"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелдерін айқындау өлшемшарттары белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-317/2020 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелдерін айқындау өлшемшарттары
1. Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелдерін айқындау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 104-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Өлшемшарттар Кодекстің 104-бабының 5-тармағына сәйкес тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейтін пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық ауруларға қатысты айқындалады.
3. Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелі мынадай өлшемшарттар бойынша айқындалады:
1) ерекше профилактика және емдеу құралдарының стандартты тиімді шаралары болмаған жағдайда ауыр (және/немесе сипатты емес) клиникалық көріністері бар жаппай инфекциялық аурулардың (эпидемияның, пандемияның) әлемде тіркелуі;
2) инфекциялық ауруда контагиоздылықтың (жұқпалылықтың) жоғары дәрежесінің, адамнан адамға ауа-тамшы, қарым-қатынас-тұрмыстық және тағамдық жолмен берілу қабілетінің болуы;
3) халықтың тұрақты көші-қоны жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағының болуына байланысты трансшекаралық таралу әлеуеті;
4) әуе, су, теміржол және автомобиль көлігі арқылы коммуникациялық байланыстардың болуы;
5) инфекция қоздырғышының (тасымалдаушысының) қасиеттері, аурудың Қазақстан Республикасында таралуына ықпал ететін жеткілікті жағдайлар және факторлар;
6) жергілікті халықтың ауруға бейімділігі.