Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Степногорск қаласы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Степногорск қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі | Е.Баяхметов |
Степногорск қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № а-3/127 қаулысына қосымша |
Степногорск қаласы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі
1. Жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын, жалақыдан барлық ұстаулары.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ақшалай өтемақылары.
3. Алименттері, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары, жәрдемақылары.
4. Банктік қызмет ақысын төлеу, борыштық міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету жөніндегі төлемдер, зейнетақы, жәрдемақы және басқа әлеуметтік аударымдар, бюджет субвенциялары, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
5. Отын (ғимараттарды жылыту бөлігінде), тамақтануды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу бойынша қызметтерді сатып алуға.
6. Атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау, іссапар және қызметтік сапарлар шығыстары.
7. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінетін бюджеттік кредиттер, нысаналы ағымдағы трансферттер, нысаналы даму трансферттері.