Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № А-4/157 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 наурызда № 7767 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

 
  Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 26 наурыздағы
№ А-4/157 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақмола облысы әкімдігінің "Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № A-9/426 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7388 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Ақмола облысы әкімдігінің "Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы № А-11/514 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7444 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Ақмола облысы әкімдігінің "Микрокредиттерге кепілдік беру бойынша комиссия" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы № А-11/514 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7460 болып тіркелген, 2019 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады