"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 тіркелген, 2018 жылдың 11 қаңтарында "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілді:
жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):
13-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар;";
52-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған отбасыларға (ата-аналардың біреуіне);".
2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
А. Табулдина |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы |
М. Шайдаров |