2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 34 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 ақпанда № 7676 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Астрахан ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Астрахан ауданының
әкімі
Н.Сеилов

  Астрахан ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "12" ақпандағы
№ 34 қаулысымен
бекітілген

2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымның түрі

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындарының орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)



мемлекет-тік

жеке меншік

мемлекет-тік

жеке меншік

мемлекет-тік

жеке меншік

1

Балабақша

220

111

30579

30579

11000

11000

2

Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

0

0

0

0

0

0

3

Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

279

0

8350

0

0

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады