Денсаулық сақтау саласында құрметті атақтар беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-314/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 21926 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласында құрметті атақтар беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-314/2020
бұйрықпен бекітілген

Денсаулық сақтау саласында құрметті атақтар беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау саласында құрметті атақтар беру қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 35) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласында құрметті атақтар беру тәртібін айқындайды.

      2. Құрметті атақтар:

      1) медицина қызметкерлеріне;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне;

      3) денсаулық сақтау жүйесі саласындағы жергілікті атқарушы орган органдарының, мемлекеттік кәсіпорындардың, өзге де ұйымдар мен бірлестіктердің қызметкерлеріне қолданылады;

      4) медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлеріне беріледі.

      3. Құрметті атақтар Денсаулық сақтау жүйесі саласының дамуына елеулі үлес қосқан, өз қызметінде елеулі нәтижелерге қол жеткізген және денсаулық сақтау саласында ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын жоғары кәсіби мамандарға беріледі.

2-тарау. Құрметті атақ беру және оларды тапсыру тәртібі

      4. Құрметті атақтар беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен құрылған құрметті атақтар беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      5. Комиссия мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатарынан құрылады.

      6. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде он бес адамды құрайды. Комиссия мүшелері Комиссия қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.

      7. Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.

      8. Комиссия хатшысы ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.

      9. Құрметті атақтар беруге ұсыныстар Министрлікке мерекелік, мерейтойлық күндерге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей жіберіледі.

      10. Құрметті атақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным негізінде беріледі.

      11. Құрметті атақтар беруге ұсыныстар Министрлікке жіберіледі:

      1) мемлекеттік органдар;

      2) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады;

      3) Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен;

      4) медициналық білім беру және ғылым ұйымдары жүзеге асырады.

      12. Құрметті атақтар беруге ұсынымдарда наградталушының жеке басын, ұйымдардағы жалпы еңбек өтілін, нақты сіңірген еңбегін және жұмыстың тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтерді сипаттайтын деректер бөлінеді.

      13. Министрлік құрметті атақ беру үшін келіп түскен ұсыныстар мен қоса берілетін құжаттарды бірыңғай мерзімде тіркейді және бес күн мерзімде Комиссияның қарауына ұсынады.

      14. Құрметті атақ беруге кандидатураны бекіту туралы комиссияның шешімі комиссияның отырысында қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Қажетті дауыс саны болмаған жағдайда, құрметті атақ берілмейді.

      Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің үштен екісінен астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі.

      15. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.

      16. Құрметті атақтарды тапсыруды салтанатты жағдайда Министр немесе басқа да лауазымды адамдар жүргізеді.

      17. Құрметті атаққа ие болған адамдарды есепке алуды Министрліктің Персоналды басқару департаменті жүзеге асырады.

      18. Құрметті атақ беру кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада құрметті атақ беруге хаттама жасалады, ол Министрліктің лауазымды адамының қолымен және мөрімен бекітіледі.

  Денсаулық сақтау саласында
құрметті атақтар беру
қағидасына 1-қосымша
  Нысан

Құрметті атақтар беруге ұсыныс

      __________________________________________________________________________

      (республика, облыс, аудан)

      1. Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________________

      2. Туған күні _______________________________________________________________

      (күні, айы, жылы)

      3. Туған жері ______________________________________________________________

      (республика, облыс, қала, аудан, ауыл)

      4. Ұлты ___________________________________________________________________

      5. Жынысы ________________________________________________________________

      6. Білімі ___________________________________________________________________

      (оқу орнының атауы, бітірген жылы)

      7. Білімі бойынша мамандығы ________________________________________________

      8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________________________

      9. Жұмыс орны және атқаратын қызметі ________________________________________

      10. Қандай мемлекеттік наградалармен марапатталған және марапатталған күні

      __________________________________________________________________________

      11. Мекенжайы ____________________________________________________________

      12. Жалпы жұмыс өтілі ______________________________________________________

      13. Саладағы жұмыс өтілі ____________________________________________________

      14. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі _______________________________________

      15. Марапаттауға ұсынылып отырған тұлғаның сіңірген нақты еңбегі көрсетілген мінездемесі _____________________________________________________________________

      16. Кандидатура жұмыс орны бойынша ұсынылды (20___ жылғы "___" № ____ хаттама)

      __________________________________________________________________________

      (награданың түрі)

      Марапаттауға ұсынылады ___________________________________________________

      Басшы ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты және қолы)

      ____ жылғы "___" ____________

      (мөр орны)

  Денсаулық сақтау саласында
құрметті атақтар беру
қағидасына 2-қосымша
  Нысан

Құрметті атақ беруге хаттама

      __________________________________________________________________________

      (қаланың атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)

      Мен,______________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________,

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 20__ жылғы "___"_________ № ___ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі атынан

      __________________________________________________________________________

      (марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы)

      _______________________________________________________________ тапсырдым.

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы және ұйымның мөрі)

      Комиссия хатшысы:_________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      Марапатталған тұлғаның (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады