Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № а-4/189 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 сәуірде № 7794 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 08 сәуірдегі
№ а-4/189 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақмола облысы әкімдігінің "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 3 шілдедегі № А-7/321 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4936 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 тамызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Ақмола облысы әкімдігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 23 шілдедегі № А-8/348 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4960 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Ақмола облысы әкімдігінің "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № А-9/412 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5000 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Ақмола облысы әкімдігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № А-8/348 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 15 маусымдағы № А-7/292 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5447 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Ақмола облысы әкімдігінің "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № А-9/412 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 15 маусымдағы № А-7/293 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5456 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Ақмола облысы әкімдігінің "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № А-7/321 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 15 маусымдағы № А-7/294 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5457 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. Ақмола облысы әкімдігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № А-8/348 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 21 маусымдағы № А-6/276 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7266 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Ақмола облысы әкімдігінің "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № А-9/412 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 28 маусымдағы № А-7/301 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7275 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. Ақмола облысы әкімдігінің "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № А-7/321 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 29 тамыздағы № А-9/408 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7368 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. Ақмола облысы әкімдігінің "Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2019 жылғы 1 қарашадағы № А-11/527 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7472 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады