"Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №С-46/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 16 мамырдағы № С-17/11 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 мамырда № 28222 болып тіркелді

      Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №С-46/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8026 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелер туралы";

      көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Р.Калишев

  Көкшетау қалалық
мәслихатының
2022 жылғы 16 мамырдағы
№ С-17/11 шешіміне
1-қосымша
  Көкшетау қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 15 қыркүйектегі
№ С-46/8 шешіміне
1-қосымша

Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы "Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Абай Құнанбаев көшесі, 160.

      2. Абай Құнанбаев көшесі, 124 бойынша орналасқан алаң.

      3. Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Достар" мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Төлеу Сүлейменов көшесі, 10.

      4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Абай Құнанбаев көшесі Зарап Темірбеков көшесініңқиылысынан Қанай би көшесінің қиылысына дейін.

 
  Көкшетау қалалық
мәслихатының
2022 жылғы 16 мамырдағы
№ С-17/11 шешіміне
2-қосымша
  Көкшетау қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 15 қыркүйектегі
№ С-46/8 шешіміне
2 қосымша

Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Осы Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      3. Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы "Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Абай Құнанбаев көшесі, 160, шекті толу нормасы 200 адам;

      2) Абай Құнанбаев көшесі, 124 бойынша орналасқан алаң, шекті толу нормасы 150 адам;

      3) Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Достар" мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Төлеу Сүлейменов көшесі, 10, шекті толу нормасы 250 адам;

      4) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Абай Құнанбаев көшесі Зарап Темірбеков көшесініңқиылысынан Қанай би көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 200 адам.

      4. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      5. Егер бейбіт жиналысты бір жерде және (немесе) сол бір жүру бағыты бойынша не бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналысты ұйымдастырушылар өткізуге үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналысты ұйымдастырушыдан тиісті хабарлама немесе өтініш алған уақытты негізге ала отырып айқындайды.

      6. Бейбіт жиналыстар әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша бейбіт жиналыстар өткізілетін күні сағат 9:00-ден ерте басталмайды және сағат 20:00-ден кеш аяқталады.

      7. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуге арналған мамандандырылған орындарды қоспағанда, бір уақытта бір жерде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы күніне екі сағаттан аспауы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады