"Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 31 тамыздағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 21929 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 30 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 17.01.2023 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 31 тамыздағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15795 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингі қағидаларында:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру – құқық қорғау органдары қызметінің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіру және тиімділігін арттыру мақсатында құқық қорғау қызметі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің барлық субъектілерінің өзара әрекеттесуіне бағытталған қызмет;";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Академияның құқық қорғау органдарымен, олардың ведомстволық ғылыми мекемелерімен және білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесуі";

      11-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ВҒЗ тақырыптарын бекіту үшін жыл сайын төртінші тоқсанда, 25 желтоқсаннан кешіктірілмей Академияның ҒӘК отырысы ұйымдастырылады және өткізіледі, зерттеу субъектілеріне ҒӘК жұмысының нәтижелері туралы хабардар етіледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Академияның сұрау салуына сәйкес ВҒЗ мониторингін өткізу үшін құқық қорғау органдары және олардың ведомстволық ғылыми мекемелері мен білім беру ұйымдары ВҒЗ нәтижелерін (ғылыми зерттеулер индикаторлары бойынша мәліметтерді көрсете отырып), ВҒЗЖ туралы қорытынды есептерді, зерттеу материалдары мен енгізу актілерін Академияға 25 қаңтарға қарай жолдайды.";

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Жүргізілетін ВҒЗ тиімділігін анықтау осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес ВҒЗ индикаторлар кестесімен өлшенетін көрсеткіштер бойынша рейтингілік жүйе ұпайларының қосындысы негізінде жүзеге асырылады.

      29. ВҒЗ мониторингін Академия жыл сайын бірінші тоқсанда, 25 наурыздан кешіктірмей жүргізеді.";

      31-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мониторинг нәтижелері екінші тоқсанда Академияның ҒӘК отырысында қаралады, онда жүргізілетін зерттеулердің, авторлық ұжымдардың не жекелеген орындаушылардың жұмыстарының тиімділігі бағаланады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. ВҒЗ мониторингінің нәтижелері Академияның ҒӘК отырысында бекітілгеннен кейін 5 (бес) күн ішінде Академияның ресми сайтына орналастырылады.";

      Ведомствоаралық ғылыми зерттеу индикаторларының кестесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 156 бұйрығына
қосымша
  Құқық қорғау қызметі
саласында ведомствоаралық
ғылыми зерттеулер жүргізу,
оларды үйлестіру және
мониторингі қағидаларына
3-қосымша

Ведомствоаралық ғылыми зерттеу индикаторларының кестесі

Индикатор көрсеткіші (соның ішінде жүргізілетін зерттеу аясында дайындалған және пайдаланылатын материалдар)

Ұпай

Ескерту

Авторлық ұжым құрамы

1.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері

5


2.

Мемлекеттік органдардың өкілдері

3


3.

Авторлық ұжымның дәрежеленген қатысушылары (бірлік үшін)

5


4.

Авторлық ұжымның шетелдік қатысушылары (бірлік үшін)

5


Ғылыми еңбектерді шығару (бірлік үшін):

5.

Криминологиялық форум, дөңгелек үстел жинағы

10


6.

Диссертация, әдістемелік ұсынымдар

20


7.

Монография, оқу құралдары

40


Ғылыми мақала (бірлік үшін):

8.

Қазақстандық басылымдарда

3


9.

ТМД елдерінің басылымдарында

4


10.

Шетелдік басылымда

6


11.

Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған басылымдарда

10


12.

РҒДИ базасына кіретін халықаралық басылымдарда

15


13.

Web of Science Core Collection, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index, Scopus базасына кіретін халықаралық басылымдарда

20


Ғылыми іс-шаралар

14.

Ғылыми зерттеулер бойынша халықаралық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысу (бірлік үшін)

3


15.

Ғылыми зерттеулер бойынша конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысу (бірлік үшін)

2


16.

Конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар және басқаларды ұйымдастыру және өткізу (бірлік үшін)

10


17.

ТМД елдері сарапшыларының қатысуымен конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар ұйымдастыру және өткізу

15


18.

Шетел сарапшыларының қатысуымен ғылыми іс-шаралар (конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар және т.б.) ұйымдастыру және өткізу

20


Практикалық ақпаратты пайдалану:

19.

Азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер материалдарын талдау нәтижелері

3


20.

Сұхбат, ғылыми эксперимент, модельдеу жүргізу және нәтижелерін қорыту

10


Ведомствоаралық ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізу

21.

Оқу процесіне

5


22.

Құқық қорғау органдарының практикалық қызметіне

20


23.

Норма шығармашылыққа

40


Ұпайлардың қорытынды жиынтығы

Төмен ұпай:
15-54 Орташа ұпай:
55-129 Жоғары ұпай: 130 және одан да көп


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады