Ақкөл ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 тамыздағы № С 60-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 тамызда № 8002 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақкөл ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Ақкөл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 12 тамыздағы № С 5-3 "Ақкөл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5511 тіркелген, 2016 жылғы 15 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) Ақкөл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 7 ақпандағы № С 52-1 "Ақкөл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 12 тамыздағы № С 5-3 "Ақкөл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7679 тіркелген, 2020 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған).

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
Ш.Бердимуратова
      Ақкөл аудандық
мәслихат хатшысы
Д.Салыбекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақкөл ауданының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады