Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы Вознесенка ауылдық округі әкімінің 29.10.2020 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Бұланды ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 01-23/394 ұсынуы бойынша, Вознесенка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Бұланды ауданы Вознесенка ауылдық округінің Вознесенка ауылы аумағында карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Вознесенка ауылдық округінің әкімі |
Ю.Сироткина |