Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 24.04.2023 № 107-737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 4-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 24.04.2023 № 107-737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Астана қаласының педагогтеріне біржолғы сыйақы төлей отырып, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтары тағайындалып, оларды беру тәртібі осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 24.04.2023 № 107-737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 24.04.2023 № 107-737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 24.04.2023 № 107-737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Кульгинов |
Астана қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 шiлдедегi № 107-1340 қаулысына қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 24.04.2023 № 107-737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту: бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылды;
бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан қаласының Құрметті педагогі" деген сөздер "Астана қаласының Құрметті педагогі" деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы әкімдігінің 24.04.2023 № 107-737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Астана қаласының педагогтеріне біржолғы сыйақы төлей отырып, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарының тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Астана қаласының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтар беру, оның ішінде біржолғы сыйақы беру тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) ерекшелік белгісі мен "Астана қаласының Құрметті педагогі" құрметті атағын беру тәртібін белгілейтін "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жасалды.
2. "Астана қаласының Құрметті педагогі" құрметті атағы білім беру ұйымдарының меншік нысанына қарамастан, қоғамда педагог мәртебесін арттыру, оны қолдау және көтермелеу, педагогикалық шығармашылыққа ынталандыру, дарынды мұғалімдерді анықтау, позитивті әлеуметтік және кәсіби имидж қалыптастыру мақсатында жыл сайын конкурстық негізде беріледі.
3. "Астана қаласының Құрметті педагогі" құрметті атақ беру бойынша конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Басқарма) өткізіледі.
2. Көтермелеу түрлері
4. Педагогтерді көтермелеу түрлері:
- біржолғы ақшалай сыйақы төлеу тәртібіне және осы Тәртіптің 1 - қосымшасына сәйкес "Астана қаласының Құрметті педагогі" төс белгісімен марапаттау және осы Тәртіптің 2 - қосымшасына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің төсбелгісімен марапаттау туралы куәлік.
3. "Астана қаласының Құрметті педагогі" атты құрметті атақ беру тәртібі
5. "Астана қаласының Құрметті педагогі" құрметті атағы мектепке дейінгі, орта, арнайы, мамандандырылған, қосымша, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне беріледі.
"Астана қаласының Құрметті педагогі" құрметті атағы тек қана бір рет беріледі.
6. Конкурсқа келесі талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады:
1) штаттық педагог қызметкер болып табылатын, "шебер" санаты бар, Астана қаласының орта білім беру ұйымында кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар конкурска қатысушы іріктелініп алынады;
2) Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде кемінде жеті жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс тәжірибесі болуы қажет.
7. Конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрамы басқарма басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия құрамына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ педагогика, психология және әдістеме саласының ғылым қайраткерлері "Үздік педагог" республикалық конкурстарының жеңімпаздары, ардагер ұстаздар, жаңашыл педагогтер, әдіскерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
Комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары және хатшы комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссия мүшелерінің саны кемінде он бір адамды құрайды Конкурстық комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі. Конкурстық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда төрағаның міндеттерін атқару оның орынбасарына жүктеледі.
8. Комиссияның функциялары:
1) конкурсты өткізуді қамтамасыз ету;
2) конкурсты өткізу мерзімін анықтау;
3) конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін және конкурстық материалдарды қабылдау;
4) конкурсқа қатысушылардың қызметін бағалау критерийлерінің нәтижелерін талдау және қорытынды шығару;
5) Конкурс комиссиясының шешімі негізінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау;
6) Конкурс қорытындыларын Астана қаласының аумағында таралған бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және Басқарманың интернет- ресурсында орналастыру.
9. Педагогтерді көтермелеу осы Тәртіпке 3 - қосымшаға сәйкес педагогтердің қызметін бағалау критерийлерінің негізінде жүзеге асыру.
10. Комиссия қабылдаған шешім педагогтерді көтермелеу үшін негіз болып табылады.
Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
"Астана қаласының Құрметті педагогі" төсбелгісін және "Астана қаласының Құрметті педагогі" құрметті атағын беру жөніндегі ұсынысты қанағаттандыру немесе қабылдамау.
Педагогке құрмет атағы мен төс белгісін беру туралы шешім ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Шешім комиссия отырысының хаттамасымен рәсімделеді.
11. Педагогтерді марапаттау құжаттары "Мұғалімдер күні" кәсіби мерекесіне өткізуге байланысты қарастырылады.
12. Осы Тәртіпке 4 - қосымшаға сәйкес педагогтерді көтермелеуге ұсынымдарды білім беру ұйымдарының басшылары Басқармаға жібереді.
13. Ұсыныстарға педагогтің соңғы 3 жылдағы жеке кәсіби жетістіктері мен білім алушыларының (тәрбиеленушілерінің, студенттерінің) жетістіктерін растайтын құжаттар мен материалдар кіреді.
14. Ұсыныс Басқармаға осы Тәртіптің 11-тармағында белгіленген күндерге дейін екі айдан кешіктірілмей, тиісті құжаттар мен еңбектердің қосымшаларының көшірмелерімен қоса беріледі.
15. Педагогтерді көтермелеу шараларын Басқарма салтанатты түрде жүзеге асырады .
4. Педагогтің ынталандыру құқығы
16. "Астана қаласының Құрметті педагогі" төсбелгісімен марапатталады:
1) қалалық немесе республикалық сараптамалық кеңестерде мақұлдау алған оқу-әдістемелік кешендердің, оқулықтардың және әдістемелік-дидактикалық материалдардың авторлары (бірлескен авторлары) болып табылатын адамдар;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес күндізгі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, "WorldSkills" кәсіби шеберлік конкурстарының, қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми, спорттық, әскери-қолданбалы жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
3) өзінің педагогикалық тәжірибесін республикалық немесе халықаралық деңгейде жинақтаған тұлғалар;
4) күндізгі кәсіптік конкурстардың, республикалық, халықаралық деңгейдегі педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлер немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік іс-шараларға қатысушылар болып табылатын тұлғалар.
5. Төсбелгі мәртебесі
17. "Астана қаласының Құрметті педагогі" төсбелгісі кеуденің оң жағына Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан төмен тағылады.
18. Төлнұсқа "Астана қаласының Құрметті педагогі" төсбелгісі жоғалған жағдайда берілмейді, төсбелгімен марапаттау туралы куәлік Комиссия шешімі бойынша: жоғалған, ұрланған, бүлінген жағдайда берілуі мүмкін.
19. Төсбелгіден және құрметті атақтан айыру мынадай жағдайда жүргізілуі мүмкін: педагог мәртебесінің беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босату; заңды күшіне енген соттың айыптау үкімінің болуы. Төсбелгіден және құрметті атақтан айыру оларды марапаттау тәртібі сияқты жүргізіледі.
20. "Астана қаласының Құрметті педагогі" құрметті атағы берілмейді:
- атаққа және төсбелгі беруге ұсынылған сәтте заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдарға;
- сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға.
6. Біржолғы ақшалай сыйақының мөлшері
21. Педагогтерге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем болмайтын сыйақы түріндегі қосымша ынталандыру төлемдерін Комиссия белгілейді.
22. Педагогтерді көтермелеу шаралары, біржолғы сыйақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Астана қаласының педагогтеріне біржолғы сыйақы төлей отырып, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарын беру тәртібіне 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 24.04.2023 № 107-737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту: 1-қосымшада бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылды;
бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан қаласының Құрметті педагогі" деген сөздер "Астана қаласының Құрметті педагогі" деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы әкімдігінің 24.04.2023 № 107-737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Астана қаласының Құрметті педагогі" төсбелгісінің сипаттамасы
"Астана қаласының Құрметті педагогі" төсбелгісі ілгіш пен белдіктен (планкадан) тұрады.
Төсбелгі жез сары түсті металдан жасалған. Диаметрі 32 миллиметр, қалыңдығы 2 миллиметр шеңберді бейнелейді.
Төсбелгінің бет жағында - шар киіз үйдің күмбезі - шаңырақ түріндегі Бәйтерек бейнесі, Бәйтеректің төменгі бөлігінде Қазақ оюы түрінде қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Шеңберінде – Астана қаласының Құрметті педагогі деген жазуы, төменгі бөлігінде ұлттық стильде ою-өрнегі бар.
Төсбелгідегі барлық суреттер мен жазулар шығып тұрады.
Бүкіл ауданы қазақ ою-өрнегімен өрнектелген алқа сақинаның көмегімен үшбұрышты пішінді белдікке (планкаға) бекітілген. Планка сары түсті жезден жасалған.
Кеуде белгісінің сыртқы жағы бет жағына ұқсас, бірақ шығыңқы жерлері жоқ.
Планканың сыртқы жағында визорлы бекіткіші бар түйреуіш орналасқан, оның көмегімен төсбелгі киюге арналған киімге бекітіледі.
Төсбелгінің ортасында өмір, даму және өсу символы ретінде шаңырақ салынған Бәйтерек бейнеленген, ал ұлттық ою - өрнек-бұл халықтың ұлттық мәдениетінің көрінісі.
Астана қаласының педагогтеріне біржолғы сыйақы төлей отырып, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарын беру тәртібіне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 24.04.2023 № 107-737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту: 2-қосымшада бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылды;
бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан қаласының Құрметті педагогі" деген сөздер "Астана қаласының Құрметті педагогі" деген сөздермен ауыстырылды;
бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан қаласының әкімі" деген сөздер "Астана қаласының әкімі" деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы әкімдігінің 24.04.2023 № 107-737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
КУӘЛІК УДОСТОВЕРЕНИЕ | |
---|---|
Внутренняя сторона Ішкі жағы | |
КУӘЛІК УДОСТОВЕРЕНИЕ № ________ | |
______________________________
(аты тегі - фамилия)
______________________________
(аты - имя)
______________________________ (әкесінің аты - отчество) |
Бұл куәлік білім беру саласында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі табыстары мен жетістіктері үшін төсбелгімен марапатталғандығы туралы берілді. |
Астана қаласының педагогтеріне біржолғы сыйақы төлей отырып, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарын беру тәртібіне 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 24.04.2023 № 107-737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту: 3-қосымшада бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылды;
бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан қаласының Құрметті педагогі" деген сөздер "Астана қаласының Құрметті педагогі" деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы әкімдігінің 24.04.2023 № 107-737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Астана қаласының Құрметті педагогі" құрметті атағын беру жөніндегі конкурсқа қатысушылардың қызметін бағалау критерийлері"
№ р/б | Көрсеткіштер атауы | Ақпарат көзі | Тиімділігі | Бағалау (баллмен) |
1. | Оқу-әдістемелік кешеннің, оқулықтың авторы | Республикалық сараптау кеңесінің қорытындысы | Байқаудан өткізу және практикалық қызметке енгізу | 5 |
2. | Оқу-әдістемелік кешеннің, оқулықтың авторы | Қалалық сараптау кеңесінің қорытындысы | Байқаудан өткізу және практикалық қызметке енгізу | 4 |
3. | Оқу-әдістемелік кешеннің, оқулықтың бірлескен авторы | Республикалық сараптау кеңесінің қорытындысы | Байқаудан өткізу және практикалық қызметке енгізу | 4 |
4. | Оқу-әдістемелік кешеннің, оқулықтың бірлескен авторы | Қалалық сараптау кеңесінің қорытындысы | Байқаудан өткізу және практикалық қызметке енгізу | 3 |
5. | Әдістемелік-дидактикалық материалдардың авторы | Республикалық сараптау кеңесінің қорытындысы | Байқаудан өткізу және практикалық қызметке енгізу | 3 |
6. | Әдістемелік-дидактикалық материалдардың авторы | Қалалық сараптау кеңесінің қорытындысы | Байқаудан өткізу және практикалық қызметке енгізу | 2 |
7. | Әдістемелік-дидактикалық материалдардың бірлескен авторы | Республикалық сараптау кеңесінің қорытындысы | Байқаудан өткізу және практикалық қызметке енгізу | 1 |
8. | Әдістемелік-дидактикалық материалдардың бірлескен авторы | Қалалық сараптау кеңесінің қорытындысы | Байқаудан өткізу және практикалық қызметке енгізу | 0,5 |
9. | Педагогтің күндізгі кәсіби конкурстарға, халықаралық деңгейдегі іс- шараларға қатысуы | Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар)) | 1,2,3 орын |
Гран-при 5,6 |
10. | Педагогтің күндізгі кәсіби конкурстарға, республикалық деңгейдегі іс- шараларға қатысуы | Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар)) | 1,2,3 орын |
Гран-при -4,6 |
11. | Педагогтің күндізгі кәсіби конкурстарға, қалалық деңгейдегі іс- шараларға қатысуы | Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар)) | 1,2,3 орын |
Гран-при -3,6 |
12. | Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, студенттердің күндізгі зияткерлік, (пәндік олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметіне) спорттық жарыстарға, шығармашылық конкурстарға, халықаралық деңгейдегі "WorldSkills" кәсіби шеберлік конкурсына қатысуы | Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар)) | 1,2,3 орын |
Гран-при 5,6 |
13. | Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, студенттердің күндізгі зияткерлік, (пәндік олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметіне) спорттық жарыстарға, шығармашылық конкурстарға, республикалық деңгейдегі "WorldSkills" кәсіби шеберлік конкурсына қатысуы | Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар)) | 1,2,3 орын |
Гран-при -4,6 |
14. | Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, студенттердің күндізгі зияткерлік, (пәндік олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметіне) спорттық жарыстарға, шығармашылық конкурстарға, қалалық деңгейдегі "WorldSkills" кәсіби шеберлік конкурсына қатысуы | Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар)) | 1,2,3 орын |
Гран-при -3,6 |
15. | Ұлттық бірыңғай тестілеудің, оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың жоғары нәтижелерін тұрақты көрсететін оқушылар (соңғы 3 жылдағы мониторинг) | Ұлттық бірыңғай тестілеу, оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелерін растайтын құжаттар | 90 %- дан 100 % -ға дейін | 5 |
16. | Ұлттық бірыңғай тестілеудің, оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың жоғары нәтижелерін тұрақты көрсететін оқушылар (соңғы 3 жылдағы мониторинг) | Ұлттық бірыңғай тестілеу, оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелерін растайтын құжаттар | 89 %- дан 79%-ға дейін | 4 |
17. | Оқытылатын пән бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелілігі (соңғы 3 жылдағы мониторинг) | Білім беру ұйымы басшысының анықтамасы (қолы, мөрі) ) | Үлгерім-100%, білім сапасы 70% кем емес | 5 |
18. | Оқытылатын пән бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелілігі (соңғы 3 жылдағы мониторинг) | Білім беру ұйымы басшысының анықтамасы (қолы, мөрі) ) | үлгерім-90%, білім сапасы 60% кем емес | 4 |
19. | Педагогтың кәсіби шеберлігі мен тұлғасын бағалау (әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірі және т.б. | Расталған құжаттар (алғыс хаттар, грамоталар, дипломдар) | - | 5 |
Астана қаласының педагогтеріне біржолғы сыйақы төлей отырып, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарын беру тәртібіне 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 24.04.2023 № 107-737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту: 4-қосымшада бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылды;
бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан қаласының Құрметті педагогі" деген сөздер "Астана қаласының Құрметті педагогі" деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы әкімдігінің 24.04.2023 № 107-737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нысан |
Педагогті көтермелеуге ұсыну
1. | Т.А.Ә (болған жағдайда) | |
2. | Туған күні, айы, жылы | |
3. | Ұлты | |
4. | Мекенжайы | |
5. | Жұмыс орны | |
6. | Лауазым | |
7. | Педагогикалық өтілі | |
8. | Осы мекемедегі жұмыс өтілі | |
9. | Білімі (бітірген оқу орны, факультеті, бітірген жылы) | |
10. | Біліктілік санаты | |
11 | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | |
12. | Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, ЖСН) | |
13. | Байланыс телефоны (үй, ұялы) | |
14. | Марапаттар, көтермелеу | |
15. | Марапаттауға ұсынылатын үміткердің жеке кәсіби жетістіктері және білім алушыларының (тәрбиеленушілерінің, студенттерінің) жетістіктері соңғы 3 жылдағы құжаттар мен материалдар | |
16. | Өзге де мәліметтер | |
17. | Кандидатура жұмыс орны бойынша ұсынылды (№ _ хаттама "____"____________20__ жыл) | |
18. | Марапатқа ұсынылады |
Қосымша: құжаттар _____ парақ.
Толтырған күні ___________________________________
Педагогтің жеке қолы _________________________
Білім беру ұйымының басшысы ____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Білім беру ұйымы басшысының қолы _______________)
Күні "____" _____________ ________ жыл
Мөр орны