Степногорск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 6С-25/9 "Степногорск қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 6С-50/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 сәуірде № 7837 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 27 ақпандағы № 6С-25/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6484 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Степногорск қалалық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
Н.Лощинская
      Степногорск қалалық
мәслихат хатшысының
міндетің атқарушы
О.Джагпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Степногорск қаласының әкімдігі
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Степногорск қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысы
Р.Рамазанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады