Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № А-1/22 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қаңтарда № 7658 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
Е.Маржикпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 21 қаңтардағы
№ А-1/22 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № А-7/327 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4948 болып тіркелген, 2015 жылғы 04 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № А-7/328 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4949 болып тіркелген, 2015 жылғы 04 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № А-9/395 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4987 болып тіркелген, 2015 жылғы 06 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № А-11/521 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5129 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № А-11/521 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № А-7/300 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5451 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № А-1/606 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5731 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекiту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № А-10/427 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6123 болып тіркелген, 2017 жылғы 01 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № А-7/325 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7290 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № А-11/521 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № А-11/561 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7507 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады