"Зерттеу сынау өртке қарсы зертханалардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда № 21954 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Зерттеу сынау өртке қарсы зертханалардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15540 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Зерттеу сынау өртке қарсы зертханалардың қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қағидалар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық бөлімшелерінің зерттеу сынау өртке қарсы зертханалары (бұдан әрі – ЗСӨҚЗ) қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ЗСӨҚЗ қызметі:

      1) қылмыстық, әкімшілік сот істерінде және азаматтық қорғау органдарының өзге де қызметінде қолдану үшін өрт қауіпсіздігі саласындағы арнайы білімдерін білікті пайдалануды;

      2) мамандардың тергеу іс-қимылдарына қатысушыларға өз құзыретіне кіретін мәселелерді түсіндіру арқылы дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдемдесу үшін ЗСӨҚЗ техникалық құралдарын пайдалана отырып, оқиғалар орнын қарап-тексерулерге және басқа да тергеу іс-қимылдарына қатысуын;

      3) өрттің туындау орнын, олардың туындауы мен дамуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды айқындау мақсатында қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заттай дәлелдемелерді зерделеу бойынша оларға зерттеу жүргізуді, зерделенетін құбылыстар мен фактілердің заңдылығын белгілеу мақсатында мәліметтерді жүйелендіруді;

      4) өрттің туындауына әкеп соқпайтын улы газбен улану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтардан адамдардың қайтыс болу және жарақаттану мән-жайының себептік-іздік байланысын белгілеуді;

      5) ақпараттық материалдар дайындау үшін өрттерде, өрттің туындау салдары орындарында болған зерттеулерді бейнеге және фотоға түсіруді;

      6) өрттің туындау себептері туралы қорытындылар беруді;

      7) заттар мен материалдардың өрт қауіптілік көрсеткіштерін айқындауды (сынаулар жүргізу);

      8) өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен бірлесіп аспаптық тексеру әдістерін пайдалана отырып профилактикалық іс-шараларды жүргізуді;

      9) жүргізілген аспаптық тексеру әдістерінің негізінде қорытынды беруді;

      10) зерттелген өрттердің себептеріне, олардың туындауы мен дамуына ықпал еткен жағдайларға, заттар мен материалдардың жекелеген түрлерін сөндіру жөніндегі нұсқаулықтарын жетілдіру бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізе отырып талдау жасауды, ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу бойынша сараптамалық кеңес жұмысына қатысуды;

      11) басшылыққа оларды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс енгізе отырып, қолда бар ЗСӨҚЗ техникалық құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету, техникалық пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;

      12) ЗСӨҚЗ қызметін қамтамасыз ету үшін тиесілілік нормасын әзірлеуге қатысуды;

      13) азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды ашуға пайдалану үшін айқындау әдістері мен тәсілдеріне, объектілерді тіркеу мен алып қоюға оқытуға қатысуын көздейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады