Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.01.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көрсеткіштердің базалық тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18008 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көрсеткіштердің базалық тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
Көрсеткіштердің базалық тізбесі
Р/с№ | Нысаналы индикаторлар | Өлшем бірлігі | Есептілікті қалыптастыру мерзімі | Ақпарат көзі | Жауапты мемлекеттік орган | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||
1 | ЖӨӨ нақты көлемінің индексі | % | сәуір (жедел) тамыз (жылдық) | ресми статистикалық ақпарат | ҰЭМ | ||
2 | Шикізаттық емес экспорт көлемінің өсуі | өткен жылға қарағанда % | ақпан (жедел) шілде (жылдық) | ресми статистикалық ақпарат | СИМ | ||
3 | Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға инвестициялар | млрд теңге | қаңтар (жедел) шілде (жылдық) | ресми статистикалық ақпарат | ИИДМ | ||
4 | Еңбек өнімділігінің өсуі: | ||||||
4.1 | өңдеу өнеркәсібінде | өткен жылға қарағанда % | мамыр (жедел) тамыз (жылдық) | ресми статистикалық ақпарат | ИИДМ | ||
4.2 | ауыл шаруашылығында | өткен жылға қарағанда % | мамыр (жедел) тамыз (жылдық) | ресми статистикалық ақпарат | АШМ | ||
5 | Өлім-жітімнің стандартталған коэффициенті | коэффициент | шілде (жылдық) | ресми статистикалық ақпарат | ДСМ | ||
6 | Құрылған жұмыс орындарының саны: | бірлік | ақпан (жылдық) | Еңбекминінің әкімшілік деректері | Еңбекмині | ||
6.1 | тұрақты | ||||||
6.2 | уақытша | ||||||
7 | Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар үлесі | % | ақпан (жылдық) | Еңбекминінің әкімшілік деректері | Еңбекмині | ||
8 | ЖӨӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі | % | сәуір (жедел) тамыз (жылдық) | ресми статистикалық ақпарат | ҰЭМ | ||
9 | Бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу | ш.м | ақпан (жылдық) | ресми статистикалық ақпарат | ИИДМ | ||
10 | Халықтың сумен жабдықтау көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуі: | % | ақпан (жылдық) | ИИДМ әкімшілік деректері | ИИДМ | ||
10.1 | қалаларда | ||||||
10.2 | ауылдық елді мекендерде | ||||||
11 | Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі | % | қаңтар (жылдық) | ИИДМ әкімшілік деректері | ИИДМ | ||
12 | Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі | % | мамыр (жылдық) | ЖАО әкімшілік деректері | ЭГТРМ | ||
13 | Халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілуі | % | ақпан (жылдық) | МСМ әкімшілік деректері | МСМ | ||
14 | Сыбайлас жемқорлық деңгейі | % | ақпан (жылдық) | СЖҚІА әкімшілік деректері | СЖҚІА | ||
15 | Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі | % | ақпан (жылдық) | ТЖМ әкімшілік деректері | ТЖМ | ||
16 | Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес ауылдық елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі | % | наурыз (жылдық) | ЖАО әкімшілік деректері | ҰЭМ |
Ескертпе: ЖАО орталық мемлекеттік органдардың келісімінсіз он индикаторға дейін дербес қосуға жол беріледі.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;
ЖӨӨ – Жалпы өңірлік өнім;
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;
ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;
СЖҚІА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.