2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № А-7/216 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 шілдеде № 7976 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қазандағы № А-10/298 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 16.10.2020 № А-10/298 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген, 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата - ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Ақкөл ауданы әкімдігінің "2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2020 жылғы 4 мамырдағы № А-5/123 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7852 болып тіркелген, 2020 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Алинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 тамызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Ақкөл ауданының әкімі А.Каиржанов

  Ақкөл ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 29 шілдедегі
№ A-7/216 қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындарының орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

1

"Кеңес орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

40

33 384

6 000

2

"Өрнек орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

15

33 384

6 000

3

"Краснобор негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

12

33 384

6 000

4

"Урюпин орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

15

33 384

6 000

5

"Одесса орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

9

33 384

6 000

6

"Амангелді негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

12

33 384

6 000

7

"Барап негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

22

21 032

0

8

"Айтпай Құсайынов атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

12

21 032

0

9

"Мичурин атындағы негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

13

21 032

0

10

"Мало-Александров негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

5

21 032

0

11

"Минск орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

13

21 032

0

12

"Арайлым" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

40 759

3 жасқа дейін - 10 500
3 жастан 7 жасқа дейін - 12 000

13

"Ақбота" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

85

43 005

3 жасқа дейін - 10 500
3 жастан 7 жасқа дейін - 12 000

14

"Ақбота" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, санаторлық топтар

35

64 195

0

15

"№ 1 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

170

29 949

3 жасқа дейін - 10 500
3 жастан 7 жасқа дейін - 12 000

16

"№ 2 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

33 611

3 жасқа дейін - 10 500
3 жастан 7 жасқа дейін - 12 000

17

"№ 3 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

34 449

3 жасқа дейін - 10 500
3 жастан 7 жасқа дейін - 12 000

18

"Маша және Аю" жауапкершілік шектеулі серіктестігі

35

37 826

15 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады