Зерттеу сынау өртке қарсы зертханалардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 тамызда № 15540 болып тіркелді.

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 - бабы 1-тармағының 70-33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.01.2023 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Зерттеу сынау өртке қарсы зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне (Беккер В.Р.) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-
полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 510 бұйрығымен
бекітілген

Зерттеу сынау өртке қарсы
Зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы қағидалар (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық бөлімшелерінің зерттеу сынау өртке қарсы зертханалары (бұдан әрі – ЗСӨҚЗ) қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.01.2023 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) ЗСӨҚЗ – өртті зерттеу, заттар мен материалдардың өрт қауіптілік көрсеткіштерін айқындау (сынау жүргізу), тексерудің аспаптық әдісін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын азаматтық қорғау органдарының бөлімшесі;

      2) ЗСӨҚЗ маманы – өртті зерттеу, заттар мен материалдардың өрт қауіптілік көрсеткішін айқындау (сынау жүргізу), тексерудің аспаптық әдісін жүргізу жөніндегі арнайы білімі бар және қызметін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын азаматтық қорғау органдарының қызметкері;

      3) ЗСӨҚЗ техникалық құралдары – өртті зерттеу, заттар мен материалдардың өрт қауіптілік көрсеткішін айқындау (сынау жүргізу), тексерудің аспаптық әдісін жүргізу үшін қолданылатын арнайы аспаптар, жабдық, құралдар, материалдар;

      4) аспаптық тексеру әдістері – объектілердің өртке қарсы қорғау жүйелерінің және элементтерінің жұмысқа қабілеттілігі мен сәйкестігін ЗСӨҚЗ техникалық құралдарын пайдалана отырып бағалау жүргізу;

      5) ЗСӨҚЗ маманының қорытындысы – зерттеудің мазмұны мен қорытындыларды қамтитын, өртті зерттеу, объектілерді өртке қарсы қорғау жүйелерінің және элементтерінің жұмысқа қабілеттілігі мен сәйкестігін бағалау жөніндегі ресми құжат (бұдан әрі – қорытынды);

      6) өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор – өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жүргізетін, азаматтық қорғау органдары бөлімшесінің лауазымды адамы;

      7) жеке-дара зерттеу – ЗСӨҚЗ бір маман жүзеге асыратын өртке зерттеу жүргізу түрі;

      8) қосымша зерттеу – жүргізілуі алдыңғы зерттеуге байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттілігінен туындаған, сол немесе басқа ЗСӨҚЗ маманы жүргізетін, өртті зерттеу түрі. Қосымша зерттеу жүргізу тапсырылған кезде ЗСӨҚЗ маманына алдыңғы тексерудің қорытындысы беріледі.

      9) комиссиялық зерттеу – ЗСӨҚЗ бір мамандықтың кемінде екі маманы жүзеге асыратын күрделі санаттағы өрттерге зерттеу жүргізу түрі;

      10) кешенді зерттеу – жүргізуді түрлі біліктілік мамандары өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын түрлі білім саласы негізінде өртке зерттеу жүргізу түрі;

      11) аспаптық тексеру әдістерін пайдаланып қосымша тексеру – алдыңғы тексеруге байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты аспаптық тексеру әдісін түрі.

2-тарау. ЗСӨҚЗ қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру

      3. ЗСӨҚЗ қызметін жоспарлау кезінде функцияларға сәйкес және жедел (өрт) ахуал мен басқа да жағдайлар ерекшеліктерін ескере отырып мына негізгі бағыттар:

      1) өңірдегі өрт жағдайы және жай-күйі мен қарқыны, өртке байланысты қылмыстарды тергеу жөніндегі жұмыс нәтижелері;

      2) ЗӨСҚЗ қызметті жүзеге асыру кезінде ұйымдастырушылық қамтамасыз етудің жай-күйі мен кемшіліктері;

      3) ЗСӨҚЗ алдыңғы жұмыс жоспарларында көзделген іс-шараларды орындау нәтижелері көзделеді.

      4. ЗСӨҚЗ қызметі:

      1) қылмыстық, әкімшілік сот істерінде және азаматтық қорғау органдарының өзге де қызметінде қолдану үшін өрт қауіпсіздігі саласындағы арнайы білімдерін білікті пайдалануды;

      2) мамандардың тергеу іс-қимылдарына қатысушыларға өз құзыретіне кіретін мәселелерді түсіндіру арқылы дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдемдесу үшін ЗСӨҚЗ техникалық құралдарын пайдалана отырып, оқиғалар орнын қарап-тексерулерге және басқа да тергеу іс-қимылдарына қатысуын;

      3) өрттің туындау орнын, олардың туындауы мен дамуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды айқындау мақсатында қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заттай дәлелдемелерді зерделеу бойынша оларға зерттеу жүргізуді, зерделенетін құбылыстар мен фактілердің заңдылығын белгілеу мақсатында мәліметтерді жүйелендіруді;

      4) өрт туындамаған қатты отынмен пешті жағу кезінде өрт қауіпсіздігі бұзушылықтарымен улы газбен улану кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттану жағдайларының себеп-салдарлық байланысын белгілеу;

      5) ақпараттық материалдар дайындау үшін өрттерде, өрттің туындау салдары орындарында болған зерттеулерді бейнеге және фотоға түсіруді;

      6) өрттің туындау себептері туралы қорытындылар беруді;

      7) заттар мен материалдардың өрт қауіптілік көрсеткіштерін айқындауды (сынаулар жүргізу);

      8) өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен бірлесіп аспаптық тексеру әдістерін пайдалана отырып профилактикалық іс-шараларды жүргізуді;

      9) жүргізілген аспаптық тексеру әдістерінің негізінде қорытынды беруді;

      10) зерттелген өрттердің себептеріне, олардың туындауы мен дамуына ықпал еткен жағдайларға, заттар мен материалдардың жекелеген түрлерін сөндіру жөніндегі нұсқаулықтарын жетілдіру бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізе отырып талдау жасауды, ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу бойынша сараптамалық кеңес жұмысына қатысуды;

      11) басшылыққа оларды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс енгізе отырып, қолда бар ЗСӨҚЗ техникалық құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету, техникалық пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;

      12) ЗСӨҚЗ қызметін қамтамасыз ету үшін тиесілілік нормасын әзірлеуге қатысуды;

      13) азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды ашуға пайдалану үшін айқындау әдістері мен тәсілдеріне, объектілерді тіркеу мен алып қоюға оқытуға қатысуын көздейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.12.2020 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.01.2023 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен жағдайлар өртті зерттеу қызметін талдау кезінде анықталады.

      6. Құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша ұсыныстар әзірлеу кезінде анықталған құқық бұзушылықты жасауға ықпал еткен жағдайлар туралы ақпарат пен ұсынылған шаралардың дәлелді негіздері келтіріледі. Қажет болған жағдайда схемалар, сызбалар, фото түсірілімдер қоса беріледі.

      7. ЗӨСЗ үй-жайлары МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 "Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес орналастырылады.

      Зертханаларға арналған жекелеген үй-жайлар зерттеулер мен сынақтар жүргізу үшін есепке алуды қалыптастыру және жүргізу, нақты қажеттілікке сәйкес қосалқы жұмыстарды жүргізу үшін бөлінеді.

      Үй-жайларда:

      энергиямен жабдықтау (айнымалы және тұрақты ток) көзделеді;

      суық және ыстық су;

      электромагниттік өрістерден, тербелістерден, шудан қорғау;

      жерге тұйықтау;

      жалпы ағынды-сорғылы және жергілікті желдету.

      Рентген аппараттарында жұмыс жүргізілетін үй-жайларда сәулеге қарсы қорғаныс қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.01.2023 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Әрбір ЗСӨҚЗ-да жалпыға қолжетімді жерде медициналық препараттар (таңып байлау материалдары) салынған қобдиша және алғашқы өрт сөндіру құралдары, электр тоғымен зақымдалудан қорғау құралдары (оқшаулағыш тұғырлар, кілемшелер, резеңке қолғаптар, калоштар); қауіпсіз жұмыс техникасы бойынша әрбір жабдыққа нұсқаулықтар және қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария бойынша анықтамалықтар сақталады.

      9. ЗСӨҚЗ мамандары өртті зерттеу бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде:

      1) электр құралдарын, рентген жабдықтарын және басқа аппаратураны пайдаланған кезде, сондай-ақ химиялық, оның iшiнде улы, жарылғыш және өртке қауiптi заттармен жұмыс істеген кезде, қолданыстағы нормалар мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын бiлуі және орындауы;

      2) тексеруден өтпеген аспаптарда, қондырғыларда және өзге де аппаратураларда жұмысқа кіріспеу керек. Адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ақауларды байқаған жағдайда, "Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 222 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10889 болып тіркелген) талаптары шегінде оларды жою шараларын қабылдауы;

      3) "Алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың көрсету қағидаларын және Алғашқы көмекті көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21814 болып тіркелген) сәйкес жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету тәсілдерін меңгеру;

      4) жыл сайын, тағайындалған күннен бастап бір айдан кешіктірмей қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өтуі;

      5) ЗСӨҚЗ үй-жайына бөтен адамдардың кіруін қатаң шектеуі тиіс.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.01.2023 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. ЗСӨҚЗ мамандары қауіпсіздік техникасы бойынша сынақты тапсырған соң ғана техникалық құралдармен жұмыс істеуге жіберіледі.

3-тарау. Қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер
бойынша өрттерге зерттеу жүргізуді ұйымдастыру

      11. Өртті зерттеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесі мақұлдаған әдістемелерге немесе оның "Азаматтық қорғау саласындағы шешімдер үшін ғылыми-техникалық әлеуетті жетілдіру және ғылыми негізделген ұсынымдарды әзірлеу" бейіндік секциясына сәйкес өз құзыреті шегінде жүргізіледі (бұдан әрі – әдістемелер).

      12. Зерттеулерді жүргізуді қажетті материалдық-техникалық база немесе зерттеулер жүргізу үшін арнайы жағдайлар болған кезде ЗӨСЗ мамандары жүзеге асырады.

      Зертхана қызметкерлері анықтау және тергеу органдарының қаулылары бойынша іс материалдарын қоса бере отырып, өрттердің пайда болу орындарына, заттар мен материалдардың, жабдықтардың және жанудың пайда болуымен байланысты басқа да факторлардың себепті байланысын анықтау бойынша өрт-техникалық зерттеу жүргізеді. Осы қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мерзімдер ішінде өрттің шығу себебі мен ошағын анықтау бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 117-бабына сәйкес маманның қорытындысын дайындайды.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 756-бабына сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспектордың жазбаша сұрау салуы бойынша зертхана мамандары іс материалдарын қоса бере отырып, Әкімшілік процестік әрекетке қатысады. Осы қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мерзімдер ішінде өрттің шығу себебі мен ошағын анықтау бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 773-бабына сәйкес маманның қорытындысын дайындайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.01.2023 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Өртті зерттеу олардың келіп түсу кезектілігі тәртібінде орындалады.

      14. Өртке зерттеу жүргізу кезектілігін өртке зерттеу жүргізуді шұғыл талап ететін жағдайларда зерттеуді тағайындайтын органның немесе адамның дәлелді өтініші бойынша ЗСӨҚЗ бастығы өзгерте алады.

      15. Өртті зерттеу күрделілік дәрежесі бойынша үш санатқа бөлінеді:

      1) стандартты – іс жүргізу мерзімі үш күнтізбелік күнге дейін, көп еңбек жұмсалатын әдістерді қолдануды қажет етпейтін күрделі емес объектілер бойынша зерттеу;

      2) күрделілігі орташа – объектілердің сандық және сапалық сипаттамалары, сондай-ақ пайдаланылатын зерттеу әдістемелері іс жүргізу мерзімі он күнтізбелік күнге дейін белгілі бір уақытша шығындарды қажет ететін зерттеулер;

      3) күрделі – ұзақ, ғылымдық және аспаптық әдістерді қолдануды талап ететін оқиға орнына шығумен байланысты, іс жүргізу мерзімі он бес күнтізбелік күнге дейінгі қойылған мәселелер саны көп зерттеулер.

      16. Объектілер санына және қойылған мәселелерге байланысты ЗСӨҚЗ басшысы жүргізілуін ұйымдастырады және зерттеудің:

      1) жеке-дара;

      2) комиссиялық;

      3) кешенді түрін айқындайды.

      17. Маманның қажетті біліктілігі болған жағдайда онда кешенді зерттеу жүргізу оларға жеке-дара жүргізіледі.

      18. Тиісті зерттеу әдістемесі, қажетті техникалық құралдар, жабдықтар және (немесе) зерттеуге берілген материалдар толық болмаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 80-бабында, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 756-бабында көзделген негіздер бойынша материалдар зерттеу тағайындаған адамға бір күнтізбелік күн мерзімінде орындамау себептері көрсетіле отырып, қайтарылады.

      19. Зерттеу материалдарын ЗСӨҚЗ бастығы немесе оған уәкілетті адам қабылдайды және олар келіп түскен күні қаралады.

      20. Зерттеу материалдары оралған және мөрленген күйде қабылданады. Объект орамасында түсіндірме жазу болуы керек және ішіндегі затқа қол жеткізу мүмкіндігін болдырмау керек.

      21. ЗСӨҚЗ келіп түскен материалдар орамын ашуға өртке зерттеу жүргізу тапсырылған ЗСӨҚЗ маманының ғана құқығы бар. Материалдардың орамының болмағаны туралы, сондай-ақ орамасының зақымдалғаны туралы мәліметтер маманның қорытындысында көрсетіледі.

      22. Егер зерттеу материалдарын ЗСӨҚЗ-ға тасымалдау мүмкін болмаған жағдайда зерттеуді тағайындаған орган немесе адам ЗСӨҚЗ маманының объекті тұрған жерде оған кедергісіз кіруін және оны зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      23. Түскен материалдарды қарау кезінде ЗСӨҚЗ бастығы:

      1) алдағы болатын зерттеудің түрін, сипатын және көлемін;

      2) өртті зерттейтін нақты орындаушыны;

      3) зерттеу жүргізу мерзімін белгілейді.

      24. Зерттеу материалдары материал келіп түскеннен кейін бір күннен кешіктірілмей зерттеу жүргізу тапсырылған ЗСӨҚЗ маманына беріледі.

      25. Зерттеу жұмысы тапсырылған ЗСӨҚЗ маманы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Зерттеу жүргізу үшін келіп түскен материалдарды, заттар мен объектілерді тіркеу журналына зерттеу үшін келіп түскен материалдарды тіркейді.

      26. Өртке зерттеу жүргізу тікелей өрт туындаған жерде, сондай-ақ ЗСӨҚЗ үй-жайларында (зертханаларда) жүргізіледі.

      27. ЗСӨҚЗ зерттеу жүргізген кезде маман:

      1) ұсынылған материалдарды және объектілердің орамаларының жай-күйін (бүтіндігі, қайта орау белгілерінің болуы, объектілерге орамасын бұзбай қол жеткізу мүмкіндігі) зерделейді;

      2) ұсынылған материалдардың ілеспе хатта келтірілген тізбеге сәйкестігін белгілейді және қойылған мәселелерді шешуге олардың жеткіліктігін бағалайды;

      3) алдағы зерттеулердің түріне, сипаты мен көлеміне сүйене отырып, басшы белгілеген мерзімде зерттеу жүргізу мүмкіндігін бағалайды;

      4) алдына қойылған мәселелерді шешу үшін әдістемені және өзінің иелігіндегі техникалық құралдарды пайдаланады;

      5) зерттеу объектілерді ұрлануын, жоғалтуын немесе бүленуін болдырмайтын жағдайларда мөрленетін сейфтерде, метал шкафтарда немесе ЗӨСҚЗ сақтау камераларында, сондай-ақ сыртқы түрінің, физикалық және химиялық қасиеттерінің табиғи өзгеруін болдырмайтын шарттарда сақтауды қамтамасыз етеді.

      28. Тергеу және сот әрекеттеріне қатысар алдында, маман ретінде тартылатын ЗСӨҚЗ қызметкері:

      1) іс жүргізудің түрін және оны жүргізу шарттарын анықтайды, шешілуі тиіс міндеттерді нақтылайды;

      2) қарап-тексеру шекараларын, заттай дәлелдемелерді табу, тіркеу және алу бойынша іс-қимылдардың дәйектілігін нақтылайды. Тергеушінің тарапынан қарсылық болмаған жағдайда, оны орындауға кіріседі;

      3) тергеу іс-қимылдарын (әкімшілік құқық бұзушылық) жүргізу орындарын суретке түсіру, дыбыс және бейне жазба жасау тәртібі, түсіріп алуға немесе тіркеуге жататын объектілерді таңдау, суретке түсіру, дыбыс және бейнеге жазу әдісі мен басқа дыбыстық жазу, фото, бейне түсірілімдерді қолданудың техникалық міндеттері тергеу іс-қимылы басшысының келісімі бойынша анықтайды;

      4) дыбыс жазба, фото, бейне түсірілімдердің техникалық ерекшеліктерін (ара қашықтық, түсіру жағы, жарық беру түрі және басқалар) дербес анықтайды;

      5) тергеу іс-қимылын өткізу орнының жағдайына өзгерістер енгізілгенге дейін бағдарлы және шолу фото түсірілімдерін, кейін тораптық және егжей-тегжейлі түсірілімдерді жүргізеді;

      6) тергеу іс-қимылының хаттамасына дыбыс, бейне жазбаны, фото түсірілімді қолдану туралы мәліметтерді енгізу үшін тергеушіге дыбыс жазу, бейне, фото тіркеудің техникалық құралдарының атауы мен моделін, объективтің атауы мен сипаттамасын, түсірілім әдістері мен амалдарын айтады;

      7) фототүсірілімді қолдану нәтижелеріне қол қояды, ЗӨСЗ мөрімен куәландырады, тергеушіге немесе анықтаушыға хабарлайды, электрондық тасығышта фото кесте мен файл жазбаларын (редакцияланбаған, JPEG немесе BMP, GIF форматында) дайындап қолхатпен қолма-қол береді;

      8) осы Қағидаларға сәйкес ЗСӨҚЗ техникалық құралдарды қолдануға қажетті көмек көрсетеді және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қылмыстық процеске қатысушыға түсіндірме береді;

      9) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 34 тарауында көзделген негіздер болған жағдайда іс жүргізудің үлгілер, заттар мен іздерді алуға бағытталған тергеу іс-қимылдарын жүзеге асырады;

      10) өрттің туындауына әкеп соққан іздер мен белгілерді анықтау және бекіту үшін, зерттеу объектілерді алғаннан кейін үш жұмыс күннін ішінде қылмыстық құдалау органдарынан алады;

      11) қылмыс (өрт) орындарын зерттеуді қылмыстық құдалау органдары уақтылы тағайындаған зерттеулер бойынша өткізеді.

      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.01.2023 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Зерттеу нәтижелері бойынша ЗСӨҚЗ маманы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 117-бабына сәйкес екі данада қорытынды жасайды. Қорытындының әр бетіне қосымшаны қоса алғанда ЗСӨҚЗ маманы қол қояды және бөлімшенін мөрімен куәландырылады.

      30. Мамандар орындаған зерттеулерді есепке алу мақсатында, ЗСӨҚЗ маманы қорытындыны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЗӨСҚЗ мамандарының қорытындыларын тіркеу журналына тіркейді.

      31. Материалдарды зерттеу мен ресімдеуді аяқтағаннан кейін ЗӨСҚЗ маманы ЗСӨҚЗ басшысының қарауына береді, онда бір жұмыс күндік мерзімде зерттеу тағайындаған адамға қорытындыны беруін келісіледі.

      32. ЗСӨҚЗ басшысы зерттеу материалдарын ресімдеу кезінде кемшіліктерді анықтаған жағдайда оларды орындаушыға іле-шала аяқтауға қайтарады.

      33. ЗӨСҚЗ маманы зерттеу материалдарын қайтарған сәттен бастап бір тәулік мерзімде зерттеу материалдарындағы кемшіліктерді жою бойынша шараларды қабылдайды.

      34. Қайтаруға жататын зерттеу материалдарын зерттеуді тағайындаған адамға зерттеу жүргізген ЗӨСҚЗ маманы орайды, зерттеу объектілері қорытындыдан бөлек буып-түйіледі. Буып-түю объектілердің сақталуын қамтамасыз ету, ішіндегілерге қолжетімділікті болдырмауы, маманның қажетті түсіндірме жазбасы мен қолының болу тиіс. Буып-түю ЗӨСҚЗ мөрімен мөрленеді.

      35. Бағалы заттар, тез тұтанатын және олардан тұратын бұйымдар, азаматтардың өмірімен денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауіпті өзге де объектілер, сондай-ақ көлемді және сынғыш заттар пошта арқылы жөнелтуге жатпайды. Пошта арқылы бере алмайтын, объектілерді тасымалдауды зерттеу тағайындаған адам (орган) қамтамасыз етеді.

      36. Арнайы жабдықталған үй-жай жағдайларында сақталатын зерттеу объектілері басшысының нұсқауы бойынша объектілерді зерттеу тапсырылған адамға ғана беріледі және жұмыс істеу аяқталуына қарамастан берген күні маманға қайтарылады.

      37. ЗӨСҚЗ мамандары өрт қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға:

      1) зерттеу жүргізу практикасын талдау және жалпылау негізінде құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен шарттарды айқындау, іс жүгізу іс-қимылдарына қатысу, зерттеу құралдары мен әдістерін қолдану;

      2) азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің өрттен кейін өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық фактілерін тануға үйретуге қатысу арқылы қатысады.

      38. Құқық бұзушылықтар профилактикасы мақсатында әкімшілік іс жүргізу кезінде ЗӨСҚЗ мамандарының өртке зерттеу жүргізу және тергеу іс-қимылдарына қатысу практикасын талдау мен жалпылау:

      зерттеу объектілері бойынша – қорғаудың жақсаруы, ал сенімділігінің арттырылуы қажет объектілер шеңберін айқындау мақсатында;

      құқық бұзушылық жасау тәсілдері бойынша – оларды зерделеу және осындай амалдармен құқық бұзушылықтың жаңа түрлерін жасау мүмкіндігін болдырмайтын немесе қиындататын әзірлеу құралдарын, сондай-ақ осындай құқық бұзушылықтарды ашу мүмкіндігін арттыратын құралдарды қолдану мақсатында;

      құқық бұзушылық түрлері бойынша – олардың белгілі бір түрлерінің алдын алу үшін маңызы бар ұсынымдар әзірлеу мақсатында жүргізіледі.

4-тарау. Заттар мен материалдарға сынау жүргізуді ұйымдастыру

      39. Өрт қауіпті көрсеткіштерін айқындау бойынша заттар мен материалдарға сынау жүргізу өрттердің туындау себебін және оның орнын айқындау, оның өршу заңдылығын, оның таралуына ықпал еткен шарттарды табу мақсатында қарсы іс-қимылдың (сөндірудің) қабылданған шараларын бағалау үшін өрттерді зерттеу шеңберінде жүргізіледі.

      40. Заттар мен материалдарға сынау жүргізуді қажет материалдық-техникалық базасы болған кезде тиісті жабдықта оқытудан өткен, "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасы Занының 14-бабына сәйкес біліктілік талаптарына сай келетін ЗӨСҚЗ маманы Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес, өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжаттар мен Қазақстан Республикасы заңнаманың талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізеді.

      41. Сынау жүргізу сенімді өлшем құралдарын қолдана отырып, жарамды жабдықта қатаң бекітілген әдістемелермен жүзеге асырылады.

      42. Сынау жүргізу кезінде ЗӨСҚЗ маманы:

      1) ұсынылған материалдар мен заттар, объектілердің орауының жай-күйін зерделейді (бүтіндігі, қайта орау белгілерінің болуы, объектіге орауын бұзбай қол жеткізу мүмкіндігі);

      2) ұсынылған объектілердің сынау жүргізу әдістерін регламенттейтін нормативтік құжаттарға сәйкестігін анықтайды.

      43. Сынау нәтижелері бойынша ЗӨСҚЗ қызметкері МЕМСТ 12.1.044-89 "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Заттар мен материалдардың өрт жарылыс қауіпсіздігі. Көрсеткіштер номенклатурасы және оларды анықтау әдістері" талаптарына сәйкес екі данада ресімделген сынау хаттамасын жасап, оны ЗӨСҚЗ бастығымен бекітеді.

      44. ЗӨСҚЗ маманы сынау материалдарын ресімдеуді аяқтағаннан кейін оларды ЗӨСҚЗ бастығының қарауына береді, ол оны бір жұмыс күндік мерзімде қарайды және өткізілген сынаулар сапасы оң бағаланған кезде хаттаманы бекітеді.

      45. ЗСӨҚЗ жүргізген сынаулардың хаттамаларын есепке алу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сынаулар хаттамаларын есепке алу журналында жүзеге асырылады.

      46. Номенклатуралық істерді, ондағы жеке материалдарды бөлімшенің үй-жайынан тыс шығаруға тыйым салынады.

5-тарау. Өртке қарсы қорғау жүйелеріне аспаптық тексеру жүргізу

      47. Бақылау объектісіне аспаптық тексеру жүргізуді ЗСӨҚЗ маманы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына қатаң сәйкестікте өрт қауіпсіздігі саласында өрт бақылау бойынша мемлекеттік инспектордың қатысуымен жүргізеді.

      48. Тиісті зерттеу әдістемесі, қажетті техникалық құралдар, жабдықтар болмаған және (немесе) зерттеуге (тексеруге) ұсынылған материалдар толық емес жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 756-бабында көзделген негіздер бойынша материалдар зерттеу тағайындаған адамға бас тарту себептері көрсетіле отырып, зерттеу жүргізілмейді.

      49. Аспаптық тексеру жүргізу кезінде аттестатталған және Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерінің бірыңғайлығы қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген және өлшем құралдарын тексеру әдістемесіне сәйкес жабдық қолданылады.

      50. Объектінің өртке қарсы қорғау жүйелері мен элементтерін аспаптық тексеру:

      1) тәуекелдік дәрежесі жоғары объектілерді тексеру кезінде;

      2) өртке қарсы қорғау жүйелері мен элементтерінің қабылдау-тапсыру сынаулары кезінде;

      3) тиісті уәкілетті органдардың әкімшілік тергеулері шеңберінде жүргізіледі.

      51. Объектінің өртке қарсы қорғау жүйелері мен элементтеріне аспаптық тексеру жүргізу кезінде:

      өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелері (ішкі, сыртқы);

      автоматты өрт сөндіру жүйелері;

      автоматты өрт сигнализациясы жүйелері;

      өрт кезінде құлақтандыру және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелері;

      оттан қорғау құралдары;

      түтінге қарсы қорғау жүйелері;

      сыртқы стационарлық өрт баспалдақтары, шатырды қоршау тексерілуге тиіс.

      52. Өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерін зерттеу кезінде ішкі және сыртқы су құбырына тексеру жүргізіледі.

      53. Ішкі өртке қарсы су құбырын тексеру кезінде:

      1) өрт шкафтарының жинақталуын бірге тексере отырып, жүйеге кіретін жабдықты және оның бөліктерін сыртқы байқау;

      2) жүйенің жұмыс істеу қабілеттігін тексеру үшін оны қолмен және автоматты режимде іске қосу;

      3) сорғы-жоғарылатушыларды профилактикалық іске қосу, оның ішінде оларды жуу және майлау;

      4) электромагниттік ысырмалардың қол және автоматты режимде жұмыс істеу қабілеттігін тексеру;

      5) нақты су беру желісін және ағыстың жинақы бөлігінің биіктігін айқындау үшін ішкі өртке қарсы су құбыры желісіне гидравликалық сынаулар жүргізу;

      6) жүйе жинақталған өрт жеңдерін қос қабатты орамда басқа тігіске қайта басу;

      7) ішкі өртке қарсы су құбыры желісін су ағарғанға дейін шаю жүргізіледі.

      54. Жұмыс аяқталғаннан кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі өртке қарсы сумен жабдықтаудың су беру мәніне тексеру актісі жасалады.

      55. Сыртқы өртке қарсы су құбырын (өрт гидранттарын) тексеру кезінде:

      1) өрт гидранттарына кіреберістердің жағдайын тексеру;

      2) МЕМСТ 12.4.026-2015 "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Сигнал түстері, қауіпсіздік белгілері және сигнал белгілері. Мақсаты және қолдану ережелері. Жалпы техникалық талаптар мен сипаттамалар. Сынақ әдістері" сәйкес тиісті көрсеткіштердің болуын тексеру;

      3) жинақталуын қосымша тексере отырып, жүйеге кіретін жабдықты және оның бөліктерін сыртқы байқау;

      4) сорғы станциясын сыртқы байқау және тексеру, оның ішінде сорғыларды іске қосу, оларды шаю, майлау және жұмыс істеу қабілетін тексеру;

      5) өртті сөндіруге іс жүзінде су беру мүмкіндігін айқындау мақсатында өрт гидранттарын техникалық байқау;

      6) нақты су беру желісін және ағыстың жинақы бөлігінің биіктігін айқындау үшін сыртқы өртке қарсы су құбыры желісіне гидравликалық сынаулар жүргізіледі.

      Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.01.2023 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. Жұмыс аяқталғаннан кейін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су беруге су құбыры желісі мен осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт гидранттарына тексеру актісі жасалады.

      57. Автоматты өрт сөндіру жүйелерін тексеру кезінде өрт сөндірудің автоматты қондырғыларының және олардың техникалық құралдарының жұмыс істеу қабілетіне бағалау жүргізіледі. Өрт сөндіру қондырғысы мен олардың техникалық құралдарын тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға нысан бойынша сәйкес акті ресімделеді.

      58. Автоматты өрт сигнализациясы жүйелерін тексеру кезінде (бұдан әрі – АӨС):

      1) АӨС жүйесі бойынша техникалық құжаттамамен (жобалау құжаттамасы) танысу және талдау;

      2) техникалық шешімдердің орындалуын тексеру мақсатында жабдық монтажының нормативтік көрсеткіштеріне өлшеу жүргізе отырып, АӨС енгізілген жүйесінің техникалық құралдарын байқау;

      3) қабылдау-бақылау жабдығымен қалыптасатын сигналдарды тіркеудің дұрыстығын тексеру және АӨС жүйесінің алгоритмдері мен оған ұштасатын өртке қарсы қорғау қондырғылары мен жүйелерін іске асыру мақсатында АӨС жүйесіне ішінара сынау жүргізіледі;

      59. АӨС жүйесін тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматты (дербес) өрт сигнализациясы қондырғысын тексеру актісі ресімделеді.

      60. Өрт кезінде құлақтандыру және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйесін тексеру кезінде:

      1) деректері жобалау және техникалық құжаттамамен салыстыра тексерілетін сыртқы түрін, таңбалануын, жиынтықталуын сырттай қарап тексеру;

      2) техникалық құлақтандыру құралдары "Техникалық құлақтандыру құралдары мен өрт эвакуациялауын басқару. Сыныптауыш. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері" ҚР СТ 1189-2003 7.2.2-тармағына сәйкес мақсаты мен жұмыс істеу көрсеткіші бойынша тексеру жүргізіледі.

      61. Өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйесін тексеру нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру актісі ресімделеді.

      62. Оттан қорғау өңдеуіне ұшырайтын объектілерді тексеру кезінде:

      1) Ұсынылған техникалық құжаттамамен танысу және талдау;

      2) "Оттан қорғау құрамдары мен заттар. 1-бөлім. Ағаштар мен және оның негізіндегі материалдарға арналған оттан қорғау құралдары. Жалпы техникалық шарттар" және ҚР СТ 615-2-2011 "Оттан қорғау құрамдары мен заттар. 2-бөлім. Болат конструкцияларға арналған оттан қорғау құралдары. Жалпы техникалық шарттар".

      3) Оттан қорғауға өңделген объектілерді тексеру нәтижелері бойынша ҚР СТ 615-1-2011 "Оттан қорғау құрамдары мен заттар. 1-бөлім. Ағаштар мен және оның негізіндегі материалдарға арналған оттан қорғау құралдары. Жалпы техникалық шарттар" және ҚР СТ 615-2-2011 "Оттан қорғау құрамдары мен заттар. 2-бөлім. Болат конструкцияларға арналған оттан қорғау құралдары. Жалпы техникалық шарттар" талаптарына сәйкес сынау хаттамасы ресімделеді.

      63. Конструкцияның бүтіндігін айқындау бойынша сыртқы стационарлық өрт баспалдақтарын және шатырдың қоршауын тексеру ҚР СТ 2218-2012 "Металл құрылыс конструкциялары. Сыртқы стационарлық өрт баспалдақтарын және шатырдың қоршауы. Жалпы техникалық шарттарға" сәйкес жүргізіледі.

      64. Ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы стационарлық өрт баспалдақтарын және шатырдың қоршауын тексеру актісі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      65. Объектінің өртке қарсы қорғау жүйелері мен элементтерін аспаптық тексеру аяқталғаннан кейін ЗСӨҚЗ маманы өртке қарсы қорғау жүйелерінің тексеру актілері негізінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 773-бабына сәйкес қорытындыны дайындайды.

      66. Маманның қорытындысына оның құрамдас бөлігі болып табылатын тексеру актісі қоса беріледі.

      67. ЗСӨҚЗ жүргізілген объектінің өртке қарсы қорғау жүйелері мен элементтерін зерттеу актілері мен хаттамаларын есепке алу осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру актілерін және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру сынаулар хаттамаларын есепке алу, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру ЗСӨҚЗ мамандарының қорытындыларын тіркеу журналында жүзеге асырылады. Актілер мен хаттамаларды нөмірлену, оларды жүргізу тәртібінен жүргізіледі.

      68. Журналдарға түзетулер енгізу қажет болған кезде қате жазбалар бір сызықпен сызылады, ал жанына бос орынға жазылған жаңа жазбалар тексеруді жүргізген маманның және ЗСӨҚЗ басшысының қолымен куәландырылады.

      69. Номенклатуралық істерді, ондағы жеке материалдарды бөлімшенің үй-жайынан тыс шығаруға тыйым салынады. Қажет болған кезде, бөлімше басшысының немесе тексеруші адамның шешімі бойынша жинақтаушы іс материалдарының көшірмесі алынады, оларды басшы куәландырады.

6-тарау. ЗСӨҚЗ қызметін бақылау

      70. ЗСӨҚЗ жұмысын тексеру және оларға практикалық көмек көрсету мақсатында жоғары тұрған бөлімшенің қызметкерлері жоспар-тапсырмаларға, жұмыс жоспарына, басшылық нұсқамасына сәйкес орналасу орындарына шығады.

  Зерттеу сынау өртке қарсы зертханаларының
қызметін жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Зерттеу ісін жүргізу үшін келіп түскен матариалдарды,
заттар мен объектілерді тіркеу журналы

Р/с№

Зерттеу нөмірі, келіп түскен күні

Зерттеу тағайындаған орган, судьяның, тергеушінің, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, атағы

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміндегі ақпарат есепке алу кітабындағы нөмірі, күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Маманның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), алғаны туралы белгі, қолы

Объекті-лер саны

Сұрақтар саны

Санат-тық қорытынды

Ықти-мал қорытынды

Мүмкін емес

Зерттеу нысаны

Зерттеу түрі

Маман қорытындысының тапсырылған күні, маман-ның қолы

Қорытын дыны алғаны туралы белгі, алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), алған күні, қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

  Зерттеу сынау өртке қарсы
зертханаларының қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан

ЗСӨҚЗ мамандарының қорытындыларын тіркеу журналы

Р/с№

Қорытындының нөмірі, күні

Объекті-нің атауы және мекен-жайы
 

Қорытынды кімге жолданды
(зерттеуді тағайындаған органның атауы)
 

Ілеспе хаттың нөмірі мен күні

Зерттеу жүргізген маманның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

  Зерттеу сынау өртке қарсы
зертханаларының қызметін жүзеге
асыру қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Сынақтар хаттамаларын есепке алу журналы

Р/с

Субъектінің атауы

Түскен күні

Үлгілер туралы мәліметтер

Сынақ түрі

Номенклатура ісінің
атауы

Хаттаманың нөмірі мен күні

Сынақтар нәтижелері

Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

  Зерттеу сынау өртке қарсы
зертханаларының қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Су жіберуге ішкі өртке қарсы сумен жабдықтауды тексеру
АКТІСІ

      ______________ қ. 20 ___ жылғы "___"___________
      Объектінің атауы ____________________________________________________________
      (ғимарат, өрт бөлігі)
      Тексеру күні мен уақыты _____________________________________________________
      Тіреулердің және тексерілетін өрт крандарының нөмірлері ________________________
      __________________________________________________ типті өрт кранының клапаны
      ________________________________________________________ типті қол өрт ұңғысы
      Өрт түтік құбырының ұзындығы мен диаметрі _______ м, ______ мм;
      __________________________________________________________ типті өрт сорғысы;
      Өрт крандары жабық кезіндегі өрт сорғысының қысымы _________ МПа
      Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес:
      "үстем" өрт кранының шығыны _________________________________________ л/сек;
      (жол берілетін)
      "үстем" өрт кранының қысымы __________________________________________ МПа;
      (жол берілетін)
      су жіберуге бір мезгілде сыналатын өрт крандарының саны __ дана

"Үстем" өрт краны бойынша су жіберуге ішкі өртке қарсы сумен
жабдықтауды тексеру нәтижелері

Тек
се
ру нөмірі
 

Гидравликалық сызбаға сәйкес тіреулердің - ӨҚ нөмірлері (диаметр)

Шығу саңылауларының диаметрі, мм

Түтік құбыр желісінің ұзындығы, м

Қысым, МПа

Талап етілетін шығын, л/сек

Ағын
ның жинақ бөлігінің талап етілетін биіктігі, м

Тексерулер нәтижелері

өлшенген

талап етілетін

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Тексерулердің нәтижелері бойынша қорытындылар
      _______________________________________________________ саны ___________ дана
      (крандар мен ұңғылардың нөмірлерін көрсету)
      ___________________________________________________________________________
      (бір кран немесе бірнеше кран бірлесе жұмыс істеген кезде)
      жұмыс істеу кезінде ішкі өртке қарсы сумен жабдықтаудың ең төменгі су жіберуі мыналарды құрайды:
      қысым _____________ МПа;
      шығын _____________ л/сек;
      ағынның жинақ бөлігінің биіктігі ________ м кем емес;
      бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы ұлттық, мемлекетаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына ________________________________________.
      (сәйкес келеді, сәйкес келмейді)
      Тексеруді жүргізді ___________________________________________________________
      (ұйымның атауы, лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Зерттеу сынау өртке қарсы
зертханаларының қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Су жіберуге су құбыры желісін тексеру
АКТІСІ

      ______________ қаласы "___"__________20__ жыл
      Мынадай құрамдағы комиссия:
      Төраға _____________________________________________________________________
      Комиссия мүшелері __________________________________________________________
      Су құбыры қызметінің өкілі___________________________________________________
      онда орнатылған өрт гидранттары бар су құбыры желілерін тексеруді жүргізді.
      Тексерулердің нәтижелері:
      Су құбыры желілерінің түрі: ___________; диаметрі: _____ мм.
      Желідегі қысым: ______ атм.;
      Орнатылған өрт гидранттарының типтік өлшемі___________;
      Су жіберуге тексерулердің әдісі
      _________________________________________ _________________________________;
      Нақты су жіберу: _______ л/сек.
      Талап етілетін су жіберу: __________ л/сек.
      Комиссияның қорытындысы: _________________________________________________
      Комиссия мүшелері: _________________
      (қолы)
      _______________________
      (қолы)

  Зерттеу сынау өртке қарсы
зертханаларының қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Өрт гидранттарын тексеру
АКТІСІ

      ________________ қаласы "___"__________20__ жыл
      тексеруді жүргізген ұйымның атауы: ___________________
      Мынадай құрамдағы комиссия:
      Төраға_____________________________________________________________________
      Комиссия мүшелері __________________________________________________________
      Өрт гидрантының сипаттамасы мен таңбалануы:

      шығарушының атауы, мекенжайы және тауарлық белгісі_____________________

      дайындау жүйесі бойынша шартты белгілеу________________________________

      зауыттық нөмірі_______________________________________________________

      өрт гидрантының биіктігі, ______________________________ мм;

      корпустың ішкі диаметрінің шартты өтуі, DN _____________;

      шығарылған жылы ____________________

      Тексеру шарты ______________________________________________________________
      Өлшем құралдары мен байқау жабдығы туралы деректер: _________________________
      ___________________________________________________________________________
      Тексерулер нәтижелері:

      Су құбыры құдығы люгі мен қақпағының, ниппель қақпағы мен ойығының, штанганың

      жоғары шаршысының және өрт гидранты корпусының ақаулығы ___________________

      Ағызу құрылғысының жұмыс істеу қабілеттілігі ____________________________

      Өрт гидранты корпусы мен құдықта судың бар-жоғы ________________________

      клапанның (ысырманың), сондай-ақ жұмыс қысымы барысында қосылулар

      мен тығыздауыштардың герметикалығы __________________________________

      өрт гидрантына өрт колонкаларын орнатқан кезде оның жұмыс істеу қабілеттілігі

      _____________________________________________________________________

      өрт гидрантын ашу мен жабудың күштері _________________________________

      0,4-0,6 Мпа аралығында су құбырында қысым диапазонындағы су шығысы (су жіберу).

      Су жіберуге тексерудің әдісі __________________________________________________
      Нақты су жіберу: _______ л/сек.
      Талап етілетін су жіберу: __________ л/сек.
      Комиссияның қорытындысы: _________________________________________________
      Комиссия мүшелері: ________________________
      (қолы)

  Зерттеу сынау өртке қарсы
зертханаларының қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
7-қосымша
Нысан

Өрт сөндірудің автоматтық қондырғысын тексеру
АКТІСІ

      ___________ қаласы 20__ жылғы "___"___________
      Объект атауы _______________________________________________________________
      Біз, төменде қол қоюшы комиссия мүшелері, мына құрамда:
      1. ____________________________________________________________ объекті атынан
      (объект атауы)
      ___________________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
      ___________________________________________________________________________
      (конструктивтік орындалуы, объектіде пайдаланудың температуралық шарттарына қарай типі, іске қосу әдісі)
      Өрт сөндірудің автоматтық қондырғысын тексеруді жүргізді _______________________
      Комиссия __________________________________________________________________
      ____________________________________________________________ тексеру жүргізді
      (қорғалатын үй-жайлардың, тексеруге ұшыраған қондырғылар секцияларының атауы)
      Өрт ошағын имитациялау _______________________ бақылау нүктелерінде орындалды
      (қандай бақылау нүктелерінде екенін көрсету)
      ___________________________________________________________________________
      (өртті имитациялайтын импульстік құрылғының түрін көрсету)
      Қондырғыны тексеру мемлекеттік стандарттардың, нормативтік және техникалық құжаттардың, жобаның талаптарына сәйкес жүргізілді ___________________________________________________________________________
      (ұлттық стандарттың атауы мен нөмірі, нормативтік және техникалық құжаттаманың шифры, жобаның атауы)
      5. Тексерулер нәтижелері:

Тексеру түрі

Қорғалатын үй-жайдың атауы

Қондырғының таңдалған учаскесінің нөмірі
 

Құрылғыны ашу уақыты, сек

Өрт сөндіретін заттың пайда болу уақыты, сек

Қондырғының іске қосылу уақыты, сек

I бақылау нүктелерін-дегі берудің қарқындылы-ғы,
л /(сек м2)

Өрт сөндіретін заттың көлемі
 

1

2

3

4

5

6

7

8

      6. Комиссияның қорытындысы
      6.1 Қондырғының негізгі техникалық параметрлері:
      - қарқындылығы ___________________________________________________;
      - іске қосылу уақыты _______________________________________________;
      - өрт сигнализациясының параметрі ___________________________________
      (сәйкес келеді, сәйкес келмейді)
      __________________________________________________________________
      (мемлекеттік стандарттың атауы мен нөмірі, нормативтік және техникалық құжаттаманың шифры)
      6.2 Құрылғы_________________________________________________ жатады
      (одан әрі пайдалануға, қайта өңдеуге, жөндеуге, есептен шығаруға)
      Комиссия мүшелері:
      Объект өкілі ____________ _______________________
      Жеке қолы (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
      ЗСӨҚЗ өкілі ____________ _______________________
      Жеке қолы (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
      * Актінің атауында өрт сөндіру қондырғысының типі көрсетіледі (су, көбік, ұнтақ, газ, аэрозоль)

  Зерттеу сынау өртке қарсы
зертханаларының қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
8-қосымша
Нысан

Автоматты (автономды) өрт сөндіру сигнализациясы
қондырғысын тексеру
АКТІСІ

      Қала ______________ 20__ жылғы "___"____________
      Объект ____________________________________________________________________
      (атауы)
      Мына құрамдағы комиссия:
      Комиссия төрағасы __________________________________________________________
      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
      Комиссия мүшелері __________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
      ___________________________________________________________________________
      (қондырғының атауы)
      ___________________________________________________________________________
      (қондырғының орналасқан жерін көрсету)
      _____________________________________________________ қарап-тексеруді жүргізді.
      (элементтер атауы)
      Жұмыстар 20__ жылғы "___"_________ бастап "___"_________ аралығында жүргізілді.
      Қарап-тексеру кезінде: _______________________________________________________
      (қондырғылардың, элементтердің жай-күйі)
      анықталды.
      Комиссияның ұсынымдары:
      ___________________________________________________________________________
      (өрт сигнализациясының қолда бар қондырғыларын одан әрі пайдалану мүмкін/мүмкін емес немесе жаңа қондырғыларды монтаждауды орындау қажет; өрт сигнализациясы қондырғыларының кейбір техникалық құралдарын жөндеу талап етіледі)
      Комиссия төрағасы: _________________________________________________________
      (қолы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
      Комиссия мүшелері: ________________________________________________________
      (қолы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Зерттеу сынау өртке қарсы
зертханаларының қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
9-қосымша
Нысан

Өрт кезіндегі құлақтандыру және адамдарды эвакуациялауды
басқару жүйелерін тексеру АКТІСІ

      ___________ қаласы 20__ жылғы "___"__________
      Объектінің атауы ____________________________________________________________
      (ғимарат, өрт бөлігі)
      Тексеру күні мен уақыты _____________________________________________________
      Өрт құлақтандырғыштарды сынау нәтижелерінің кестесі:

Жұмыс істеуін тексеру:

Сынау әдісі

Құлақтандырғыш №

жарықтық, дыбыстық және сөздік өрт құлақтандырғыштары

сыналатын құлақтандырғыштарды жандандыру арқылы (барлық режимдерде)





сөздік және дыбыстық

есту арқылы





Жыпылықтау жиілігі (жыпылықтайтын жарықтық құлақтандырғыштар)

фотоқабылдау құрылғысын пайдаланумен





Дыбыс қысымының деңгейі (дыбыстық және сөздік құлақтандырғыштар)

шу өлшегішті пайдаланумен





Жиілік диапазоны (дыбыстық және сөздік құлақтандырғыштар)

жиілік өлшегішті пайдаланумен





      Сынау нәтижелері ___________________________________________________________
      (сынаулар нәтижелері мен анықталған ақаулар толық көрсетіледі)
      Сынауды жүргізген: _________________________________________________________
      (ұйымның атауы, лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Зерттеу сынау өртке қарсы
зертханаларының қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
10-қосымша
Нысан

Ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы өрт стационарлық сатыларын және шатыр
қоршауларын тексеру
АКТІСІ

      ___________ қаласы 20__ жылғы "___"__________
      Объект атауы _______________________________________________________________
      Сыналатын объектінің сипаттамасы ____________________________________________
      (сатының ұзындығы (м), сатыдағы баспалдақ саны, сатыны қабырғаға бекіту арқалығының саны, саты қоршауларының бар-жоғы)
      Сынауларды жүргізу шарттары ________________________________________________
      Сынаулар құралдары ________________________________________________________
      Сатыны көзбен қарап-тексеру _________________________________________________
      Сатыға жүктеме шамасын есептеу: _____________________________________________
      Сынаулар нәтижелері:

Конструкцияның сыналатын элементінің атауы

Сыналатын нүктелердің саны

Жүктеме, кН

Сынаулар нәтижелері

1

2

3

4

      Сынаулар нәтижелері бойынша қорытындылар: __________________________________
      ЗСӨҚЗ өкілдері ____________ ________________________________________________
      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Зерттеу сынау өртке қарсы
зертханаларының қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
11-қосымша
Нысан

Тексерулер актілері есебінің журналы

Р/с

Субъект атауы

Тексеруді жүргізу күні

Объект туралы мәлімет

Тексеру түрі

Номенклатура ісінің атауы

Акт нөмірі мен күні

Тексеру нәтижелері

Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады