"Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысында педагогтерге жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атақты беру тәртібі, олардың сипаттамалары мен біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерлері айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қазандағы № А-11/550 қаулысына қосымша |
Ақмола облысында педагогтерге жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атақты беру тәртібі, олардың сипаттамалары мен біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерлері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ақмола облысында педагогтерге жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атақты беру тәртібі, олардың сипаттамалары мен біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерлері (бұдан әрі – Тәртіп) "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Ақмола облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметті жүзеге асыратын педагогтерге жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атақты беру тәртібін, олардың сипаттамалары мен біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерлерін айқындайды.
2. Жергілікті ерекшелік белгісі адал еңбегі үшін, педагогикалық өтілі 20 жылдан кем емес, "педагог-зерттеуші" біліктілік санатынан төмен емес, Ақмола облысының деңгейінде жинақталған тәжірибесі, авторлық бағдарламасы бар және облыстық немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, басып шығарылған оқу-әдістемелік кешеннің авторы (тең авторы) болып табылатын педагогке беріледі.
Құрметті атақ кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін, педагогикалық өтілі 25 жылдан кем емес, "педагог-шебер" біліктілік санатынан төмен емес, Қазақстан Республикасының деңгейінде жинақталған тәжірибесі, авторлық бағдарламасы бар және республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе халықаралық деңгейде мақұлданған, басып шығарылған оқу-әдістемелік кешеннің авторы (тең авторы) болып табылатын педагогке беріледі.
3. Жергілікті ерекшелік белгісі – "Педагогтің адал еңбегі үшін" төсбелгісі (бұдан әрі – ерекшелік белгісі) осы Тәртіптің 1-қосымшасында көрсетілген сипаттамаға сәйкес беріледі.
Төсбелгісі бар "Педагогтің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін" құрметті атағы (бұдан әрі – құрметті атақ) осы Тәртіптің 2-қосымшасында көрсетілген сипаттамаға сәйкес беріледі.
Төсбелгілерді берумен бір мезгілде осы Тәртіптің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті куәлік беріледі.
4. Ерекшелік белгісі мен құрметті атақты беру жыл сайын Мұғалім күні кәсіби мерекесіне орай жүзеге асырылады.
5. Марапатталушылардың саны тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде айқындалады.
2-тарау. Төсбелгі мен құрметті атақты беру тәртібі
6. Аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарының басшылары жергілікті ерекшелік белгісін немесе құрметті атақты беруге үміткер педагогтерге Тәртіптің 3-тармағының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ұсынымдарды (бұдан әрі – ұсыным) қалыптастырады және оларды тиісті жылдың 1 тамызынан кешіктірмей аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне жолдайды. Аудандардың (қалалардың) білім бөлімдерінің басшылары ерекшелік белгісін немесе құрметті атақты беруге жиынтық ұсынымдарды тиісті жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – білім басқармасы) жібереді.
7. Облыстық білім беру ұйымдарының басшылары ұсынымдарды қалыптастырады және оларды тиісті жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей білім басқармасына жібереді.
8. Ұсынымдар осы Тәртіптің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
9. Білім басқармасы келіп түскен ұсынымдарды комиссияның қарауына енгізеді.
10. Ерекшелік белгісін немесе құрметті атақты беруге ұсынымдарды қарау үшін Ақмола облысы әкімінің өкімімен білім басқармасының, әдістемелік құрылымдардың, облыстық мәслихат депутаттарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатарынан Ақмола облысы әкімі орынбасарының төрағалық етуімен тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады. Комиссия мүшелерінің саны тақ болып табылады және кемінде жеті адамды құрайды.
11. Комиссия Тәртіптің 5-тармағын ескере отырып, кандидатураларды іріктейді және ерекшелік белгісін немесе құрметті атақты беру туралы шешім қабылдайды. Үміткерлердің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, комиссия педагогтердің қосымша жетістіктерін ескереді.
12. Педагогтердің қосымша жетістіктері:
1) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі күндізгі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, WorldSkills кәсіби шеберлік конкурстарының, ғылыми, спорттық, әскери-қолданбалы жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін даярлау;
2) білім беру және тәрбие процестерінде оқытудың жаңа технологияларын, нысандары мен әдістерін енгізу;
3) облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі күндізгі кәсіби конкурстардағы, педагогикалық олимпиадалардағы жеңістері мен жүлделі орындары немесе халықаралық деңгейдегі кәсіби іс-шараларға қатысуы болып табылады.
13. Педагогтердің қосымша жетістіктерін есепке алу кезінде осы Тәртіптің 5-қосымшасына сәйкес балдық жүйе пайдаланылады.
14. Педагогке ерекшелік белгісін немесе құрметті атақты беру туралы шешім көпшілік дауыспен қабылданады. Шешім хаттама нысанында ресімделеді.
15. Педагогтерге ерекшелік белгісін немесе құрметті атақты, сондай-ақ оларға куәліктерді беруді, білім басқармасының басшысымен немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамдармен салтанатты жағдайда өткізіледі.
16. Педагогтерге берілген ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарының есебін білім басқармасының кадр қызметі жүзеге асырады.
3-тарау. Біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерлері
17. "Педагогтің адал еңбегі үшін" ерекшелік белгісіне ие болған педагог республикалық бюджет туралы заңнамада белгіленген және тиісті жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 500 (бес жүз) еселенген мөлшерінде екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйым арқылы жеке шотқа аудару жолымен біржолғы төлем алады.
18. "Педагогтің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін" құрметті атағына ие болған педагог республикалық бюджет туралы заңнамада белгіленген және тиісті жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 800 (сегіз жүз) еселенген мөлшерінде екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйым арқылы жеке шотқа аудару жолымен біржолғы төлем алады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
19. Жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атақты қайталап беруге жол берілмейді.
20. Жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атақ "Үздік педагог" республикалық конкурсының жеңімпаз педагогтеріне келесі 3 (үш) жыл бойы берілмейді.
21. Төсбелгілер жоғалған жағдайда телнұсқалар берілмейді.
Ақмола облысында педагогтерге жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атақты беру тәртібі, олардың сипаттамалары мен біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерлеріне 1-қосымша |
"Педагогтің адал еңбегі үшін" ерекшелік белгісінің сипаттамасы
Ерекшелік белгісі "Педагогтің адал еңбегі үшін" деген жазуы бар, өлшемі 25х15 миллиметр планкаға бекітілген, диаметрі 28 миллиметр, қалыңдығы 2 миллиметр шеңбер түрінде болады, оның төменгі бөлігіне патриотизмді білдіретін қазақтың ұлттық ою-өрнегі бар үшбұрыш бекітілген. Ерекшелік белгісінде ашық қолдарының алақандарымен кітапты жоғары ұстайды, бұл шынайылық пен ұстаздық қамқорлықты білдіреді. Кітаптың үстінде ұлттық ою-өрнек орналасқан, төменгі бөлігінде шеңбердің бойында сезімталдықты, құрметті, қайырымдылықты білдіретін таспа орналасқан.
Ерекшелік белгісінің сыртқы жағында шеңбер бойымен қазақтың ұлттық ою-өрнегі орналасқан.
Ерекшелік белгісі мыс-никель қорытпасынан жасалады.
Ерекшелік белгісі визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы киімге бекітіледі.
Ақмола облысында педагогтерге жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атақты беру тәртібі, олардың сипаттамалары мен біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерлеріне 2-қосымша |
"Педагогтің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін" құрметті атағы төсбелгісінің сипаттамасы
Төсбелгі патриотизмді білдіретін қазақтың ұлттық ою-өрнегі бар үшбұрышқа екі сақинамен бекітілген, өлшемі 28 миллиметр, қалыңдығы 2 миллиметр шеңбер түрінде болады. Үшбұрыш көгілдір таспамен қапталған, өлшемі 25х15 планканың астында орналасқан. Төсбелгіде талант пен даналықты, білім мен мәдениетті бейнелейтін ашық кітап бейнеленген. Кітаптың төменгі бөлігінде жастық шақ пен өмір бойы оқуға деген ұмтылысты бейнелейтін лавр жапырақтары орналасқан. Шеңбердің айналасында білімнің 6 іргелі салалары бойынша педагогтердің қызметін бейнелейтін, әрқайсысы күн сәулесі нысанындағы, ұзындығы 10 миллиметрден 6 қалқан орналасқан. Шеңбер бойынша "Педагогтің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін" деген жазу бар. Жазудың астында халықтың өмірі мен тұрмысы туралы ақпарат беретін тарихтың символы ретінде қазақтың ұлттық ою-өрнегі орналасқан.
Төсбелгінің сыртқы жағында шеңбер бойымен қазақтың ұлттық ою-өрнегі орналасқан.
Төсбелгі мыс-никель қорытпасынан жасалады.
Төсбелгі визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы киімге бекітіледі.
Ақмола облысында педагогтерге жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атақты беру тәртібі, олардың сипаттамалары мен біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерлеріне 3-қосымша |
Төсбелгіге қоса берілетін куәліктің сипаттамасы
Куәлік көлемі 100х70 миллиметр көгілдір түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалады.
Бет жағының ортасында
КУӘЛІК
УДОСТОВЕРЕНИЕ деген жазу бар.
Ішкі сол жақ қосымша бетте төсбелгінің үлгісі бейнеленген.
Ішкі оң жақ қосымша бетте келесі жазулар бар:
Жоғарыда АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
№ ____ Куәлік
Марапатталушы _______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Ақмола облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін
Комиссия төрағасы_________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
___________________________________________ (берілген күні, айы, жылы)
(Мөрдің орны)
Ақмола облысында педагогтерге жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атақты беру тәртібі, олардың сипаттамалары мен біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерлеріне 4-қосымша |
Ерекшелік белгісін немесе құрметті атақты беруге ҰСЫНЫМ
____________________________________________________________________ (облыс, аудан)
____________________________________________________________________
1. Тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________________
____________________________________________________________________
2. Туған жылы _______________________________________________________ (күні, жылы)
3. Туған жері ________________________________________________________ (республика, облыс, қала, аудан, ауыл)
____________________________________________________________________
4. Ұлты ____________________________________________________________
5. Жынысы__________________________________________________________
6. Білімі ____________________________________________________________ (оқу орнының атауы, аяқтаған жылы)
7. Білімі бойынша мамандығы _________________________________________
8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы_____________________________________
___________________________________________________________________
9. Біліктілік санаты __________________________________________________
10. Авторлық бағдарламаның атауы____________________________________
___________________________________________________________________
11. Оқу-әдістемелік кешеннің атауы____________________________________
___________________________________________________________________
12. Жұмыс орны және атқаратын лауазымы _____________________________
__________________________________________________________________
13. Қандай мемлекеттік наградалармен марапатталды және марапаттау күндері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
14. Мекенжайы __________________________________________________
____________________________________________________________________
15. Жалпы жұмыс өтілі_______________________________________________
16. Осы саладағы жұмыс өтілі___________________________________________
17. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі ___________________________
18. Кандидатура жұмыс орны бойынша ұсынылды (педагогке растайтын
құжаттардың тізбесі қоса беріледі)
Қосымша:
1. Еңбек кітапшасының көшірмесі.
2. Қолда бар біліктілік санаты туралы құжаттың көшірмесі.
3. Жеке педагогикалық тәжірибені жинақтау туралы материалдардың көшірмесі.
4. Оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның көшірмесі.
5. Оқу-әдістемелік кешен материалдарының көшірмесі.
Марапатқа ұсынылады____________________________________ (марапат түрі)
Басшы_______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы)
______ жылғы ___ ___________
(Мөрдің орны)
Ақмола облысында педагогтерге жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атақты беру тәртібі, олардың сипаттамалары мен біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерлеріне 5-қосымша |
Педагогтердің қосымша жетістіктері
№ р/б | Көрсеткіштің атауы | Ақпарат көзі | Тиімділігі | Бағалау (баллмен) |
1. | Педагогтің кәсіби конкурстарға, халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысуы | Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар) | Гран-при, 1, 2, 3 орындар |
Гран-при – 5 |
2. | Педагогтің кәсіби конкурстарға, республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысуы | Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар) | Гран-при, 1, 2, 3 орындар, "Үздік педагог" |
Гран-при – 5 |
3. | Педагогтің кәсіби конкурстарға, облыстық деңгейдегі іс-шараларға қатысуы | Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар) | Гран-при, 1, 2, 3 орындар, "Өндірістік оқытудың үздік шебері" (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру) |
Гран-при – 5 |
4. | Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, студенттердің халықаралық деңгейдегі зияткерлік (пәндік олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметіне), спорттық жарыстарға, шығармашылық конкурстарға, "WorldSkills" кәсіби шеберлік конкурсына қатысуы | Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар) | Гран-при, 1, 2, 3 орындар | Гран-при – 51 орын – 42 орын – 33 орын – 2 |
5. | Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, студенттердің республикалық деңгейдегі зияткерлік (пәндік олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметіне), спорттық жарыстарға, шығармашылық конкурстарға, "WorldSkills" кәсіби шеберлік конкурсына қатысуы | Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар) | Гран-при, 1, 2, 3 орындар | Гран-при – 51 орын – 42 орын – 33 орын – 2 |
6. | Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, студенттердің облыстық деңгейдегі зияткерлік (пәндік олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметіне), спорттық жарыстарға, шығармашылық конкурстарға, "WorldSkills" кәсіби шеберлік конкурсына қатысуы | Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар) | Гран-при, 1, 2, 3 орындар | Гран-при – 51 орын – 42 орын – 33 орын – 2 |
7. | Оқытылатын пән бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелілігі (соңғы үш жылдағы мониторинг) | Білім беру ұйымы басшысының анықтамасы (қолы, мөрі) | Үлгерімі - 100%, білім сапасы 70% кем емес | 5 |
8. | Оқытылатын пән бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелілігі (соңғы үш жылдағы мониторинг) | Білім беру ұйымы басшысының анықтамасы (қолы, мөрі) | Үлгерімі -90%, білім сапасы 60% кем емес | 4 |