БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
3) мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.".
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;".
2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының
"КЕЛІСІЛДІ"
Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасының
"КЕЛІСІЛДІ"
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасының