Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелер туралы" 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № С-46/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8026 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 3-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы | Д.Акимов |
Көкшетау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № С-11/7 шешіміне қосымша |
|
Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № С-46/8 шешіміне 3-қосымша |
Көкшетау қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Көкшетау қаласының келесі объектілерінің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясына іргелес жатқан аумақта;
5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
6) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда жол берілмейді.