"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астрахан аудандық мәслихатының "Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 23 қазандағы № 6С-73-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8099 тіркелген, 2020 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
Ж.Дюсекеева |
Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Қожахмет |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астрахан ауданының әкімдігі |