"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Нұр-Cұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің міндетін атқарушы |
Е. Кизатов |
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігің 2020 жылғы 21 қазаны № 510-2362 қаулысына қосымша |
Әкімдіктің күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. "Астана қаласының аумағында жер қатынастары саласында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 197-1202 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 937 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 120-2110 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 981 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 26 желтоқсанда "Астана ақшамы" № 145 (3350), "Вечерняя Астана" № 145 (3368) газеттерінде жарияланған).
3. "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 120-596 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1013 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 12 мамырда "Астана ақшамы" № 53 (3405), "Вечерняя Астана" № 53 (3423) газеттерінде жарияланған).
4. "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 120-2110 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 120-820 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1023 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 2 маусымда "Астана ақшамы" № 62 (3414), "Вечерняя Астана" № 62 (3432) газеттерінде жарияланған).
5. "Астана қаласының аумағында жер қатынастары саласында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 197-1202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы № 197-1527 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1066 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 8 қазанда "Астана ақшамы" № 117 (3469), "Вечерняя Астана" № 117 (3487) газеттерінде жарияланған).
6. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 120-1848 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1072 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 5 қарашада "Астана ақшамы" № 129 (3481), "Вечерняя Астана" № 129 (3499) газеттерінде жарияланған).
7. "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 120-1849 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1073 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2016 жылғы 5 қарашада "Астана ақшамы" № 129 (3481), "Вечерняя Астана" № 129 (3499) газеттерінде жарияланған).
8. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 197-1977 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1080 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 26 қарашада "Астана ақшамы" № 138 (3490), "Вечерняя Астана" № 138 (3508) газеттерінде жарияланған).
9. "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 120-2110 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 120-113 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1092 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 2 наурызда "Астана ақшамы" № 25 (3530), "Вечерняя Астана" № 25 (3548) газеттерінде жарияланған).
10. "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 120-2305 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1139 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 25 қарашада "Астана ақшамы" № 140 (3645), "Вечерняя Астана" № 140 (3663) газеттерінде жарияланған).
11. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 510-1572 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1189 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
12. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 120-1848 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 510-325 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1205 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
13. "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 120-1849 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 510-326 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1206 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
_______________________