"Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № С-46/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № С-21/5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қыркүйекте № 29704 болып тіркелді

      Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № С-46/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8026 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуге арналған арнайы орындарды қоспағанда, бір уақытта бір жерде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуге арналған арнайы орындарды қоспағанда, пикеттеу ұзақтығы бір объектінің жанындағы бір жерде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы
Р.Калишев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады