2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, 2021 жылға арналған Көкшетау қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, 2021 жылға арналған Көкшетау қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, 2021 жылға арналған Көкшетау қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А.Смаилов |
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № А-11/1773 қаулысына 1 қосымша |
2021 жылға арналған Көкшетау қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымдар атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны |
Квотаның |
1 | "Тыныс" акционерлік қоғамы | 744 | 0,1 |
2 | "Ақсай" Нан-тоқаш комбинаты" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақмола облысы бойынша "Ақсай нан-Көкшетау" филиалы | 171 | 0,6 |
3 | "КокшеТазалык" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 159 | 0,6 |
4 | "Гормолзавод" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 157 | 0,6 |
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № А-11/1773 қаулысына 2 қосымша |
2021 жылға арналған Көкшетау қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымдар атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері(%) |
1 | "Тыныс" акционерлік қоғамы | 744 | 0,1 |
2 | "Ақсай" Нан-тоқаш комбинаты" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақмола облысы бойынша "Ақсай нан-Көкшетау" филиалы | 171 | 0,6 |
3 | "КокшеТазалык" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 159 | 0,6 |
4 | "Асыл Арман" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 880 | 0,1 |
5 | "Көкшетау жолдары" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 575 | 0,1 |
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № А-11/1773 қаулысына 3 қосымша |
2021 жылға арналған Көкшетау қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Ұйымдар атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері(%) | |
1 | "Ақсай" Нан-тоқаш комбинаты" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақмола облысы бойынша "Ақсай нан-Көкшетау" филиалы | 171 | 0,6 |
2 | "КокшеТазалык" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 159 | 0,6 |