"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Астана қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 115/17-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1098 тіркелген, 2017 жылдың 20 сәуірінде "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімінің атауындағы, 1, 1-1-тармақтарындағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы | |
мәслихаты сессиясының төрағасы | А. Табулдина |
Нұр-Сұлтан қаласы | |
мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы | М. Шайдаров |