Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 48/2 "2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 60/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 қыркүйекте № 8008 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, 111 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аршалы аудандық мәслихатының "2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 48/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7654 тіркелген, 2020 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 8 871 668,8 мың теңге, соның ішінде:

      салықтық түсімдер – 1 378 227,0 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 7 849,0 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 202 975,8 мың теңге;

      трансферттердің түсімдері – 7 282 617,0 мың теңге;

      2) шығындар – 9 007 247,8 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 121 903,6 мың теңге, соның ішінде:

      бюджеттік кредиттер – 167 481,6 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 45 578,0 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 39 331,0 мың теңге, соның ішінде:

      қаржы активтерін сатып алу – 39 331,0 мың теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 296 813,6 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 296 813,6 мың теңге.";

      барлық шешім мәтінінде және қосымшаларда "Жібек Жолы", "Сарыоба" сөздері "Жібек жолы", "Сараба" сөздерімен ауыстырылсын, "Сараба" сөзі орыс тілінде өзгертілмейді;

      көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы К.Устенбеков
      Аудандық мәслихаттың хатшысы К.Шедербеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аршалы ауданының әкімдігі

  Аршалы аудандық
мәслихатының
2020 жылғы "28" тамыздағы
№ 60/2 шешіміне
1 қосымша
  Аршалы аудандық
мәслихатының
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 48/2 шешіміне
1 қосымша

2020 жылға арналған аудандық бюджет

Санаты

Сома
мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы




Атауы

1

2

3

4

5




I. Кiрiстер

8871668,8

1



Салықтық түсімдер

1378227,0


01


Табыс салығы

28900,0



2

Жеке табыс салығы

28900,0


03


Әлеуметтік салық

400000,0



1

Әлеуметтік салық

400000,0


04


Меншiкке салынатын салықтар

888570,0



1

Мүлiкке салынатын салықтар

888570,0


05


Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар

55872,0



2

Акциздер

7554,0



3

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер

33910,0



4

Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар

14408,0


08


Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер

4885,0



1

Мемлекеттік баж

4885,0

2



Салықтық емес түсімдер

7849,0


01


Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

3507,0



5

Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

3452,0



7

Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар

55,0


04


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

1772,0



1

Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

1772,0


06


Басқа да салықтық емес түсiмдер

2570,0



1

Басқа да салықтық емес түсiмдер

2570,0

3



Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

202975,8


03


Жердi және материалдық емес активтердi сату

202975,8



1

Жерді сату

202975,8

4



Трансферттердің түсімдері

7282617,0


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

7282617,0



2

Облыстық бюджеттен түсетiн трансферттер

7282617,0


Функционалдық топ

Сома
мың тенге


Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі



Бағдарлама




Атауы




II. Шығындар

9007247,8

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

378869,0


112


Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты

24027,1



001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

24027,1


122


Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты

123562,6



001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

109847,7



003

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

13714,9


458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

177760,8



001

Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

17311,5



113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

160449,3


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

34466,2



001

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясаттын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

27255,2



003

Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу

932,0



010

Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу

792,0



028

Коммуналдық меншікке мүлікті сатып алу

1987,0



113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

3500,0


494


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

9304,8



001

Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

9304,8


805


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік сатып алу бөлімі

9747,5



001

Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

9747,5

02



Қорғаныс

29883,8


122


Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты

29883,8



005

Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар

7618,0



006

Аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою

15215,8



007

Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар

7050,0

03



Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

790,0


458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

790,0



021

Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету

790,0

04



Бiлiм беру

4814614,8


464


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі

4295652,8



001

Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

17248,8



003

Жалпы білім беру

3431331,3



004

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру

17431,0



005

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу

45424,0



006

Балаларға қосымша білім беру

81580,9



007

Аудандық (қалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткiзу

133,0



009

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

308901,1



015

Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынғы ақшалай қаражат төлемі

13936,7



040

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

308469,0



067

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

71197,0


465


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі

41332,0



017

Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру

41332,0


467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

477630,0



024

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

477630,0

06



Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

307818,4


451


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

305596,1



001

Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

25234,0



002

Жұмыспен қамту бағдарламасы

102417,1



005

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

64464,0



007

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

39811,0



010

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

716,0



011

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

748,0



014

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету

1595,0



017

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтерін ұсыну

11700,0



023

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету

38171,0



050

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту

7033,0



054

Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

3185,0



113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

10522,0


464


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі

2222,3



030

Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу

2222,3

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

579699,3


458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

54092,0



015

Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру

1500,0



027

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі газ жүйелерін қолдануды ұйымдастыру

3122,0



070

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеу

49470,0


467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

525607,3



003

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау

38610,0



004

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру

478997,3



058

Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту

8000,0

08



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

372227,6


455


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

315967,6



001

Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

9159,0



003

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

229379,6



006

Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi

63513,0



007

Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамыту

8916,0



113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

5000,0


456


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі

40912,6



001

Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

20847,6



002

Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер

10933,0



003

Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру

9132,0


465


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі

15247,4



001

Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

7531,4



006

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу

708,0



007

Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

7008,0


467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

100,0



011

Мәдениет объектілерін дамыту

100,0

09



Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

915719,6


458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

915719,6



026

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыру

149000,0



036

Газ тасымалдау жүйесін дамыту

766719,6

10



Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

57379,7


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

20938,0



099

Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру

20938,0


462


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі

16007,0



001

Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

16007,0


463


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі

15990,0



001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

15990,0


473


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлімі

4444,7



001

Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

3944,7



007

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру

500,0

11



Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

58256,8


467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

12366,9



001

Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

12366,9


468


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылысы бөлімі

45889,9



001

Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

9534,9



003

Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу

36355,0

12



Көлiк және коммуникация

77585,1


458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

77585,1



023

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

77585,1

13



Басқалар

1216449,5


458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

15000,0



062

"Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру

15000,0


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

30200,0



012

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві

30200,0


464


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі

35000,0



077

"Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру

35000,0


467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

1136249,5



071

Қалалардың шетіндегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

817294,0



079

"Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту

318955,5

14



Борышқа қызмет көрсету

55,0


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

55,0



021

Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету

55,0

15



Трансферттер

197899,2


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

197899,2



006

Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

8222,2



038

Субвенциялар

189677,0




IІІ. Таза бюджеттiк кредиттеу

121903,6




Бюджеттiк кредиттер

167481,6

10



Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

167481,6


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

167481,6



018

Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер

167481,6




Бюджеттік кредиттерді өтеу

45578,0

5



Бюджеттік кредиттерді өтеу

45578,0


01


Бюджеттік кредиттерді өтеу

45578,0



1

Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

45578,0




IV. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

39331,0




Қаржы активтерін сатып алу

39331,0

13



Басқалар

39331,0


458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

39331,0



065

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

39331,0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




V. Бюджет тапшылығы (профициті)

-296813,6




VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

296813,6




Қарыздар түсiмдерi

321631,7

7



Қарыздар түсiмдерi

321631,7


01


Мемлекеттік ішкі қарыздар

321631,7



2

Қарыз алу келiсiм - шарттары

321631,7




Қарыздарды өтеу

45578,0

16



Қарыздарды өтеу

45578,0


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

45578,0



005

Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу

45578,0




Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары

20759,9

 
  Аршалы аудандық
мәслихатының
2020 жылғы "28" тамыздағы
№ 60/2 шешіміне
2 қосымша
  Аршалы аудандық
мәслихатының
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 48/2 шешіміне
4 қосымша

2020 жылға арналған республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер

Атауы

Сома
мың теңге

1

2

Барлығы

1964885,7

Ағымдағы нысаналы трансферттер

686490,7

Оның ішінде:


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

150861,5

Мемлекеттік атаулы көмек төлеуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

57588,0

Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

6189,0

Техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдар тізбесін кеңейтуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

844,0

Республикалық бюджеттен еңбек нарығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

72149,5

Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

3185,0

Мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін қызметкерлердің жалақысына қосымша ақы белгілеуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

10906,0

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі

358556,2

Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының еңбекақысын ұлғайтуға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

59798,0

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтарының еңбекақысын ұлғайтуға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

245438,2

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтарына біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

53320,0

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

29148,0

Мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелерінің басқару және негізгі персоналына лауазымдық жалақыға қосымша ақы белгілеуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

29148,0

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

147925,0

"Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым іс-шараларын іске асыруға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

98455,0

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

49470,0

Дамуға арналған нысаналы трансферттер

1111382,0

Оның ішінде:


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

1111382,0

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (су құбыры желілерін) салу

114018,0

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (электрмен жабдықтау желісін) салу

351422,0

Ақмола облысы Аршалы ауданы Аршалы кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

229302,0

Ақмола облысы Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (көше - жол желісінің құрылысын) салу

416640,0

Бюджеттік кредиттер

167013,0

Оның ішінде:


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

167013,0

Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттердің сомаларын бөлу

167013,0

 
  Аршалы аудандық
мәслихатының
2020 жылғы "28" тамыздағы
№ 60/2 шешіміне
3 қосымша
  Аршалы аудандық
мәслихатының
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 48/2 шешіміне
5 қосымша

2020 жылға арналған облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер

Атауы

Сома
мың теңге

1

2

Барлығы

3331962,0

Ағымдағы нысаналы трансферттер

1349320,2

Оның ішінде:


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

45374,6

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

13665,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге қоныс аударушылар мен оралмандар үшін тұрғын үй жалдауға шығыстарды өтеу бойынша субсидияларға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

572,6

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

6876,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге халықты жұмыспен қамту орталықтарында әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

13961,0

Азаматтардың жекелеген санаттарының жол жүру жеңілдігін қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

10300,0

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі

1122175,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге мектептерде ІТ - сыныптарын ашуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

4850,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге 1-сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

18177,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп оқушыларын мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

11018,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге "Кәмелетке толмағандар арасында денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру және суицидтің алдын алу" бағдарламасын енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

2378,0

Облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне мектептерге компьютерлер сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

13248,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге робототехника кабинеттерін сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

3872,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің 42 күнтізбелік күннен ұзақтығы 56 күнге дейін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ұлғайтуға ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

7494,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында жұмысы үшін бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

891058,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге мектеп педагог - психологтарының лауазымдық жалақыларының мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

3219,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге жаратылыстану - математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде сабақ бергені үшін қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

3738,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге магистр дәрежесі бар мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

7000,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің сынып жетекшілігі үшін қосымша ақыны ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

14413,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру қызметкерлеріне дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін қосымша ақыны ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

6294,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

35000,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге ресурстық орталықтарды жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

5091,0

Білім беру объектілері үшін мектеп автобустарын сатып алуға облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

65325,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу

30000,0

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

7476,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге бюджеттің атқарылуын есепке алудың бірыңғай ақпараттық алаңын енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

3500,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне көтерме жәрдемақы мөлшерін ұлғатуға берілген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

3976,0

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылысы бөлімі

36355,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен бас жоспарды әзірлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

21771,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге Түрген ауылын дамыту және салу сызбасын әзірлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

8954,0

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге Ақбұлақ ауылын дамыту және салу сызбасын әзірлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

5630,0

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

137939,6

Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

15000,0

Жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындарға жылу беру маусымын аяқтауға облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

20000,0

Жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындарға жылу беру маусымына дайындауға аудандық облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

70000,0

Тасқынға қарсы іс-шараларды жүргізуге облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

20000,0

Ақмола облысы Аршалы ауданы Аршалы кентінде кентішілік жолдарды (6,1 км) асфальтбетонды жабумен орташа жөндеуге облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

10939,6

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жалтыркөл ауылындағы кентішілік жолдарды күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

1000,0

Ақмола облысы Аршалы ауданы Волгодонов ауылының кентішілік жолдарын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

1000,0

Дамуға арналған нысаналы трансферттер

1828023,1

Оның ішінде:


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

1022032,5

Аршалы ауданы Бабатай станциясындағы сумен жабдықтаудың тарату желілерін реконструкциялау, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтумен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу

8000,0

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (су құбыры желілерін) салу

58067,0

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (электрмен жабдықтау желісін) салу

68713,0

Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында 300 орындық мектеп салу

300000,0

Аршалы кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

89653,5

Жалтыркөл ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (электр беру желісі) салуға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізумен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу

7400,0

Жібек жолы ауылында (5,6,7,8 шағын аудан) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға (электр беру желісі) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізумен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу

9800,0

Жібек жолы ауылында (5,6,7,8 шағын аудан) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға (көше-жол желісі) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізумен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу

17500,0

Жібек жолы ауылында (5,6,7,8 шағын аудан) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға (су құбыры) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізумен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу

6800,0

Аршалы кентінде 45 пәтерлі тұрғын үй салуға мемлекеттік сараптамадан өтумен жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу

6500,0

Ақмола облысы Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (көше - жол желісінің құрылысын) салу

228569,0

Жалтыркөл ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (кварталішілік өткелдер) салуға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізумен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу

11500,0

Ақмола облысы Аршалы ауданының Жалтыркөл ауылында 300 орындық мектеп салу

177530,0

Аршалы кентінде 45 пәтерлі тұрғын үй салу

32000,0

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

805990,6

Аршалы кентінде газ құбырын және оның тармақталуын салу

206210,8

Жібек жолы ауылы, Жалтыркөл ауылында газ құбырын және оның тармақталуын салу

429179,9

Ижев ауылы, Шөптікөл станциясында газ құбырын және оның тармақталуын салу

42312,7

Ақмола облысы Аршалы ауданы Аршалы кентінде автоматты газ тарату станциясын салу

88956,2

Ақмола облысы Аршалы ауданы "Аршалы Су" ШЖҚ МКК жарғылық капиталын ұлғайту

39331,0

Жұмыспен қамту Жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік кредиттер

154618,7

оның ішінде:


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі

26866,0

Волгодонов ауылындағы Волгодонов орта мектебінің төбелерін, қабырғаларын және едендерін ағымдағы жөндеу

14560,0

Волгодонов ауылындағы Волгодонов орта мектебінің шатырларын ағымдағы жөндеу

12306,0

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

87667,6

Аршалы ауданының аудандық мәдениет үйін ағымдағы жөндеу

55070,0

Константинов ауылындағы Константинов ауылдық округінің ғимаратын ағымдағы жөндеу

11872,0

Михайлов ауылындағы Михайлов мәдениет үйін ағымдағы жөндеу

13328,0

Аршалы ауданы Арнасай ауылындағы Арнасай ауылдық мәдениет үйін ағымдағы жөндеу

7397,6

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

40085,1

Аршалы ауданы "Аршалы кентіндегі кіреберіс 0-1 шақырым" автомобиль жолын ағымдағы жөндеу

40085,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады