Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № А-4/156 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 наурызда № 7766 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 26 наурыздағы
№ А-4/156 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақмола облысы әкімдігінің "Өсімдіктерді қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № А-9/411 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4997 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Ақмола облысы әкімдігінің "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 7 қазандағы № А-10/458 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5040 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Ақмола облысы әкімдігінің "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қазандағы № А-10/458 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 14 маусымдағы № А-7/281 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5454 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Ақмола облысы әкімдігінің "Өсімдіктерді қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № А-9/411 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 9 қыркүйектегі № А-10/435 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5570 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Ақмола облысы әкімдігінің "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қазандағы № А-10/458 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 9 қыркүйектегі № А-10/436 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5567 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Ақмола облысы әкімдігінің "Өсімдіктерді қорғау мақсатында, ауылшаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № А-9/411 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі № А-7/303 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6051 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. Ақмола облысы әкімдігінің "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қазандағы № А-10/458 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 13 тамыздағы № А-8/379 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7330 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Ақмола облысы әкімдігінің "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2019 жылғы 29 тамыздағы № А-9/406 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. Ақмола облысы әкімдігінің "Өсімдіктерді қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы дақылдарын өндеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № А-9/411 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № А-9/438 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7383 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады