Бұланды ауданы Воробьевка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы Журавлевка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 қарашада № 8164 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Журавлевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұланды ауданы Воробьевка ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Ялань көшесі Сарыарқа көшесіне;

      2) Приозерная көшесі Жастар көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Журавлевка ауылдық округінің әкімі Т.Гильгенберг

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады