"Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2020 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері бекітілсін.
2. "Ақмола облысы бойынша субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № А-5/205 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7181 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғ.К. Әбдіхалықовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № А-6/323 қаулысына қосымша |
2020 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері
Субсидиялау бағыттары | Субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері, мың теңге |
Бірегей тұқымдар | 26 941 |
Элиталық тұқымдар | 412 305 |
Бірінші репродукция тұқымдары | 380 403 |
Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары | 139 505 |
Барлығы бюджеттік қаражат | 959 154 |