БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12073 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
2) әуе кемелерінде орнатылған радиотарату аппаратурасын пайдалануға берілетін рұқсат –ұшу жарамдылығы нормаларына азаматтық әуе кемелерінде орнатылған уәкілетті ұйым берген құжат;
3) әуе кемелерінің пайдалану құжаттамасы – техникалық қызмет көрсетілуі мен жөнделуін қоса алғанда, әуе кемелерінің ұшу және техникалық пайдаланылуын регламенттейтін, сондай-ақ пайдалану шарттары мен пайдаланушылық шектеулерді қамтитын құжаттама;
4) әуе кемесінің, қозғалтқыштардың және негізгі агрегаттарының формуляры – авиациялық техниканың атқарымын (күнтізбелік ресурсы, сағаттық ресурсы, қонулар бойынша ресурсы) және оның техникалық жай-күйін есепке алуға арналған негізгі құжаттар;
5) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаты – уәкілетті ұйым (немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган) берген, азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін куәландыратын құжат;
6) өтініш – өтініш берушінің уәкілетті ұйымға ұшуға жарамдылық сертификатын, экспорттық сертификатты, шуыл бойынша сертификатты, арнайы ұшуға берілетін рұқсатты (ұшуға жарамдылығының арнайы сертификаты), радиотарату аппаратурасын пайдалануға берілетін рұқсатты және сертификатты тану туралы шешімді алу үшін өтініш беруі;
7) өтініш беруші – ұшуға жарамдылығы сертификатын, ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын, шуыл бойынша сертификатын, арнайы ұшуға арналған рұқсатты (ұшу жарамдылығының арнайы сертификатын), радиохабар тарататын аппаратураға рұқсат пен сертификатты тану туралы шешімді алу үшін уәкілетті ұйымға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
8) ұшуға жарамдылығы – әуе кемесінің қауіпсіздігі мен ұшу сапасын қамтамасыз ететін ұшу-техникалық сипаттамаларға сәйкес келетін оның техникалық жай-күйі;
9) ұшуға жарамдылығы директивасы – жай-күйі қауіпсіз емес болып табылатын немесе осындай жай-күй сол үлгідегі конструкцияның басқа да бұйымдарында орын алуы мүмкін, не дамуы мүмкін және қабылдануы тиіс түзету іс-қимылдарын, не осындай бұйымдарды одан әрі пайдалануға рұқсат етілетін шарттарды немесе шектеулерді ұйғаратын, авиациялық бұйымды айқындайтын құжат;
10) ұшу жарамдылығының нормалары – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әуе кемелері мен олардың құрауыштарының құрастырмаларына, параметрлеріне және ұшу сапасына қойылатын талаптар;
11) ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификаты – Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығарылған, экспортқа арналған әуе кемесіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган) берген құжат;
12) ұшу жарамдылығы сертификатының күшін тану туралы шешім (бұдан әрі – Шешім) – азаматтық әуе кемесінің ИКАО стандарттары мен талаптарына және Қазақстан Республикасы белгілеген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган) берген белгіленген үлгідегі құжат;
13) үлгі сертификаты – азаматтық әуе кемесі типі конструкциясының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;
14) шуыл бойынша сертификат – уәкілетті ұйым (немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган) берген, азаматтық әуе кемесінің жергілікті өңірдегі шуылы бойынша сәйкестігін куәландыратын құжат;
15) RNAV (Area navіgatіon) – аймақтық навигация;
16) Cat. ІІІ (CATEGORY) – шектеулі көріну жағдайы;
17) MNPS (mіnіmum navіgatіon performance specіfіcatіon) – навигациялық жабдық ерекшеліктеріне қойылатын ең төменгі талаптар.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім және осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Ұшу жарамдылығы сертификатын беру стандарты) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.
Құжаттар топтамасымен ұсынылатын әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісі және әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын анықтау (бұдан әрі – тексеру актісі) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Ұшу жарамдылығы сертификатын беру стандартында баяндалған.
Портал арқылы өтініш берген кезде өтінім берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Өтінім беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтер, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін бюджетке алым төленгенін растауды уәкілетті ұйым "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады".
Өтініш берушіден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттық зерттеп-қарау үшін төленген алым сомалары уәкілетті ұйым жүзеге асыру үшін осындай төлемдерді төлеу талап етілетін әрекеттерді жасамау фактісін растаған жағдайда артық төленген деп танылады.
Осы Қағидаларда айқындалған мерзімде әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттық тексеруді жүзеге асырмау уәкілетті ұйымның іс-қимыл жасамауы болып табылады.";
8-1, 9, 9-1 және 9-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8-1. Құжаттарды қарау мерзімі және ұшу жарамдылығы сертификатын беру 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған не оны жойған жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін өтініш беруші сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, қарау мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күніне дейін ұзартылады, бұл туралы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткенге дейін қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" хабарлама жіберіледі.
9. Өтінім беруші порталға Ұшу жарамдылығы сертификатын беру стандартында көзделген тізбе бойынша құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті ұйым өтінімді қабылдаудан бас тартады.
Өтініш беруші Ұшу жарамдылығы сертификатын беру стандартында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушінің және ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормалары), Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін тексереді және 10 (он) жұмыс күні ішінде әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттық тексеруді жүзеге асырады.
9-1. Сертификаттық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған, сертификаттау рәсіміне басталу күні, ықтимал өзгерістер мен толықтырулар қамтитын еркін нысандағы хабарлама жіберіледі.
9-2. Нұсқаулық материалды пайдалана отырып (сертификаттық тексеру бағдарламасына сәйкес) пайдалану құжаттамасын тексеру және әуе кемесін тексеру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес сертификаттық тексеру бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылатын азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін (бұдан әрі – бағалау актісі) жасайды.
Оң бағалау актісінің негізінде уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұшу жарамдылығы сертификатын не Ұшу жарамдылығы сертификатын беру стандартында көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында порталдағы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
2-2-қосымша алынып тасталсын;
3-2-қосымша осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
9-1-қосымша осы бұйрыққа 3 қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің міндетін атқарушы |
А. Ержанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызметінің стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | портал |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
20 (жиырма) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру, азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын ұзарту немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс істеу кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінімді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Порталда: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |
"Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру" мемлекеттік қызметінің стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімдік арналары) | портал |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | портал арқылы жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды(толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген |
5 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Жұмыс істеу кестесі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | Өтінім |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |
"Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметінің стандарты
1 | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімдік арналары) | портал |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген |
5 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Жұмыс істеу кестесі |
1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | Өтінім және азаматтық әуе кемелерінде орналасқан Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылатын мәліметтер |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |