Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидаларын, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-316/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 желтоқсанда № 21894 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 225-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін тағайындау және қайта қарау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиниятқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-316/2020
бұйрығымен бекітілген

Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 225-бабының 1–тармағына сәйкес әзірленді және ғылыми, ғылыми-техникалық ұйымның бағалау нәтижелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның инновациялық қызметтің мәртебесін беру және оны қайта қарау тәртібін айқындайды.

      2. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесі "Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-117/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 21385 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасы (бұдан әрі – Бұйрық) ескеріле отырып беріледі.

      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) ғылыми қызмет зерттелетін объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән қасиеттерді, ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтау және алған білімдерін практикада пайдалану мақсатында қоршаған болмысты зерттеуге бағытталған қызмет;

      2) ғылыми-техникалық қызмет технологиялық, конструкторлық, экономикалық және әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылымның, техниканың және өндірістің барлық салаларында жаңа білім алуға және қолдануға, ғылымның, технологияның және өндірістің бірыңғай жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оны жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді қоса алғанда, бағытталған қызмет бұл зерттеулер;

      3) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым-денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;

      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі–уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасы (көмек) саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган);

      5) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) инновациялық қызмет инновацияларды құруға бағытталған қызмет (зияткерлік шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік-инновациялық, инфокоммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда);

      7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылыми кеңесі (бұдан әрі – Ғылыми кеңес) – медициналық және фармацевтикалық ғылымды дамытуды жетілдіру, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру мақсатында құрылатын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы консультациялық - кеңесші орган.

2 - тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру тәртібі

      4. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру тәртібі мыналарды қамтиды:

      1) денсаулық сақтау ұйымының уәкілетті органға ақпаратты көрсете отырып, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебе беру туралы ұсыныс енгізуі:

      қолда бар ғылыми бөлімшелер мен ғылыми-зерттеу кадрлары туралы;

      соңғы 3 жылдағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігі туралы;

      2) уәкілетті органның Ғылыми кеңесінің (бұдан әрі – Ғылыми кеңес) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру туралы ұсынысты 60 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

      денсаулық сақтау ұйымының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің әлеуетіне бағалауды жүргізу;

      денсаулық сақтау ұйымының осы Қағидалардың 9 – тармағында көрсетілген кадрлық зерттеу қызметінен түсетін табыстарға қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалауды, сондай-ақ соңғы 3 жылда ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалауды жүргізу;

      3) Ғылыми кеңестің мынадай шешімдердің бірін қабылдауы:

      денсаулық сақтау ұйымының оған денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсынысын мақұлдау туралы;

      денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсынысына мақұлдау (негіздемемен) беруден бас тарту туралы.

      5. Ғылыми кеңес ұйым осы Қағиданың 9-тармағына көрсетілген талаптарға сәйкес келген және соңғы үш жылда Web of Science (Веб оф Cайнс), Scopus (Скопус), Springer-дегі (Спрингер) жарияланымдар саны және ғылыми жұмыстарды дәйексөз ету сияқты ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау индикаторлары бойынша белсенділігі болған кезде денсаулық сақтау ұйымына Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсынымды мақұлдайды.

      6. Қағидалардың 7 және 9-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген және Web of Science (Веб оф Cайнс), Scopus (Скопус), Springer-дегі (Спрингер) жарияланымдар саны және ғылыми жұмыстардан дәйексөз алу сияқты ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау индикаторлары бойынша соңғы үш жылда белсенділік болмаған кезде денсаулық сақтау ұйымына Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсынысқа мақұлдау (негіздемемен) беруден бас тартады.

      7. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің әлеуеттің бағалау ұйымның құрылымында денсаулық сақтау ұйымы ұсынған Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ғылыми бөлімшелердің, жабдықтар мен жарақтардың, сондай-ақ өндірістік персоналдың жалпы санының кемінде 10% – құрайтын ғылыми-зерттеу кадрларының болуы туралы ақпаратты талдау негізінде жүзеге асырылады кемінде 50% ғылыми-зерттеу кадрларының болуы туралы ақпаратты талдау негізінде жүзеге асырылады:

      1) ғылым докторы және (немесе) кандидаты және (немесе) философия докторы және (немесе) бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелері;

      2) соңғы 5 жылдағы Web of Science (Веб-оф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер) және Хирштің нөлдік емес индексінде индекстелген басылымдарда кемінде 1 жарияланым;

      3) ғылыми-зерттеу қызметінің жалпы өтілімі кемінде 5 жыл тәжірибесі.

      8. Денсаулық сақтау ұйымының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау Кодекстің 225-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      9. Денсаулық сақтау ұйымы кадрлық әлеуетке және ғылыми және инновациялық қызметтен және зерттеу қызметінің түрлерінен түсетін кірітерге қойылатын (биомедициналық, әлеметтенушілік және талдамалық зерттеулер)мынадай талаптарға сәйкестігін растайды:

      1) денсаулық сақтау ұйымының өндірістік персоналының жалпы санынан өндірістік персонал қатарынан ғылыми қызметкерлердің, сондай-ақ уақытша ғылыми ұжымдарға мүше қызметкерлер үлесі кемінде 10% құрайды;

      2) ұйымның жалпы бюджетіндегі ғылыми және инновациялық қызметтен түсетін кірістердің үлесі:

      клиникалық бейінді ұйымдастыру үшін – кемінде 0,5%;

      клиникалық емес бейінді ұйымдастыру үшін – кемінде 5%.

      10. Ғылыми кеңестің мақұлдауы негізінде уәкілетті орган:

      1) құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарына қатысты мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен денсаулық сақтау ұйымын ғылыми ұйым деп қайта атау туралы шешімнің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді;

      2) құрылтайшысы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарына қатысты денсаулық сақтау ұйымын ғылыми ұйым деп қайта атау туралы тиісті өңірдің әкімдігіне ұсыныс жібереді;

      3) мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдарына қатысты олардың құрылтайшыларына (қатысушыларына) заңды тұлғаны ғылыми ұйым деп қайта атау туралы ұсыныс жібереді.

      Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның мәртебесі мерзімсіз беріледі және осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен кері қайтарылып алынды.

3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның мәртебесін қайта қарау тәртібі

      11. Ғылыми кеңес жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау нәтижелерін қарайды.

      12. Ғылыми кеңес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау нәтижелерін қарау жөніндегі отырыстан кейін 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мынадай фактілердің бірі анықталған жағдайда денсаулық сақтау саласындағы бағаланатын ғылыми ұйымнан денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебені қайтарып алуды ұсынады:

      1) соңғы 3 жылда ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің төрт және одан да көп индикаторлары бойынша теріс динамиканың болуы және (немесе) белсенділіктің болмауы (ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалаудың деректері бойынша, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелігін бағалауды жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізілетін, осы бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген);

      2) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның соңғы 3 жыл ішінде осы Қағидалардың 9 – тармағында көрсетілген талаптардың біріне сәйкес келмеуі (ұйымның даму жоспарларын орындау жөніндегі ғылыми ұйымдардың есептерінің деректері бойынша).

      13. Уәкілетті орган 10 жұмыс күні ішінде ғылыми ұйымның мәртебесін қайтарып алу туралы Ғылыми кеңестің ұсынысы негізінде:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарына қатысты денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесінен айыра отырып, денсаулық сақтау ұйымын қайта атау туралы өтінішхат Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді;

      2) құрылтайшылары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары және мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдары болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарына қатысты денсаулық сақтау ұйымынан Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның мәртебесін кері қайтарып алу туралы бұйрық шығарады.

      14. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беруге мақұлдау беруден бас тарту немесе ғылыми ұйым мәртебесін қайтарып алу туралы Ғылыми кеңестің шешімімен келіспеген кезде денсаулық сақтау ұйымы 20 жұмыс күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға шағым береді.

      15. Ғылыми кеңестің шешімдеріне шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия "Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 658 қаулысына сәйкес қызметті жүзеге асырады.

      16. Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) уәкілетті органға денсаулық сақтау ұйымының ғылыми ұйым мәртебесін беруге мақұлдау беруден бас тартуға немесе ғылыми ұйым мәртебесін қайтарып алуға қатысты шағымын қанағаттандыруға ұсынылсын;

      2) шағымды қанағаттандырудан бас тартылсын.

      17. Апелляциялық комиссияның шешімі қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      Апелляциялық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен шағым жасалады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-316/2020
бұйрығымен бекітілген

Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 225-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) журналдың импакт-факторы – алдыңғы екі жылда осы журналда жарияланған мақалаларға журналдың ағымдағы жылы алған сілтемелер санының осы алдыңғы екі жылда осы журналда жарияланған мақалалар санына қатынасы ретінде есептелетін ғылыми журналдың маңыздылығының формальды сандық көрсеткіші.

      2) Хирша индексі немесе h-индекс – ғалымның ғылымиметрикалық көрсеткіші. Хирш индексі осы зерттеушінің еңбектерінің дәйексөздерін бөлу негізінде есептеледі: ғалым h-индекске ие, егер оның N мақалаларынан h кем дегенде әр рет келтірілсе, ал оның мақалаларының қалған N–h әрқайсысы h-дан аспайды;

      3) квартиль (Q) — дәйексөзділік деңгейін, яғни журналдың ғылыми қоғамдастыққа қажеттілігін көрсететін библиометрикалық көрсеткіштермен анықталатын ғылыми журналдардың категориясы. Арнайы пәндік сала бойынша журналдар тиісті көрсеткіштің кемуі бойынша сараланады (журналдың импакт-факторы немесе SJR нормаланған индексі) және тізім 4 тең бөлікке бөлінеді. Рейтинг нәтижесінде әр журнал төрт квартильдің біріне енеді: Q1-ден (ең жоғары, ең беделді шетелдік журналдарға жатады) Q4-ке дейін (ең төмен);

      4) нормаланған SJR индексі (Scimago Journal Ranking) – ғылыми журнал маңыздылығының формальды сандық көрсеткіші, оны есептеу кезінде дәйексөздердің жалпы саны ғана емес, сонымен қатар жылдар бойынша дәйексөздердің салмақталған көрсеткіштері және сілтемелердің беделі сияқты сапалық көрсеткіштер ескеріледі. Нормаланған SJR индексін SCImago зерттеу тобы есептейді, ол Scopus дерекқорында индекстелген журналдар үшін визуализация әдістері арқылы ақпаратты талдаумен, презентациямен және іздеумен айналысады;

      5) есепті кезең – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігі бағаланатын уақыт аралығы өткен жыл үшін 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралағында есептеледі;

      6) бағаланатын ұйым – ғылыми және инновациялық қызметтің индикаторлары мен көрсеткіштері бойынша деректерді ұсынатын нақты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым;

      7) өндірістік персонал – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың ғылыми бөлімшелерінің және оқытушы профессорлар құрамының қызметкерлері, сондай-ақ жоғары оқу орны аурухананың және клиникалық бейіндегі денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның клиникалық бөлімшелерінің қызметкерлері, медициналық және фармацевтикалық қызметті, қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелердің персоналы, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми клиникалық емес бейінді денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар (қызмет көрсетушіні қоспағанда, оқу-көмекші және орта медицина персоналы);

      8) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;

      9) ғылыми қызмет – зерделенетін объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән қасиеттерді, ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтау мақсатында айналадағы болмысты зерделеуге және алынған білімді практикада пайдалануға бағытталған қызмет;

      10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) ғылыми-техникалық қызмет – технологиялық, конструкторлық, экономикалық және әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылымның, техника мен өндірістің барлық саласында жаңа білім алуға және оны қолдануға, осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, технология мен өндірістің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;

      12) инновациялық қызмет – инновацияларды құруға бағытталған қызмет (ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, ақпараттықкоммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда);

      13) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны.

2-тарау. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу тәртібі

      3. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау:

      1) өндірістік персоналдың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша;

      2) клиникалық практика жағдайындағы инновациялық қызмет деңгейі бойынша;

      3) білім алушылардың (студенттердің, интерндердің, резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.

      4. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілік индикаторларын бағалау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің тиімділігін бағалау жөніндегі жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) уәкілетті органмен анықталады. Жұмыс органы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің тиімділігін бағалау процедурасын ұйымдастыру және техникалық қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асырады.

      5. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың ғылыми және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалау кезінде:

      1) өндірістік персоналдың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша мынадай формула пайдаланылады:

      Sa = I1 × Q1 + I2 × Q2 + I3 × Q3 + I4 × Q4 + I5 × Q5 + I6 × Q6,

      мұндағы Sa-өндірістік персоналдың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы мен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның ғылыми және инновациялық қызметінің нәтижелігін жиынтық баға;

      I1, .... I6-осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-6 индикаторлары бойынша бағалау сомасы;

      Q1, .... Q6-тиісті индикаторлардың салмақ коэффициенттері.

      2) клиникалық практика жағдайындағы инновациялық қызмет деңгейі бойынша мынадай формула бойынша айқындалады:

      Sb = I7,

      мұндағы Sb -клиникалық бейінді денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның және құрамында университеттік ауруханасы бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының клиникалық практикасы жағдайындағы инновациялық қызметтің нәтижелілігін жиынтық бағалау;

      I7-осы Қағидаларға 1-қосымшаның 7-индикаторы бойынша бағалау сомасы;

      3) білім алушылардың (студенттердің, интерндердің, резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша мынадай формула бойынша айқындалады:

      Sc = I8 × Q8 + I9 × Q9 + I10 × Q10 + I11 × Q11,

      мұндағы Sc-білім алушылардың (студенттердің, интерндердің, резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің көрсеткіштері бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы мен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның ғылыми және инновациялық қызметінің нәтижелілігін жиынтық бағалау;

      I8, .... I11-осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-11 индикаторлары бойынша бағалау сомасы;

      Q8, .... Q11 - тиісті индикаторлардың салмақ коэффициенттері.

      6. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар индикаторлар бойынша ақпаратты қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ әрбір индикатор бойынша растаушы құжаттардың сканерленген көшірмелерінің тізбесі мен электрондық архивін (электрондық архив жекелеген индикаторлар мен көрсеткіштер бөлінісінде қалыптастырылады) есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-не дейін жұмыс органына ұсынады. Жұмыс органы уәкілетті органмен келісім бойынша индикаторлар туралы ақпарат ұсынылатын нысанды анықтайды.

      Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және ғылыми ұйымдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес индикаторларды есепке алу шарттарында және жеке көрсеткіштер бойынша растайтын құжаттар тізбесінде көрсетілген талаптарға сәйкес растайды.

      7. Бағаланатын ұйым индикаторлар бойынша ақпарат растаушы құжаттарды ұсынбаған ғылыми өнім саралау нәтижелерін есептеу кезінде ескерілмейді және авторлар растаушы құжаттарды неғұрлым кеш алған жағдайда келесі есепті кезеңнің көрсеткіштеріне есептеледі.

      8. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелері бойынша Рейтинг үш санат шеңберінде жүзеге асырылады:

      1) клиникалық бейінді денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;

      2) клиникалық емес бейінді денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;

      3) денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары.

      9. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың клиникалық практикасы жағдайында инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау екі санат шеңберінде жүзеге асырылады:

      1) клиникалық бейінді Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;

      2) өз құрамында университеттік ауруханасы бар денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары.

      10. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің нәтижелілігін бағалау нәтижелері уәкілетті органның ғылыми кеңесінде қаралады және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның мәртебесін қайта қарау үшін негіз болады.

      11. Жұмыс органы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау нәтижелері уәкілетті органның Ғылыми кеңесінің қарауына енгізілгенге дейін, кемінде 10 жұмыс күні бұрын өзінің ресми сайтында бағаланатын ұйымдар ұсынатын растайтын құжаттардың индикаторларды есепке алу шарттарына сәйкестігін тексеру нәтижелерін орналастырады, сондай-ақ растайтын құжаттарды жүргізілген тексеру нәтижелері туралы бағаланатын ұйымдарды хабардар етеді.

      Бағаланатын ұйымдар (растайтын құжаттарды тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда) растайтын құжаттардың сәйкестігін тексеру нәтижелері жұмыс органының ресми сайтында орналастырылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде жұмыс органына өзінің келіспейтіндігі туралы негізделген ұстанымды және (немесе) қосымша растайтын құжаттарды ұсынады. Жұмыс органы ұсынған құжаттарды қарау нәтижелерін 5 жұмыс күні ішінде бағаланатын ұйымға жазбаша түрде жеткізеді.

      12. Жұмыс органы уәкілетті органның Ғылыми кеңесінің отырысынан кейін 3 жұмыс күні ішінде өзінің ресми сайтында ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелігін бағалау нәтижелерін жариялайды.

  Ғылыми, ғылыми-техникалық
және инновациялық қызметінің
нәтижелілігін бағалауды
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелік индикаторларын бағалау тәртібі

Индикатордың атауы Индикатор компоненттерін бағалау алгоритмі Индикатор бойынша жиынтық бағалауды есептеу тетігі Салмақ коэффициенті
Индикаторды бағалау компоненттері

Өндірістік персоналдың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің индикаторлары

1

Ғылыми зерттеулерден түскен пайда көлемі

(1.1-1.5 көрсеткіштері бойынша балдар сомасы) / (бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық ставкаларының саны)

0,1

1.1

Есепті жылы бюджеттік бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде зерттеулер жүргізуге тартылған қаржы қаражатының көлемі

Әрбір 500 мың теңге үшін: 0,2 балл × k11 беріледі



1.2

Есепті жылы гранттық (Қазақстан Республикасының резиденттері тарапынан) шеңберінде зерттеулер жүргізуге тартылған қаржы қаражатының көлемі

Әрбір 500 мың теңге үшін: 0,2 балл × k1 беріледі

1.3

Есепті жылы гранттық қаржыландыру шеңберінде зерттеулер жүргізуге тартылған қаржы қаражатының көлемі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері және шетелдік грант берушілер тарапынан)

Әрбір 500 мың теңге үшін: 0,3 балл × k1 беріледі

1.4

Есепті жылы қаржыландырудың өзге нысандары шеңберінде зерттеулер жүргізуге тартылған қаржы қаражатының көлемі

Әрбір 500 мың теңге үшін: 0,1 балл × k1 беріледі

1.5

Есепті жылы бастамашылық зерттеулер шеңберінде зерттеулер жүргізуге (өзін-өзі қаржыландыруға) тартылған қаржы қаражатының көлемі

Әрбір 500 мың теңге үшін: 0,15 балл беріледі

2

Web of Science(Веб оф Сайнс), Scopus(Скопус), Springer (Спрингер) жарияланымдардың саны

(2.1-2.3 көрсеткіштері бойынша балдар сомасы) / (бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық ставкаларының саны)

0,25

2.1

Ғылыми басылымдардағы, Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер) деректер базасындағы мақалалар

1 мақала үшін: 10 балл × k2.1 × k2.2×k2.3 беріледі



2.2

Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер) деректер базасында индекстелетін ғылыми монографиялар

1 монография үшін: 200 балл × k2.3 беріледі

2.3

Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер) деректер базасында индекстелетін ұжымдық монографиялардағы тараулар

Негізгі монография үшін: 50 × k2.3 балл беріледі

2.4

Конференция материалдарын қоспағанда, қысқа Жарияланымдар (редакцияға хат, хат-хабар, түсініктеме, түсініктемеге жауап және т. б.)

1 жарияланым үшін: 1 балл × k2.1 × k2.2×k2.3 беріледі

3

Ғылыми жұмыстардың дәйексөздері

[(3.1-3.2 көрсеткіштері бойынша балдар сомасы) / (бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық ставкаларының саны)] + [3.3-3.4 индикаторлары бойынша балдар сомасы]

0,25

3.1

Web of Science (Веб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) деректері бойынша есепті жылы ғылыми жұмыстардың дәйексөз келтірулерінің саны (соңғы 5 жыл ішінде жарияланған) (ғылыми жұмысты дәйексөз келтіру туралы деректер болған кезде екі дерекқорда да дәйексөз ең жоғары мәні бар дерекқордан алынған мән пайдаланылады)

1 дәйексөз үшін: 5 балл × k3.1беріледі



3.2

Google Scholar (Гугл Скулар) мәліметтері бойынша есепті жылы ғылыми жұмыстардың дәйексөздерінің саны (соңғы 5 жыл ішінде жарияланған)

1 дәйексөз үшін: 0,5 × k3.1балл беіледі

3.3

Web of Science (Веб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) деректері бойынша өндірістік персоналының Хирша индексінің квадраттарының орташа мәні (қызметкерде Хирша индексінің болуы туралы деректер болған кезде екі дерекқорда Хирша индексі ең жоғары мәні бар дерекқордан алынған мән пайдаланылады) есепті жылдың соңына

1 балл × Хирш орташа индексі

3.4

Google Scholar (Гугл Скулар) мәліметтері бойынша есепті жылдың соңындағы өндірістік персоналдың Хирша индексінің квадраттарының орташа мәні.

0,5 балл × индекс Хирш зерттеуші индексі

4

Патенттер мен өзге де қорғау құжаттарының саны (ұйымның өзі патент иеленуші ретінде көрсетілген)

(4.1-4.3 көрсеткіштері бойынша балдар сомасы) / (бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық ставкаларының саны)

0,15

4.1

Есепті жылы шетелдік немесе халықаралық патенттік агенттіктер берген патенттер

1 патент үшін: 100 балл × k4 беріледі



4.2

Есепті жылы өнертабысқа, пайдалы модельге ҚР патенттері

1 патент үшін: 50 балл беріледі

4.3

Есептік жылда зияткерлік меншік объектісін тіркеу туралы куәлік

1 куәлік үшін: 3 балл беріледі

5

Ғылыми зерттеулер нәтижелерін және инновациялық қызметті коммерцияландыру деңгейі

5.1 көрсеткіші бойынша балдар сомасы / бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық ставкаларының саны

0,15


5.1

Ғылыми әзірлемелерді және инновацияларды коммерцияландырудан есепті жылы алынған пайда көлемі (соңғы 3 жыл ішінде бағаланатын ұйымның құқық иеленуімен қорғау құжаты алынған)

әрбір 500 мың теңге пайда үшін 0,2 балл беріледі



6

Халықаралық конференциялар және инновациялық қызметті форумдарға қатысу деңгейі

5.1 көрсеткіші бойынша балдар сомасы / бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық ставкаларының саны

0,1

6.1

Web of Knowledge (Веб оф Ноуледж) және Scopus (Скопус) ғылыми ақпаратының дерекқорында индекстелетін халықаралық ғылыми конференциялар Conference Proceedings (Конференс Процесингс)материалдарының жинақтарындағы Жарияланымдар (тезистер, мақалалар) саны.

Әрбір жарияланым үшін: 10 балл × k6 беріледі



Клиникалық практика жағдайындағы инновациялық қызмет индикаторлары

7

Клиникалық практика жағдайындағы инновациялық белсенділік деңгейі

(7.1-7.3 көрсеткіштері бойынша баллдар сомасы) / (бағаланатын ұйымдағы өндірістік персоналдың толық ставкаларының саны)

-

7.1

Есепті жылы ұйымда орындалатын жоғары технологиялық медициналық қызметтердің (бұдан әрі – ЖТМҚ) саны әрбір

әрбір ЖТМҚ үшін 10 балл беріледі



7.2

Ғылыми ұйымның / университеттік аурухананың қызметкерлері есепті жылы облыстардың, Алматы қаласының, Астана қаласының, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау ұйымдарының практикалық қызметіне сәтті енгізген ЖТМҚ түрлерінің (кодтарының) және өңірлердің саны

әрбір ЖТМҚ үшін 2 балл
беріледі

7.3

Есепті жылы бастамашысы ҒЗИ болған ДСМ бекіткен ЖТМҚ жаңа түрлерінің (кодтарының) саны

әрбір ЖТМҚ үшін 12 балл беріледі



Білім алушылардың (студенттердің, интерндердің, резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың)ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің индикаторлары

8


Web of Science (Вебф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер) жарияланымдар саны

(көрсеткіштер бойынша баллдар сомасы 8.1-8.2) / (бағаланатын ұйымдағы резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың орташа жылдық саны)

0,3

8.1

ғылыми басылымдардағы, Web of Science (Вебф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер) деректер базасындағы мақалалар

1 мақала үшін
10 балл × k8.1 × k8.2× k8.3
беріледі



8.2

Қысқа жарияланымдар (редакцияға хат, хат-хабар, түсініктеме, түсініктемеге жауап және т. б.), конференция материалдарын қоспағанда

1 жарияланымға
1 балл × k2.1 × k2.2беріледі

9

Ғылыми жұмыстардың дәйексөздері

(9.1-9.2 көрсеткіштері бойынша баллдар сомасы) /(бағаланатын ұйымдағы резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың орташа жылдық саны)

0,3

9.1

Web of Science (Веб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) деректері бойынша есепті жылы ғылыми жұмыстардың дәйексөз келтірулерінің саны (соңғы 5 жыл ішінде жарияланған) (ғылыми жұмысты дәйексөз келтіру туралы деректер болған кезде екі дерекқорда да дәйексөз ең жоғары мәні бар дерекқордан алынған мән пайдаланылады)

1 Дәйексөз үшін 5 балл × × k9.1
беріледі



9.2

Google Scholar (Гугл Скулар) мәліметтері бойынша есепті жылы ғылыми жұмыстардың дәйексөздерінің саны (соңғы 5 жыл ішінде жарияланған)

1 Дәйексөз үшін 0,5 балл× k9.1
беріледі

10

Патенттер мен өзге де қорғау құжаттарының саны (ұйымның өзі патент иеленуші ретінде көрсетілген)

(10.1-10.3 көрсеткіштері бойынша балдар сомасы) / (бағаланатын ұйымдағы резиденттердің, магистранттардың,

0,2

10.1

докторанттардың орташа жылдық саны)Есепті жылы шетелдік немесе халықаралық патенттік агенттіктер берген патенттер

1 патент үшін:
100 балл× k10




10.2

Есепті жылы өнертабысқа, пайдалы модельге ҚР патенттері

1 патент үшін:
50 балл


10.3

Есептік жылда зияткерлік меншік объектісін тіркеу туралы куәлік

1 куәлік беріледі:
3 балл

11

Халықаралық конференциялар мен форумдарға қатысу деңгейі

(11.1-11.6 көрсеткіштері бойынша балдар сомасы) / (бағаланатын ұйымдағы резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың орташа жылдық саны)

0,2

11.1

ауызша баяндамамен (шетелге шығумен)

1 баяндама үшін 6 балл беріледі



11.2

постерлік баяндамамен (шетелге шығумен)

1 баяндама үшін 4 балл беріледі

11.3

ауызша баяндамамен (ҚР аумағында)

1 баяндама үшін 2 балл беріледі

11.4

постерлік баяндамамен (ҚР аумағында)

1 баяндама үшін 1 балл беріледі

11.5

Web of Science (Вебф оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) ғылыми ақпараттың дерекқорында индекстелетін халықаралық ғылыми конференциялар (Conference Proceedings) материалдарының жинақтарындағы жарияланымдардың (тезистердің, мақалалардың) саны

әрбір жарияланым үшін 10 балл × k11 беріледі

11.6

ҚР және ТМД елдерінің ғылыми ақпараттарының деректер базасымен индекстелетін конференция материалдарының жинағында тезисті (мақаланы) жариялаумен

1 тезиске 0,5 балл беріледі



      Ескертпе:

      1. k1 = 0,1 коэффициенті ұйым дербес игерілетін қаражат көлемін шегергенде, бас ұйым ретінде басқаратын қаражат көлеміне қолданылады. Ұйым өз бетінше игеретін қаражат көлеміне қатысты k1 коэффициенті қолданылмайды (мысалы, ұйым бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды 10 000 мың теңгесін алады, оның ішінде өзі 1 000 мың теңгені игереді, ал 9 000 мың теңгені бірлесіп орындаушыларға береді. Есептеу формуласы келесідей болады– ((1000/500)×0,2)+(9000/500)×0,2×0,1).

      2. 2, 3, 8 және 9 индикаторлар үшін авторлар немесе авторлардың бірі бағаланатын ұйыммен үлестес басылымдар ескеріледі (жарияланымда автордың бағаланатын ұйымға тиесілігі көрсетілген).

      3. k 2. 1 = 1 Егер журналда Q4 квартилі болса; k 2. 1 = 10 Егер журналда Q3 квартилі болса; k 2. 1 = 20 егер журналда Q2 квартилі болса; k 2. 1 = 30 егер журналда Q1 квартилі болса.

      4. k2.2 = 0,5 коэффициенті егер жарияланым мемлекеттік, орыс тілінде (және ТМД елдерінің өзге де мемлекеттік тілдерінде) жарияланған болса қолданылады.

      5. k2.3 = 1 коэффициенті бағаланатын ұйыммен аффилиирленген автор "correspondence author" болып табылатын немесе алғашқы бес автордың қатарына кіретін мақалалар мен қысқа Жарияланымдар үшін қолданылады, ал монографиялар мен монографиялар бағандары үшін – бағаланатын ұйыммен аффилиирленген автор алғашқы он автордың қатарына кіреді; басқа жағдайларда k2.3 = 0,5.

      6. k3.1 = 1 коэффициенті бағаланатын ұйыммен аффилиирленген автор "correspondence author" болып табылатын немесе алғашқы бес автордың қатарына кіретін, ал монографиялар мен монографиялар графиктері үшін – бағаланатын ұйыммен аффилиирленген автор алғашқы он автордың қатарына кіретін ғылыми жұмыстар үшін қолданылады; өзге жағдайларда k3. 1 = 0,5.

      7. Өндірістік персоналдың Хирш индексі квадраттарының орташа мәні = (h1)2+(h2)2+(h3)2+…(hn)2/n формуласы бойынша есептеледі, мұндағы h1, h2, h3, …hn – өндірістік персоналдың жекелеген жеке тұлғаларының Хирш индекстері, n – лауазымдарды атқаратын жеке тұлғалардың саны өнімді персонал.

      8. k4 = 1,5 коэффициенті патент Web of Science дерекқорына енгізілген жағдайда қолданылады.

      9. k6 = 0,5 коэффициенті егер жарияланым қазақ тілі, орыс тілінде (және ТМД елдерінің өзге де мемлекеттік тілдерінде) жарияланған болса қолданылады.

      10. Индикатор компоненті үшін 7.2-қордан тиісті төлеммен расталған. Денсаулық сақтау ұйымында әрбір жекелеген облыста, Алматы қаласында, Астана қаласында, Шымкент қаласында табысты енгізілген әрбір ЖТМҚ үшін киінген балл беріледі-2 балл

      11. k8. 1 = 1 коэффициенті егер журналда Q4 квартилі болса; k8.1 = 10 Егер журналда Q3 квартилі болса; k8.1 = 20 егер журналда Q2 квартилі болса; k8.1 = 30 егер журналда Q1 квартилі болса.

      12. k8.2 = 0,5 коэффициенті егер жарияланым қазақ тілі, орыс тілінде (және ТМД елдерінің өзге де мемлекеттік тілдерінде) жарияланған болса қолданылады.

      13. k8. 3 = 1 коэффициенті бағаланатын ұйыммен аффилиирленген автор "correspondence author" болып табылатын немесе алғашқы бес автордың қатарына кіретін мақалалар мен қысқа Жарияланымдар үшін қолданылады; басқа жағдайларда k8.3 = 0,5.

      14. k9.1 = 1 коэффициенті бағаланатын ұйыммен аффилиирленген автор "correspondence author" болып табылатын немесе алғашқы бес автордың қатарына кіретін ғылыми жұмыстар үшін қолданылады; басқа жағдайларда k9.1 = 0,5.

      15. k10 = 1,5 коэффициенті патент Web of Science дерекқорына енгізілген жағдайда қолданылады.

      16. k11 = 0,5 коэффициенті егер жарияланым мемлекеттік, орыс тілінде (және ТМД елдерінің өзге де мемлекеттік тілдерінде) жарияланған болса қолданылады.

  Ғылыми, ғылыми-техникалық
және инновациялық қызметінің
нәтижелілігін бағалауды
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Индикаторларды есепке алу шарттары және жекелеген индикаторлар бойынша растайтын құжаттардың тізімі

Индикатордың атауы Бағаланатын ұйым ұсынатын растайтын құжаттар

1

Ғылыми зерттеулерден түскен пайда көлемі

1. Қаржыландыру көзі, іске асыру мерзімдері, қаржыландыру көлемі, бірлесіп орындаушылар/серіктестер көрсетілген ғылыми бағдарламалар мен жобалардың тізбесі;
2. Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында ғылыми зерттеу тақырыбының тіркелгенін растау;
3. Қаржыландырушы ұйыммен жасалған шарттың көшірмесі

2

Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер)-тағы жарияланымдардың саны

1. Шығу деректері, журнал квартилі және журнал индекстелетін мәліметтер базасының атауы көрсетілген жарияланымдар тізімі
2. Әрбір мақала үшін Web of Science (Веб оф Сайнс), Scopus (Скопус), Springer (Спрингер) дерекқорындағы жарияланымдар бетіне өзекті веб-сілтеме көрсетіледі

3

Ғылыми жұмыстардың дәйексөздері

Ғылыми жұмыстар дәйексөздерінің саны

1. Есептік жылда Web of Science(Веб оф Сайнс), Scopus (Скопус), Google Scholar (Гугл Скулар)-да әрбір мақаланың дәйексөз санын көрсете отырып, соңғы 5 жыл ішінде жарияланған мақалалар тізбесі
2. Әрбір мақала үшін осы мақаладан дәйексөз келтірілген бетке өзекті веб-сілтеме көрсетіледі

Өндірістік персоналдың Хирша индексінің квадраттарының орташа мәні

1. Web of Science (Веб оф Сайнс) және Scopus (Скопус)-та Хирша индексінің мәнін көрсете отырып, Хирша индексі бар өндірістік персоналдың барлық қызметкерлерінің тізбесі

4

Патенттер мен өзге де қорғау құжаттарының саны

1. Патент иесі, патент берген агенттік, патенттің берілген күні және тіркеу нөмірі көрсетілген патенттер тізбесі
2. Патент беру туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі (патент беруге оң шешім туралы анықтама есептелмейді!)
3. Web of Science (Веб оф Сайнс) деректер базасына енгізілген патент үшін Web of Science (Веб оф Сайнс) деректер базасындағы бетке өзекті веб-сілтеме көрсетіледі

5

Ғылыми зерттеулердің және нәтижелерін және инновациялық қызметті коммерцияландыру деңгейі

1. Қорғау құжатының (соңғы 3 жыл ішінде берілген) атауы мен тіркеу деректері (нөмірі мен күні), есепті жылы алынған пайда көлемі көрсетілген коммерцияландырылған технологиялардың тізбесі.
2. Лицензиялық шарттың, патенттік құқықтарды беру туралы шарттың, патент иеленуші мен технологияны пайдалану құқығы берілетін тұлға арасындағы өзге де шарттардың көшірмесі.
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) шеңберінде өтілетін медициналық технологиялар үшін – медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның осы медициналық технологияны ТМККК және МӘМС шеңберінде өтелетін тізбеге енгізу туралы хаттамалық шешімі немесе хаттамасынан үзінді көшірме (соңғы 3 жылда).

 
6

Халықаралық конференциялар мен форумдарға қатысу деңгейі

1. Авторлар көрсетілген тезистердің (мақалалардың) тізбесі, конференцияны өткізу күні мен орны, жарияланған тезистердің шығу деректері, жинақ индекстелетін деректер базасы
2. Әрбір тезис (мақала) үшін индекстелетін ғылыми жинақ туралы ақпарат көрсетілген ғылыми ақпараттың деректер базасының сайтынан өзекті веб-сілтеме көрсетіледі.
Конференция баяндамалары үшін:
1. Баяндаушы және (немесе) авторлардың, конференцияны өткізу күні мен орны, жарияланған тезистердің шығу деректері, жинақ индекстелетін деректер базасы баяндамалар және (немесе) тезистердің тізбесі
2. Конференция бағдарламасы, жарияланған мақалалар көшірмесі

7

Клиникалық тәжірибе жағдайындағы инновациялық белсенділік деңгейі

1.1. Есеп мерзіміндегі "Медициналық қызмет сапасын басқару жүйесі" АЖ ғылыми ұйымның және (немесе) университет клиникасындағы орындалатын ЖТМҚ тізбесі.
2.2. Алматы, Астана, Шымкент қалалары, облыстық денсаулық сақтау ұйымдарындағы ғылыми ұйымның және (немесе) университет клиникасындағы сәтті енгізілген ЖТМҚ есебі;
3.3. Есеп мерзіміндегі ғылыми ұйымның және (немесе) университет клиникасындағы жаңа ЖТМҚ есебі

8

Есепті кезеңнің соңғы күніне өндірістік персоналдың лауазымдық бірліктерінің (ставкаларының) саны (барлық индикаторлар үшін балдық бағалауды есептеу кезінде пайдаланылатын көрсеткіш)

1. Бағаланатын ұйымның бірінші басшысының қолымен расталған лауазымдық бірліктер (ставкалар) саны және өндірістік персоналдың жалпы саны, оның ішінде өндірістік персоналдың жекелеген санаттары бөлінісінде көрсетілген кесте

9

Бағаланатын ұйымдағы резидент, магистрант, докторанттардың орташа саны

1. Бағаланатын ұйымның бірінші басшысының қолымен расталған әр категорияға байланысты (студенттер, интерндер, магистраннар, докторанттар, резиденттер) орташажылдық санын көрсетілген кесте



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады