Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 11.12.2020 № 6С-65/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бұланды аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Т.Садвакасов |
Бұланды аудандық мәслихат хатшысы |
Ш.Кусаинов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бұланды ауданының әкімдігі |
Бұланды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 ақпандағы № 6С-52/1 шешімімен бекітілген |
Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Осы Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Бұланды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Бұланды ауданының әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетін үлесi;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс – тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – "Бұланды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы қағидалар Бұланды ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.
4. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдар арқылы адамдардың (отбасылардың) шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.
7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 9 мамыр – Жеңіс күні;
3) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;
4) 1 қазан – Қарттар күні;
5) қазанның екінші жексенбісі – Мүгедектер күні.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының келесі тізбесі айқындалсын:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың өзге де санаттарына;
ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға;
барлық санаттағы мүгедектерге;
әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен);
табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
табысы күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға);
ауылдық мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға;
Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға;
Ауғанстан Демократиялық Республикасында әскери шаралар жүргізіліп жатқан кезде оқу-жаттығу жиындарына шақырылғандардың, әскери міндетті адамдарды қайтыс болғанда жерлеуге;
бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға).
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
10. Әлеуметтік көмек белгіленеді:
Жеңіс Күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың өзге де санаттарына;
Қарттар күніне:
ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға;
Мүгедектер күніне:
барлық санаттағы мүгедектерге;
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:
Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға;
Ауғанстан Демократиялық Республикасында әскери шаралар жүргізіліп жатқан кезде оқу-жаттығу жиындарына шақырылғандардың, әскери міндетті адамдарды қайтыс болғанда жерлеуге;
Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға).
Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
11. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған кезде өтініш бойынша жылына бір рет келесі санаттағы азаматтардың, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысына қарамастан көрсетіледі:
денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық аурумен ауыратын адамдарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Бұланды аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының тізімі негізінде туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға ем алуға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) зиян келтірілген жағдайда оқиға болғаннан кейін үш айдан кешіктірмей берген өтініштері бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстан Демократиялық Республикасында әскери шаралар жүргізіліп жатқан кезде оқу-жаттығу жиындарына шақырылғандардың, әскери міндетті адамдардың қайтыс болған жағдайда жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға жеңілдікпен жол жүруін қамтамасыз етуге тоқсан сайынғы көмек табыс мөлшерін қажет етпей (ағымдағы тоқсандық кестеге сәйкес маршруттық автобустардың жол жүру кестесі бойынша күніне 2 талон есебінен Макинск қаласының маршруттық автобустарында жол жүру талондары). Есепті айдан кейінгі 5-ші жұлдызынан кешіктірілмей қызмет көрсетушілердің шығындары ұсынылған қызмет көрсету актілеріне және жол жүру талондарына сәйкес төленеді.
12. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын жүз пайыз мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі:
сумен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, канализация, қоқыстарды жою үшін қызмет көрсетушілер ұсынған тізілімдерге сәйкес алушылардың шоттарына;
байланыс қызметтері (абоненттік төлемақы), газбен қамтамасыз ету үшін алушылардың жеке шоттарына;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің нақты тұратын жері бойынша алып отырған алаңына сәйкес жылу беру маусымы кезеңінде қатты отын және отын шығындары сатып алынған қатты отынның түбіртектеріне сәйкес алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы өтеледі.
Жеңілдік Ұлы Отан соғысына қатысушысы қолданған кезеңге дейін, бірге тұратын және тіркелген барлық отбасы мүшелеріне де әлеуметтік көмек көрсетіледі.
13. Ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге оқуын төлеуге арналған біржолғы көмек білім беру мекемесімен жасалған келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан берілген аңықтаманың және көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде жылына бір рет жылдық құнының жүз пайыздық мөлшерінде көрсетіледі.
14. Келесі санаттағы азаматтарға азаматтың (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі жан басына шаққандағы орташа табысын есепке ала отырып, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі:
аз қамтылған азаматтар (отбасылар).
15. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
16. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның немесе басқа да ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса Үлгілік қағидаларға сәйкес құжаттарды ұсынады.
18. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
19. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округ әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
20. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларға қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
21. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
22. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
23. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
24. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
25. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 21 және 22 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
26. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда-негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
27. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
28. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Бұланды ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
29. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Бұланды ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
30. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылуға жатады.
5. Қорытынды ереже
31. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Бұланды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 ақпандағы № 6С-52/1 шешіміне қосымша |
Бұланды аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4978 тіркелген, 2015 жылғы 02 қазанда "Бұланды таңы" және "Вести Бұланды жаршысы" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімі.
2. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3 "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың аларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 6С-2/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5302 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Бұланды Ақпарат" газетінде жарияланған) шешімі.
3. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3 "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 11 тамыздағы № 6С-5/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5517 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.
4. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3 "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" 2018 жылғы 20 наурыздағы № 6С-21/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6527 болып тіркелген, 2018 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
5. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3 "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 6С-35/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7062 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
6. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3 "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 26 маусымдағы № 6С-42/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7276 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.