Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кейбір қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Степногорск қаласы әкімдігінің "Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" 2019 жылғы 18 қазандағы № а-10/483 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7432 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;
2) Степногорск қаласы әкімдігінің "Степногорск қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қазандағы № а-10/483 "Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 1 сәуірдегі № а-4/136 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7784 болып тіркелген, 2020 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі | Е.Баяхметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Р.Рамазанов |