в том числе после прекращения трудовых отношений с работодателем

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-284/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 декабря 2020 года № 21841.

      Сноска. Наименование - в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 28.06.2024 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 106 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 28.06.2024 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемый порядок регистрации субъектами здравоохранения оказывающими специализированную медицинскую помощь в области профессиональной патологии и экспертизы по месту их выявления всех случаев профессиональных заболеваний и (или) отравлений, в том числе подозрений на профессиональные заболевания и (или) отравления, обусловленные воздействием на работника вредных производственных факторов в связи с выполнением работником своих трудовых (служебных) обязанностей, либо иных действий, по собственной инициативе в интересах работодателя, в том числе после прекращения трудовых отношений с работодателем.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 28.06.2024 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Комитету санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Цой

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда и социальной
защиты населения Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министр здравоохранения
Республики Казахстан
от 20 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-284/2020

Порядок регистрации субъектами здравоохранения оказывающими специализированную медицинскую помощь в области профессиональной патологии и экспертизы по месту их выявления всех случаев профессиональных заболеваний и (или) отравлений, в том числе подозрений на профессиональные заболевания и (или) отравления, обусловленные воздействием на работника вредных производственных факторов в связи с выполнением работником своих трудовых (служебных) обязанностей, либо иных действий, по собственной инициативе в интересах работодателя, в том числе после прекращения трудовых отношений с работодателем

      Сноска. Наименование порядка - в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 28.06.2024 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий порядок регистрации субъектами здравоохранения оказывающими специализированную медицинскую помощь в области профессиональной патологии и экспертизы по месту их выявления всех случаев профессиональных заболеваний и (или) отравлений, в том числе подозрений на профессиональные заболевания и (или) отравления, обусловленные воздействием на работника вредных производственных факторов в связи выполнением работником своих трудовых (служебных) обязанностей, либо иных действий, по собственной инициативе в интересах работодателя, в том числе после прекращения трудовых отношений с работодателем (далее – Порядок) разработан в соответствии с пунктом 2 статьи 106 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 28.06.2024 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В настоящем порядке используются следующие понятия и определения:

      1) острое профессиональное заболевание – заболевание, возникшее после однократного (в течение не более одной смены) воздействия вредных профессиональных факторов;

      2) профессиональное заболевание – острое или хроническое заболевание, вызванное воздействием на работника вредных производственных факторов в связи с выполнением им своих трудовых (служебных) обязанностей;

      3) хроническое профессиональное заболевание – заболевание, возникшее после многократного и длительного воздействия вредных производственных факторов.

Глава 2. Порядок регистрации субъектами здравоохранения оказывающими специализированную медицинскую помощь в области профессиональной патологии и экспертизы по месту их выявления всех случаев профессиональных заболеваний и (или) отравлений, в том числе подозрений на профессиональные заболевания и (или) отравления, обусловленные воздействием на работника вредных производственных факторов в связи с выполнением работником своих трудовых (служебных) обязанностей, либо иных действий, по собственной инициативе в интересах работодателя, в том числе после прекращения трудовых отношений с работодателем

      Сноска. Наименование главы 2 - в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 28.06.2024 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. На каждый случай установления предварительного диагноза острого и (или) хронического профессионального заболевания и (или) отравления, медицинская организация заполняет извещение по форме, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21579), регистрирует в пронумерованный, прошнурованный журнал учета случаев профессиональных заболеваний и (или) отравлений по форме, согласно приложению к настоящему Порядку.

      Профессиональное отравлением является отравление, обусловленное воздействием на работника вредных производственных факторов в связи с выполнением работником своих трудовых (служебных) обязанностей, либо иных действий, по собственной инициативе в интересах работодателя.

      Сноска. Пункт 3 – в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 11.03.2022 № ҚР ДСМ-23 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Извещение об остром профессиональном заболевании и (или) отравлении работника с момента установления предварительного диагноза в течение двадцати четырех часов направляется медицинской организацией в территориальное подразделение государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения (далее – территориальное подразделение) и руководителю организации (работодателю) по месту работы больного.

      Извещение о предварительном диагнозе хронического профессионального заболевания и (или) отравления с момента установления предварительного диагноза направляется в течение трех рабочих дней медицинской организацией в территориальное подразделение и руководителю организации (работодателю) по месту работы больного, а также в государственную организацию здравоохранения, оказывающую специализированную медицинскую помощь в области профессиональной патологии и экспертизы.

      Сноска. Пункт 4 – в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 11.03.2022 № ҚР ДСМ-23 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. При изменении или отмене диагноза острого профессионального заболевания и (или) отравления, медицинская организация направляет новое извещение в течение двадцати четырех часов в территориальное подразделение и руководителю организации (работодателю) по месту работы больного, и регистрирует в пронумерованный, прошнурованный журнал учета случаев профессиональных заболеваний и (или) отравлений по форме, согласно приложению к настоящему Порядку.

      6. Хроническое профессиональное заболевание устанавливается экспертными профпатологическими комиссиями, созданными в государственных организациях здравоохранения, оказывающих специализированную медицинскую помощь в области профессиональной патологии и экспертизы (далее – клиника профессионального здоровья), которые проводят экспертизу установления связи профессионального заболевания с выполнением трудовых (служебных) обязанностей.

      7. На каждый случай хронического профессионального заболевания клиникой профессионального здоровья, проводящей экспертизу установления связи профессионального заболевания с выполнением трудовых (служебных) обязанностей, заполняется извещение о профессиональном заболевании по форме, утверждаемым государственным органом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения, согласно подпункту 3) статьи 9 Кодекса.

      8. Извещение о хроническом профессиональном заболевании в течение трех рабочих дней с момента установления диагноза направляется в территориальное подразделение, медицинскую организацию, направившую больного на экспертизу установления связи профессионального заболевания с выполнением трудовых (служебных) обязанностей и работодателю по последнему месту работы больного в контакте с вредными и (или) опасными производственными факторами, в том числе после прекращения трудовых отношений с таким работодателем.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 28.06.2024 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. При изменении или отмене диагноза хронического профессионального заболевания в течение трех рабочих дней клиника профессионального здоровья, проводившая экспертизу установления связи профессионального заболевания с выполнением трудовых (служебных) обязанностей, направляет новое извещение о профессиональном заболевании в территориальное подразделение, работодателю по последнему месту работы больного в контакте с вредными и (или) опасными производственными факторами, и медицинскую организацию, направившую больного на экспертизу установления связи профессионального заболевания с выполнением трудовых (служебных) обязанностей.

      10. Один экземпляр извещения о профессиональном заболевании хранится в клинике профессионального здоровья постоянно в соответствии с пунктом 419 приказа исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 сентября 2017 года № 263 "Об утверждении Перечня типовых документов, образующихся в деятельности государственных и негосударственных организаций, с указанием срока хранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан 18 ноября 2017 года под № 15997, опубликован 21 ноября 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      11. После установления хронического профессионального заболевания, данные больного специалистами клиники профессионального здоровья, проводившими экспертизу установления связи профессионального заболевания с выполнением трудовых (служебных) обязанностей, регистрируются в пронумерованный, прошнурованный журнал учета случаев профессиональных заболеваний и (или) отравлений по форме, согласно приложению к настоящему Порядку.

      12. Клиника профессионального здоровья ежемесячно 10 числа месяца, следующего после отчетного периода, представляет в территориальные подразделения данные по всем случаям профессиональных заболеваний и (или) отравлений.

      13. Территориальные подразделения данные по всем случаям профессиональных заболеваний и (или) отравлений учитывают согласно карты учета профессионального заболевания (отравления), утвержденной приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 августа 2021 года № ҚР ДСМ-84 "Об утверждении форм учетной и отчетной документации в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 24082).

      Сноска. Порядок дополнен пунктом 13 в соответствии с приказом Министра здравоохранения РК от 11.03.2022 № ҚР ДСМ-23 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение к порядку
регистрации субъектами
здравоохранения оказывающими
специализированную
медицинскую помощь в области
профессиональной патологии и
экспертизы по месту их
выявления всех случаев
профессиональных заболеваний
и (или) отравлений, в том числе
подозрений на
профессиональные заболевания
и (или) отравления,
обусловленные воздействием на
работника вредных
производственных факторов в
связи с выполнением
работником своих трудовых
(служебных) обязанностей, либо
иных действий, по собственной
инициативе в интересах
работодателя, в том числе после
прекращения трудовых
отношений с работодателем

Кәсіптік аурулар және (немесе) уланулар оқиғаларын есепке алу журналы
Журнал учета случаев профессиональных заболеваний и (или) отравлений

      Сноска. Приложение - в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 28.06.2024 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Басталды (Начат) "____"______________________________(г.)

      Аяқталды (Окончен) "____"___________________________(г.)

Тіркеу нөмірі
Регистрационный номер

Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Ф.И.О. (при наличии)

Жынысы
Пол

Жасы
Возраст

Ұйымның атауы
Наименование организации

Цех, бөлімше, учаске
Цех, отделение, участок

Кәсібі
Профессия

Жұмыс өтілі
Стаж работы

Жалпы еңбек өтілі
Общий стаж работы

Кәсіби ауруды туғызған өндірістік зиянды факторлармен жанасуда болған
В контакте с вредными производственными факторами, вызвавшими профессиональное заболевание состоял

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Өндірістік зиянды факторлар
Вредные производственные факторы

Диагнозы
Диагноз

Қорытынды диагнозды қойған ұйымның атауы
Наименование организации, установившей окончательный диагноз

Ескерту
Примечание

10

11

12

13





      Примечание:

      ТАӘ – Тегі, аты, әкесінің аты;

      ФИО – Фамилия, имя, отчество;