Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 537/73-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 қазанда № 1298 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 87/10-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 03.10.2023 № 87/10-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына, "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 89484 болып тіркелген) сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Нұр-Сұлтан қаласы аумағындағы Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 219/25-VІ шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
З. Жусупова
     
      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
М. Шайдаров

  "Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының аппараты" ММ
2020 жылғы 30 қыркүйегі
№ 537/73-VІ шешіміне
қосымша

Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі (бұдан әрі – Заң) заңдарына, "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау саласындағы қарым-қатынасты реттейді және тәртібін белгілейді. Барлық жеке және заңды тұлғаларға міндетті болып табылады.

      3. Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

      4. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) қаланы абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;

      2) ағаштарды кесу – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы Заң) 2-қосымшаның 159-тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу бойынша жұмыс;

      3) жасыл екпелердің мәжбүрлі шауып алуы – қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру үшін (немесе) Нұр-Сұлтан қаласының Бас жоспарын іске асыру мақсатында жасыл екпелерді кесу;

      4) көгал – жасанды шөптердің жамылсығымен жер аймағы саябақ құрылысына және өсімдіктерді отырғызу үшін арналған шөп жамылғысына фон болып табылатын жер аймағы;

      Көгал – ландшафтық композицияның тәуелсіз элементі және отырғызу мен саябақ ғимараттарының негізі болып табылатын арнайы таңдалған шөптердің тұқымын себуден пайда болған шөп жамылғысы бар жер учаскесі;

      5) дендрологиялық жоспар – құрылыс салу аймағын ескере отырып көкжелектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелерімен үйлесімділікте өсіп тұрған және отырғызылуы жоспарланып отырған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің жасыл екпелерінің сандық және түрлік құрамы көрсетілген жасыл екпелерді отырғызу жоспары;

      6) Нұр-Сұлтан қаласының жасыл қоры – Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекарасының шегіндегі жалпы, шектеулі және арнайы, көгалдандырылған аумақтарды пайдалануды қамтитын жасыл желектер аумағының жиынтығы;

      7) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпыға ортақ инженерлік жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;

      8) жасыл алқап – түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га аумақта кемінде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;

      9) Нұр-Сұлтан қаласының "жасыл белдеуі" – қорғау, мәдени-сауықтыру, рекреациялық және туристтік қызметтерді атқаратын және Нұр-Сұлтан қаласының аумағын қоршайтын зонасы;

      10) жасыл екпелер – азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер;

      11) жасыл екпелерді түгендеу (тал басын санау) – қөгалдандыру объектілерінің сандық және сапалық сипаттамаларын толық көрсете отырып, оларды есепке алу жөніндегі іс–шаралар кешені, сондай-ақ жоспарлы негізде әрбір көгалдандыру элементін графикалық бейнелеу;

      12) жеке тұрғын үй – үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бірге азаматтың меншігіндегі жеке (отбасымен) тұруға арналған үй;

      13) өтемдік отырғызу – уәкілетті орган дендрологиялық жоспарға сәйкес айқындаған арнайы учаскелерде кесілген ағаштардың орнына отырғызу;

      14) жасыл екпелерді орман-патологиялық зерттеу зиянкестердің (жәндіктердің) болуын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының болуын, діңдерде, тамыр жүйесі мен ұшарбаста зең ауруларымен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің болуын анықтау. Егер екпелердің 50 (елу) % – дан астамы аурулардан зақымданған болса, олар міндетті түрде кесілуі тиіс;

      15) шағын сәулеттік нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсіндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердің демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

      16) көгалдандырылған аумақ – табиғи жолмен өніп шыққан өсімдіктер орналасқан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендері және объектілер, бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлдер орналасқан жер учаскесі;

      17) жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендерді сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;

      18) ұйым –жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;

      19) жасыл екпелердің зақымдануы – жасыл екпелерге зақым келтіру. Бұтақтардың, тамыр жүйесінің механикалық зақымдануы, топырақтың тіршілік қабаты, қабық тұтастығының бұзылуы, жасыл екпелердің не тамыр аумағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өртеу және өзге де зиян келтіру зақымдану болып табылады;

      20) өтемдік отырғызу жоспары - отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;

      21) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ;

      22) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;

      23) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу – уәкілетті орган белгілеген учаскелерде жүзеге асырылатын, ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу бойынша жұмыс.

      24) Нұр-Сұлтан қаласының жасыл екпелер тізілімі – Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы жасыл екпелердің типтері, түрлік құрамы, алаңының көлемі, жай-күйі, орналасуы және саны туралы деректер жиынтығы;

      25) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау – жасыл екпелерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды құруға, сақтауға және өсіруге (оның ішінде кесілген жасыл екпелерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;

      26) санитариялық кесу – авариялық жағдай туғызатын (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттардың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін), ауырған, құрғай бастаған, құрғақ және зақымданған бұтақтарды кесу;

      27) санитарлық кесу – тамыр жөкемен, орақпен және басқа да зең ауруларымен зақымданған барлық түрлердегі, жастағы, қураған, өлі, жел, шеговальды, қарлы жасыл екпелерді кесу;

      28) жасыл екпелерді сақтау – абаттандыру және құрылыс жұмыстарының нүктесіне түсетін, аса құнды екпелердің тұқымдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;

      29) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;

      30) жасыл екпелерді жою – жасыл екпелердің өсуінің тоқтауына әкелетін зақымдану;

      31) уәкілетті орган – жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      32) күтіп-баптау– өсімдіктердің жерасты бөлігін және топырағын күтіп-баптау (қоректендіру, суару, қопсыту және өзге де іс-әрекеттер);

      33) ұшарбасты қалыптастыру – белгілі бір эстетиқалық түр беру және жасыл екпелерді жасарту мақсатында олардың солып қалуына әкеп соқтырмайтын, пішіндеуге келетін бұтақтар мен өркендерді, жекелеген ағаштарды, бұталарды және жолдағы екпелерді кесу;

      34) ағаштарды заңсыз кесу – уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылатын ағаштарды кесу;

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.03.2022 № 160/23-VII (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

2. Жасыл екпелер күтіп-ұстау және қорғау.

1-параграф. Жасыл екпелерді сақтау және қорғау бойынша шаралар.

      5. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншік қосалқы шаруашылық аумақтарында өсетін жасыл екпелерді қоспағанда, барлық жасыл екпелер аталған учаскелерде қалалар мен елді мекендердің қоғалуы тиіс бірыңғай жасыл қор құрады.

      6. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің көгалдандырылған аумақтарын дамыту дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргізіледі.

      7. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы көгалдандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Жасыл екпелерді зақымдауға және жоюға себеп болатын заңды емес әрекеттіке және әрекетсіздіке жеке және заңды тұлғалар жол бермеу қажет.

      9. Жобалық, құрылыс және шаруашылық қызметтер жасыл екпелерді қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Қағидалармен белгіленген талаптарын сақтап, жүзеге асырылады.

      10. Көгалдандырған аумақтар субъектінің жерге құқығына байланысы мемлекеттік және жеке меншікте тұрады.

      11. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мыналарды қамтиды:

      1) жасыл екпелерді отырғызу;

      2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;

      3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;

      4) бүкіл вегетациялық кезең бойы жасыл екпелерді суару, жазғы маусымда аптада екі рет суарылады;

      5) ұшарбасты қалыптастыру;

      6) жасарту;

      7) тыңайтқыштар салу;

      8) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу.

      9) авариялық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұталарды санитариялық кесу, ұшарбасты қалыптастыру.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.03.2022 № 160/23-VII (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      12. Қағидалар бұрыннан бар жеке тұрғын үй, азаматтардың саяжай учаскелеріне және мемлекеттік орман қоры учаскелеріне және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылмайды.

      13. Көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалға алушылары:

      1) жасыл екпелердің сақталуын және оларға білікті күтім жасауды қамтамасыз етеді;

      2) агротехникалық шаралардың бүкіл кешенін, оның ішінде көгалдарды, ағаштар мен бұталарды суаруды, арамшөптермен, зиянкестермен және аурулармен күресті, ұшар басын қалыптастыруды, жасыл екпелерді жасартуды, санитариялық кесуді, көгалдарды шабуды жүргізеді;

      3) өз қаражаты есебінен қала құрылысы, экологиялық, санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес әзірленген бекітілген дендрологиялық жоспарлар бойынша бекітілген аумақта жасыл желектерді көгалдандыру мен ағымдағы жөндеуді жүргізеді;

      4) жасыл екпелерді кесуді, қайта отырғызуды жүргізеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарында белгіленген тәртіппен ресімдейді;

      5) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы учаскеде сақталуға жататын барлық екпелерді оларды қорғаудың тиімділігін қамтамасыз ететін арнайы қорғаныш қоршауларымен механикалық және басқа да зақымданулардан қорғайды.

      14. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргізуге бөлінетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.

      15. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету іс-шаралар вегетация басталғанға дейін немесе күздің соңында жүргізіледі.

      15-1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы учаскеде сақтауға жататын барлық екпелер олардың тиімді қорғалуын қамтамасыз ететін арнайы қорғаныш қоршауларымен механикалық және өзге де зақымданулардан қорғалады.

      Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.03.2022 № 160/23-VII (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      16. Жасыл екпелерді қайта отырғызу жыл ішінде арнайы қайта отырғызу технологиялары сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың тиімді ұласып өсуі мақсатында оларды күз түскен кезеңнен бастап көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.

      17. Жасыл екпелерді есепке алу Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасыл екпелер тізіліміне енгізілетін, есепке алу объектісінің шекарасында орналасқан жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.03.2022 № 160/23-VII (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      18. Жасыл екпелердің барлық түрлері есепке алынуға жатады: ағаштар, бұталар, көгалдар, гүлбақша.

      19. Жасыл екпелерді есепке алу нәтижесін көрсететін құжаттар ресімделген түгендеу жән орман-патологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ дендрологиялық жоспар болып табылады.

      20. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша қызмет көрсетуді, сондай-ақ жалпыға ортақ жерлердегі жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу жүргізуді ұйымдар жүзеге асырады.

      21. Уәкілетті орган жасыл екпелерді түгендеу және орман- патологиялық зерттеу материалдарының көшірмесін жасыл қормен жұмыс істеу кезінде ұсыным ретінде пайдалану үшін Нұр-Сұлтан қаласы аудан әкімдерінің аппараттарына жібереді.

      22. Жасыл екпелердің тізімі мен есебін уәкілетті орган электрондық нысанда жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.03.2022 № 160/23-VII (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      23. Нұр-Сұлтан қаласындағы жасыл екпелердің тізілімі келесі мақсаттарда жүргізіледі:

      1) Нұр-Сұлтан қаласындағы жасыл екпелердің саны мен жай-күйі туралы дәйекті кешенді деректер алу;

      2) Нұр-Сұлтан қаласындағы жасыл екпелердің жағдайы мен санына мониторинг жүргізу;

      3) Нұр-Сұлтан қаласының көгалдандырылған аумақтарын қорғау, сақтау және дамыту саласындағы қалалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;

      4) жасыл екпелерді қорғаудың, сақтаудың және дамытудың неғұрлым ұтымды тәсілдерін әзірлеу болып табылады;

      5) Нұр-Сұлтан қаласындағы халықты, мемлекеттік органдарды жасыл желектердің саны мен жай-күйі туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету.

      24. Жасыл екпелер тізілімінің мәліметтерін жаңартуы 2 жылда 1 рет жүргізіледі.

2-параграф. Ағаштарды кесу (қайта отырғызу), санитарлық кесу.

      25. Ағаштарды кесу мынадай:

      1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;

      2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету;

      3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;

      4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі;

      5) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу жағдайларында жүзеге асырылады;

      6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде жүзеге асырылады.

      26. Мемориалдық, тарихи немесе бірегей эстетикалық құндылығы бар, мәртебесі белгіленген тәртіпте бекітілген ағаштарды кесу; Қызыл кітапқа енгізілген сүректі және бұта өсімдіктерінің түрлері кесуге тыйым салынады.

      27. Қала құрылысы қызметін іске асыру кезінде жасыл екпелерді кесу немесе қайта отырғызу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) жобалау ұйымы құрылысқа бастапқы-рұқсат беру құжаттамасын дайындау кезінде белгіленген тәртіппен жобаны әзірлейді;

      2) жобалау ұйымы мен жобаның хатының негізінде уәкілетті орган жасыл екпелердің саны, олардың түрлік құрамы, жай-күйі, көгалдардың, шөп жамылғысының, гүлзарлардың бар-жоғы көрсетілетін жасыл екпелерді салу, реконструкциялау болжанатын учаскеге тексеру жүргізеді және зерттеу актісін жасайды;

      3) жасыл желектерді зерттеу актісінің негізінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді;

      4) әзірленген және бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жасыл екпелерді кесу және қайта отырғызу жүзеге асырылады.

      28. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды санитариялық кесуді және (немесе) кесуді осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйым уәкілетті органның жазбаша келісімі бойынша жүргізеді.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.03.2022 № 160/23-VII (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      29. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды кесуді уәкілетті органның рұқсатымен осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.

      30. Ағаштардың өздері, сондай-ақ олардың бұтақтарының құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына, ғимараттар мен үй-жайлардың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы (оның ішінде жол жүру белгілерін жауып тұрса) қауіпсіздігіне қауіп төндіретін төтенше немесе апатты жағдайлардың туындауы мүмкін жағдайларда ағаштарды кесу уәкілетті органның келісімінсіз жүргізіледі.

      31. Ағаштарды санитариялық немесе мәжбүрлі кесу фактісі төтенше жағдайлар органдарының құтқару қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, келіннен уәкілетті органға хабарланады.

      32. Ғимараттардан және құрылыстардан 5 метр қашықтықта орналасқан, орын-жайларды толық көлеңкелеуге себеп болатын жасыл екпелерді кесуге уәкілетті орган өтемді отырғызу есебінсіз азаматтардың өтініштері бойынша рұқсаттама береді.

      33. Қураған, суалған және ауру ағаштарды, бұталарды есепке алу және таңбалау, олардың тұрған жеріне қарамастан, көгалдандырылған аумақтарды пайдаланушылардың, меншік иелерінің және жалға алушылардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша уәкілетті органмен жүргізіледі.

      34. Егер комиссия зерттеу кезінде құрғақ ағаштар мен бұталардың өлімі кәрілік пен ауруға байланысты емес, жеке немесе заңды тұлғалардың кінәсінен болғаны анықталса, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

      35. Құлату, түбірін қопару, кесілген ағашты және кесінді қалдықтарын (жоңқа, бұтақтар, жапырақтар, қабығы) тиеу мен тасу жұмыстар басталған сәттен бастап тәулікішінде жүргізіледі. Кесілген жасыл екпелердіжәне кесінді қалдықтарды өндіріс орнында сақтауға жол берілмейді.

      36. Ағашы кесілген жерге іргелес аумақтағы көгалдар, жасыл желектер бүлінген жағдайда, жер, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс жүргізуші оларды қалпына келтіруді жүргізеді.

      37. Кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілдік хат ұсынылған кезде рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның ағаштарды кесуге рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

      38. Бұл ретте жасыл екпелерді түгендеу және орман патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті орган ағаштарды кесуге рұқсат беру құжаттарында көрсеткен учаскелерге қайта отырғызылады.

3-параграф. Ағаштарды өтемдік отырғызуды жүргізу тәртібі.

      39. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жасыл желектерді өтемдік отырғызу жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес белгіленген тәртіппен тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      40. Ағаштарды кесу кезінде уәкілетті органның рұқсаты бойынша өтемдік отырғызу он есе мөлшерде жүргізіледі.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.03.2022 № 160/23-VII (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      40-1. Ағаштарды өтемдік отырғызу кесегімен биіктігі кемінде 2,5 метр жапырақты ағаш көшеттерін немесе кесегімен биіктігі кемінде 2 метр қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызу арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 40-1-тармақпен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.03.2022 № 160/23-VII (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      41. Екпенің жоғары тамыр жүйесінен діңгегінің диаметрі (діңгек бөлігі 1,3 метр биіктікте) 3-4 сантиметрден кем болмауы керек.

      41-1. Ағаштарды заңсыз кесу, жою, бүлдіру немесе жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау ережелерін бұзған жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жауап ты болады және жиырма есе мөлшерде өтемдік ағаш отырғызуды жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген ағаштар заңсыз кесілген, жойылған, бүлінген жағдайда ағаштарды өтемдік отырғызу отыз есе мөлшерде жүргізіледі.

      Ескерту. 41-1-тармақпен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.03.2022 № 160/23-VII (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      42. Ағаштарды кесуге рұқсат алу үшін берілген кепілдік хатқа сәйкес өтемдік ағаш отырғызу жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органды өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстардың орындалғаны туралы хабардар етеді.

      43. Екі жыл уақыт өткен соң уәкілетті орган ұласып өскен ағаштарды жасыл екпелер тізіліміне енгізеді.

      44. Нұр-сұлтан қаласының аумағында өтемдік отырғызу жүргізу үшін уәкілетті орган арнайы учаскелерді айқындайды.

      45. Ағаштарды қалпына келтіру арнайы учаскелерде қаланың немесе елді мекеннің өтемдік ағаш отырғызу жоспарына сәйкес, қажет болған жағдайда жерін құнарлы топыраққа ауыстыра отырып жүргізіледі.

      46. Ағаштарды кесу кезінде өтемдік отырғызу уәкілетті органның рұқсаты бойынша және (немесе) ағаштарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру кезінде кесу, ағаштарды жою немесе бүлдіру орнынан 1 километр радиуста аумақта жүргізіледі.

      Өтемдік отырғызу үшін кесу орнынан 1 километр радиуста бос орын болмаған кезде өтемдік отырғызу аумағын уәкілетті орган жазбаша түрде көрсетеді.

      Ағаштарды амалсыз кесу кезінде өтемдік отырғызу көгалдандыруды, жасыл желектерді күтіп-ұстауды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды тарта отырып, жалпы пайдаланымдағы жерлерде жүргізіледі.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.03.2022 № 160/23-VII (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      47. Заңды және жеке тұлғалар ағаштарды қайта отырғызған кезде өтемдік отырғызу жүргізілмейді.

      Қайта отырғызулар ағаштардың солып қалуына әкеліп соққан жағдайда, бес есе көлемдегі өтемақы белгіленеді.

      48. Өтемдік отырғызу ағашты кесуге мүдделі болған азаматтар мен заңды тұлғалар есебінен жүргізіледі.

      49. Ағаштарды кесу кезінде ағаштарды өтемдік отырғызу ағаш көшеттерін отырғызу жолымен жүргізіледі.

      50. Өскен және зақымдалған жасыл екпелер табиғи жағдайда құласа, кінәлі тұлғаларды анықтауға мүмкіндік жоқ кезінде жасыл екпелерді қалпына келтіру жергілікті бюджет қаражаты есебінен уәкілетті орган бекітілген дендрологиялық жоспарға сәйкес жасалынады.

      51. Қолданыстағы инженерлік коммуникациялардың қорғау аймақтарына түсетін жасыл желектерді кесу кезінде өтемдік отырғызу талап етілмейді.

      52. Кепілдік берілген күтімнен кейін жасыл екпелерді қабылдау жасыл екпелердің жерсіну актісі негізінде жүзеге асырылады. Егер өсімдіктердің 50%-ы сау болса, ағаш қолайлы деп саналады.

      53. Отырғызылған ағаш көшеттері солып қалған жағдайда, ағаштарды кесуге мүдделі болған тұлғалар немесе ұйым жасыл екпелерді қайтадан отырғызуды жүзеге асырады және ағаштарды отырғызған кезден бастап екі жылдың ішінде (ағаш көшетінің ұласып өсу кезеңі) олардың одан әрі күтіп бапталуын қамтамасыз етеді.

      54. Заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын құрылыс жұмыстарын іске асыру кезінде құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдар (тапсырыс берушілер мен мердігерлер) құрылыс жобаларында жасыл екпелерді өтемдік отырғызу бойынша жұмыстарды қаржыландыруды қарастыруы қажет.

      55. Жөндеу жұмыстары барысында бұзылған көгалдар мен гүлзарларды қалпына келтіру құрылыс салушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      56. Жалпыға ортақ жерлердегі және ғимараттарға, құрылыстарға, көп қабатты тұрғын үйлерге іргелес аумақтардағы желдің және табиғи сипаттағы өзге де жағдайлардың, жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде ағаштар авариялық құлаған жағдайда құлаған ағаштарды жинауды, құлаған жерлерді уақтылы санитариялық тазалауды және ағаш қалдықтарын шығаруды қызмет көрсететін учаскелер бойынша ұйымдар жүзеге асырады.

4-параграф. Нұр-Сұлтан қаласының "жасыл белдеуі" аумағында жасыл екпелерді күзету, қорғау, күтіп-ұстау.

      57. Нұр-Сұлтан қаласының "жасыл белдеуі" аумағындағы жасыл екпелерді қорғау және күтіп-ұстау:

      1) жасыл екпелерді күтіп-ұстау, орманды молайту және ағаш өсіру;

      2) өртке қарсы және санитарлық қондырғылармен қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың, сондай-ақ басқа да бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, орман өртімен күрес бойынша жұмыстарды үйлестіру;

      3) орманның зиянкестерімен және ауруларымен күрес бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      4) табиғи немесе жасанды жасалған сутоғандарды қорғау бойынша жұмысты, қамысты өсімдіктермен күресті ұйымдастыру;

      5) Нұр-Сұлтан қаласының "жасыл белдеуі" күтіп ұстау және олардың орындалуын бақылау жұмыстарын (қызметтерін) мемлекеттік сатып алуға конкурс ұйымдастыру және өткізу, шарттар жасасу;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының "жасыл белдеу" аймағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу жатады.

5-параграф. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғауды бақылау Нұр-Сұлтан қаласының аумағында.

      58. Осы Қағидалардың сақталуы үшін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      59. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін жеке және заңды тұлғалар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапты болады.

      _______________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады