БҰЙЫРАМЫН:
1."Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 437 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17878 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
Р. Курманов |
Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы №____нұсқама
____________________ 20 ____ жылғы "____" __________
Актіні толтыру орны уақыты ________
1. Бақылау органының атауы
__________________________________________________________________
2. Тексеру жүргізуге негіз болған тексеру тағайындау туралы/профилактикалық бақылау актісінің датасы мен нөмірі
__________________________________________________________________
3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 14-1-бабының 4-тармағына, 14, 17, 18, 19, 144, 145, 146, 147, 148- баптарына, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодекс) 137, 144 және 152-1-баптарына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру/профилактикалық бақылау жүргізген адамның (адамдардың) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және лауазымы
________________________________________________________________
4. Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы (бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру/профилактикалық бақылау жүргізу тағайындалған заңды тұлғаның немесе оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), оның орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, аумақтың учаскесі
__________________________________________________________________
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру/профилактикалық бақылау жүргізу күні, орны және кезеңі
__________________________________________________________________
6. Жер заңнамасының бұзылғандығы үшін (Кәсіпкерлік кодекстің 152-1-бабының 3-тармағын ескере отырып), Жер кодексінің 94, 144, 145, 146, 147 және 148-баптарын басшылыққа ала отырып анықталған бұзушылықтарды, олардың себептері мен оларға ықпал еткен шарттарды жою мақсатында мынадай іс-шараларды орындауға нұсқау беремін:
№ | Объектілер тізімі | Анықталған бұзушылықтар тізімі (бұзушылықтар анықталған тексеру парағының талаптары мен тармақтарының атауы) |
Тәуекел дәрежесін | Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша нұсқаулар мен ұсынымдар, оларды жою мерзімдері |
1. | ||||
2. |
7. Бақылау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның), сондай-ақ, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру және профилактикалық бақылау жүргізуге қатысқан адамдардың нұсқамамен танысқандығы немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы
__________________________________________________________________
8. Нұсқаманы енгізген (бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру/профилактикалық бақылау жүргізген уәкілетті органның лауазымды адамының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
__________________________________________________________________
9. Нұсқаманы алдым (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы
__________________________________________________________________