Мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № А-5/231 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 7839 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 тамыздағы № А-8/381 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 11.08.2022 № А-8/381 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 235 қаулысына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін келесі мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Шаңырақ" пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар;

      сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4,25% (төрт бүтін жиырма бес жүздік пайыз);

      қарыз мерзімі – 22 (жиырма екі) айға дейін;

      қарыз бойынша сыйақы төлеу – жарты жылда 1 (бір) рет;

      негізгі борышты төлеу – қарыз мерзімінің соңында, қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен;

      2) көлемі – 4 423 401 000 (төрт миллиард төрт жүз жиырма үш миллион төрт жүз бір мың) теңгеден артық емес;

      3) нысаналы мақсаты – төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Шаңырақ" пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады