"Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда № 21953 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10151 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері немесе туындауы туралы, оның ішінде қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың қолданылуы туралы ақпаратты қадағалау, ахуалды бақылау және болжау қызметтері, оның ішінде сейсмологиялық қызмет, селдік құлақтандыру, радиациялық ахуалды бақылау жүйелері және меншік нысанына қарамастан өзге де құзыретті ұйымдар қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығына (бұдан әрі - ДЖБО) береді. ДЖБО осындай ақпаратты алуы халықты және мемлекеттік органдарды құлақтандыруды ұйымдастыру үшін негіз болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаментіне Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты оның ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады