"Нұр-Сұлтан қаласының педагогтеріне біржолғы сыйақы төлей отырып, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарын тағайындау және беру тәртібін айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 шiлдедегi № 107-1340 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 107-737 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 сәуірде № 1337-01 болып тіркелді

      Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Нұр-Сұлтан қаласының педагогтеріне біржолғы сыйақы төлей отырып, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарын тағайындау және беру тәртібін айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 шiлдедегi № 107-1340 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1280 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Астана қаласының педагогтеріне біржолғы сыйақы төлей отырып, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарын тағайындау және беру тәртібін айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 4-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Астана қаласының педагогтеріне біржолғы сыйақы төлей отырып, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтары тағайындалып, оларды беру тәртібі осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.";

      көрсетілген қаулының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";

      көрсетілген қаулыға қосымшада оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Астана қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 9 шiлдедегi
№ 107-1340 қаулысына
қосымша";

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан қаласының Құрметті педагогі" деген сөздер "Астана қаласының Құрметті педагогі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарды, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының педагогтеріне біржолғы сыйақы беру тәртібіне 1, 2, 3, 4-қосымшаларда жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Астана қаласының
педагогтеріне біржолғы сыйақы
төлей отырып, жергілікті
ерекшелік белгілері мен
құрметті атақтарын
беру тәртібіне
1-қосымша";
  "Астана қаласының
педагогтеріне біржолғы сыйақы
төлей отырып, жергілікті
ерекшелік белгілері мен
құрметті атақтарын
беру тәртібіне
2-қосымша";
  "Астана қаласының
педагогтеріне біржолғы сыйақы
төлей отырып, жергілікті
ерекшелік белгілері мен
құрметті атақтарын
беру тәртібіне
3-қосымша";
  "Астана қаласының
педагогтеріне біржолғы сыйақы
төлей отырып, жергілікті
ерекшелік белгілері мен
құрметті атақтарын
беру тәртібіне
4-қосымша";

      Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарды, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының педагогтеріне біржолғы сыйақы беру көрсетілген тәртібіне 1, 2, 3, 4-қосымшаларда:

      бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан қаласының Құрметті педагогі" деген сөздер "Астана қаласының Құрметті педагогі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарды, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының педагогтеріне біржолғы сыйақы беру көрсетілген тәртібіне 2-қосымшада:

      бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан қаласының әкімі" деген сөздер "Астана қаласының әкімі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады