Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 6С-20/2-18 "Ерейментау ауданының аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн тiркелген салықтың бiрыңғай мөлшерлемелерін белгiлеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 6С-49/5-20 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 маусымда № 7871 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданының аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн тiркелген салықтың бiрыңғай мөлшерлемелерін белгiлеу туралы" 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 6С-20/2-18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6385 тіркелді, 2018 жылғы 19 ақпандағы Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық мәслихатының
сессия төрағасы
Ю.Адайкин
      Ерейментау аудандық мәслихатының
хатшысы
К.Махметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ерейментау ауданының әкімдігі
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Ерейментау ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады