Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібін және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қазандағы № А-11/512 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қазандағы № А-11/551 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қарашада № 8117 болып тіркелді

      "Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 863 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17522 болып тiркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібін және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қазандағы № А-11/512 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7443 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібінде:

      2-тармақты келісі мазмұндағы 5), 6)-тармақшаларымен толықтырылсын:

      "5) кәдесыйлар, естелік сыйлықтар сатып алуға;

      6) облыстың әкімі рұқсат еткен өзге шығыстарға арналған шығындар жатады.".

      2.Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары М.С. Тәткеевке жүктелсін.

      3.Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады