Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 23.08.2024 № 8С-24-3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес, Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындалсын.
2. Астрахан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Астрахан аудандық мәслихатының "Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5545 тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;
2) Астрахан аудандық мәслихатының "Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-6 "Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 9 қарашадағы № 6С-44-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6878 тіркелген, 2018 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Бейсенбенов |
Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы | М.Қожахмет |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астрахан ауданының әкімдігі |
Астрахан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 6С-71-4 шешіміне қосымша |
Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Астрахан ауданында тұратындарға ұсынылады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган – "Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
3. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган қолданыстағы заңнамаларда белгіленген тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.
4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне 10 % (пайыз) мөлшерінде белгіленеді.
5. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстардың, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстардың және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді белгіленген көлем нормасынан артық тұтыну төлемдері жалпы негізде жүргізіледі. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы отыз шаршы метр болып қабылданады.
6. Жергілікті жылу берілетін қатты отынды пайдалануға өтемақылық нормалары алып жатқан көлеміне байланысты жылу беру маусымына отбасына (азаматқа) өтініш берген тоқсанда 5 (бес) тонна мөлшерінде белгіленеді. Көмірдің құны статистика органдарының деректеріне сәйкес өткен тоқсанда Астрахан ауданында қалыптасқан орташа бағанмен қабылдансын.
7. Электр энергиясының бір айлық шығын нормасы белгіленсін:
70 (жетпіс) килловатт бір адамға;
140 (бір жүз қырық) килловатт екі адамнан тұратын отбасына;
150 (бір жүз елу) килловатт үш және одан көп адамнан тұратын отбасына.
8. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтер өтемақысы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
9. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді.
10. Тұрғын үй көмегiн тағайындау ағымдағы тоқсанға толығымен жүргізіледі, ал отбасының (азаматтың) жиынтық табысы және коммуналдық қызметтер үшін өткен тоқсанның шығындары есептеледі.
11. Коммуналдық қызметтер бойынша шығындар жеткізушілердің коммуналдық қызметтер төлемдеріне ұсынған шоттары бойынша алынады.
12. Тұрғын үй көмегiн тағайындау тиiстi қаржы жылына арналған аудан бюджетiнде көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
4-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу
13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган келесі тәртіппен жүзеге асырады:
коммуналдық қызметтердің тұтыну өтемақысы коммуналдық қызметтердің жеткізушілеріне жүргізіледі;
телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға үшін өтемақы, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға өтемақы, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге өтемақы, отын (көмір) құнының шығыстарына өтемақы өтініш берушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.
Уәкілетті органға тұрғын үй көмегін артық немесе заңсыз тағайындауға әкеліп соққан көрінеу жалған мәліметтер ұсынылған кезде, меншік иесі (жалдаушы) заңсыз алған сомасын ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарады.