Қазақстан Републикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бұланды ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары Б.Темірболатовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі | Т.Ерсеитов |
Бұланды ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № А-07/173 қаулысына қосымша |
Бұланды ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 500000 теңгеге дейін | таза кіріс сомасынан 3 пайыз |
Таза кіріс 1000000 теңгеге дейін | таза кіріс сомасынан 5 пайыз |