Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 16.05.2022 № С-17/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
4. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2019 жылғы 28 қарашадағы № С-38/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7524 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттық өкілеттік пен этика, денсаулық, білім, мәдениет, құқық және тәртіп сақтау мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
6. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В.Шиманский |
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы | Ж.Абишев |
Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № C-46/8 шешіміне |
|
1 қосымша |
Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 16.05.2022 № С-17/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1. Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы "Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Абай Құнанбаев көшесі, 160.
2. Абай Құнанбаев көшесі, 124 бойынша орналасқан алаң.
3. Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Достар" мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Төлеу Сүлейменов көшесі, 10.
4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Абай Құнанбаев көшесі Зарап Темірбеков көшесініңқиылысынан Қанай би көшесінің қиылысына дейін.
Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № C-46/8 шешіміне 2 қосымша |
Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 16.05.2022 № С-17/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 15.09.2022 № С-21/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Осы Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
3. Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1) Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы "Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Абай Құнанбаев көшесі, 160, шекті толу нормасы 200 адам;
2) Абай Құнанбаев көшесі, 124 бойынша орналасқан алаң, шекті толу нормасы 150 адам;
3) Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Достар" мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Төлеу Сүлейменов көшесі, 10, шекті толу нормасы 250 адам;
4) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Абай Құнанбаев көшесі Зарап Темірбеков көшесініңқиылысынан Қанай би көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 200 адам.
4. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
5. Егер бейбіт жиналысты бір жерде және (немесе) сол бір жүру бағыты бойынша не бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналысты ұйымдастырушылар өткізуге үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналысты ұйымдастырушыдан тиісті хабарлама немесе өтініш алған уақытты негізге ала отырып айқындайды.
6. Бейбіт жиналыстар әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша бейбіт жиналыстар өткізілетін күні сағат 9:00-ден ерте басталмайды және сағат 20:00-ден кеш аяқталады.
7. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуге арналған арнайы орындарды қоспағанда, бір уақытта бір жерде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуге арналған арнайы орындарды қоспағанда, пикеттеу ұзақтығы бір объектінің жанындағы бір жерде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 15.09.2022 № С-21/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № C-46/8 шешіміне 3 қосымша |
Көкшетау қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 27.03.2024 № С-11/7 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Көкшетау қаласының келесі объектілерінің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясына іргелес жатқан аумақта;
5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
6) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда жол берілмейді.